32. Толассыз жүйедегі тасымалдау қондырғыларының электрлік

қозғалтқыштары, жүйедегі бір қондырғының тоқтап қалуы кезінде кедергі

үйінділердің пайда болуын және қондырғылардың тасымалданып жатқан

материалдармен толып қалуын болдырмау үшін реттегіш тетікпен

қамтамасыз етіледі.

33. Жобада қозғалтқыштарды іске қосқан кезде олардың қосылуынан

одан 3-5 секунд алдын-ала қосылатын дыбыс және жарық арқылы сақтық

белгісін беру құралдары және қозғалтқыштардың апаттық сөндіру

мүмкіншілігі ескеріледі. Барлық ленталық конвейерлер олардың ұзындығына

тәуелсіз, оның ұзындық бойының кез келген жерінен өшіріп тоқтату

құрылғылармен жабдықталады.

34. Транспортерлерді және пневмотранспорттық құрылғыларды жүк

тиеу арқылы іске қосу, олардың жағдайын тексергеннен кейін жүргізіледі.

Бөтен заттардың болмауын, зырылдауықтарының және редукторларының

майлануын, оларды жүксіз, бос іске қосып көру кезінде тексеріледі.

35. Тасымалданатын сусымалы (ұнтақ тәрізді) өнімдермен

құрылғылардың басылып немесе бітеліп қалуын болдырмас үшін,

транспортерлерге немесе пневмотранспорттарға апаттық тоқтату

құрылғылары орнатылады.

36. Транспортерлердің, норийлардың, өздігінен ағатын және

пневматикалық құбырлардың тасымалдануы кезінде қақпақтарының,

бөліктерінің тығыз жабылуы, шаң шығатын орындарының жабық түрде

сорғылармен тиімді қамтамасыз етілуі қадағаланады.

37. Химиялық жарылыс қауіпті өндірістердегі жалпылай жарықтандыру

химиялық ортаға бейімді, тоттануға төзімді қалыптары бар шамдармен,

ажыратқыштармен және штепсельдік қосқыштармен жүзеге асырылады.

38. Технологиялық жабдықтар мен сыйымдылық ыдыстары орнатылған

барлық өндіріс орындары, бақылау және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде

жарық беру үшін кернеуі 12 Вольттық, дербес шамдарға жалғанатын сымның

ұзындығы 10 м аспайды, жылжымалы шамдарға қосылу үшін қосқыштардың

қоректену желісі стационарлық трансформаторлардан алынады.

39. Трансформаторлар алғашқы және екінші қайтара кернеу беретін

сым орамдармен жабдықталады. Бұл мақсатқа автотрансформаторларды

қолдануға рұқсат етілмейді. Трансформаторлар алғашқы кернеу жағынан

және екінші қайтара кернеу беру жағынан да қорғалады.

40. Электрлі қорғағыш сүзгілерді және кернеуді жоғарылатқыш –

реттегіш аспаптарды пайдалану технологиялық регламентке сәйкес

жүргізіледі.

 

4 тарау. Технологиялық бөлім.

 

Технологиялық жабдықтар

41. Өндірістік агрегаттарды, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуші

қоршауларсыз, дыбысты немесе жарық белгілерін беру және бақылау - өлшеу

құралдарынсыз, бөлектеуіштерсіз пайдалануға жіберуге рұқсат етілмейді.

42. Барлық технологиялық аппараттарға, технологиялық сызбадағы

нөмірге сәйкес келетін нөмір ілінеді.

43. Егер өндіріс шарттарына сәйкес қондырғыларды жиі тоқтата

отырып, әрдайым бекітпелер орнатуға тура келетін болса (мысалы,

катализаторды ауысымда алмастыру және тағы басқалар), онда оларды

орнату жобамен анықталады, оларға еркін жол ашылып және жұмыс алаңы

бекітпелерді орнатуға немесе шешіп алуға ыңғайлы болады.

44. Бекітпелерді орнату немесе шешіп алу жұмыстары арнайы журналға

жазылып, қол қойылады. Барлық бекітпелер нөмірленіп, жұмыс қысымы

есептеледі. Нөмір және есептелген қысым, бекітпеге ұрылып жазылады.

45. Технологиялық жабдықтарды қарау, жөндеу және тазалау алдында

олардың электрлік сызбалары бойынша электр қабылдағыштарына тоқ беру

тоқтатылады. Қосқыш құрылғыларға «Қоспаңдар, адамдар жұмыс үстінде»

деген жазуы бар тақтайша ілінеді. Аппараттар мен резервуар ыдыстардың

ішіндегі жөндеу жұмыстарын технологиялық регламентке сәйкес екі

жұмыскер жүргізеді.

46. Жұмыс орнынан алыс қашықтықта орналасқан, температуралары

және қысымдары үнемі бақылауды талап ететін аппарат пен агрегаттар

температура мен қысым мәндері жұмыс орнында көрсетіліп тұратын

қашықтықтан басқару аспаптарымен жабдықталады.

47. Химиялық агрессивті ортада қолданылатын аппараттарды жасайтын

материалдар осы химиялық агрессивті ортаға төзімді болады. Аппараттардың

тоттануға қарсы қорғанышы жобаға сәйкес жүргізіледі.

48. Ішкі байқауды талап ететін аппараттар, ыдыстар және олардың

коммуникациялық жүйелері, жөндеудің алдында үрленіп, жуылып

тазартылады және буланады.