1 Фторды ионометрлік әдіспен анықтау

Әдістеменің мақсаты. Әдістің мәні: Әдістеме экстракциялық фосфор қышқылындағы фторды анықтауға арналған.

Әдіс тұз қышқылының сынамасын ыдыратып, ерітіндіде фторидті селективті электродты қолданып, фтордың концентрациясын тікелей өлшеуге негізделген. [21]

Талдауды жүргізу: 2,5–3 г экстракциялық фосфор қышқылын өлшейді, 250 см3 конус тәрізді колбаға салады, сумен жібітеді және 25 см3 тұз қышқылы ерітіндісін құяды. Колбаны кері мұздатқышы бар тығынмен жабады және 10 минут қайнатады. Қайнап болғаннан соң колбаны суытады, ішіндегісін сыйымдылығы 250 см3 өлшеуіш колбаға ауыстырады, белгісіне дейін су құяды және ерітіндіні араластырады (1 ерітінді).1 ерітіндіден пипеткамен 5 см3 алады, сыйымдылығы 50 см3 өлшеуіш колбаға салады, аралас индикатор немесе метилді қызыл–сары индикатор бойынша натрий гидроокисі ерітіндісімен солғын жасыл немесе сары түске дейін бейтараптайды, 25 см3 буфер ерітіндісін құяды, белгісіне дейін сумен жеткізеді, араластырады.Алынған ерітіндіні сыйымдылығы 50 немесе 10 см3 стаканға құяды, магнитті араластырғышқа орналастырады, электродтарды батырады және 1–5 минут араластырғаннан кейін, градуирленген график тұрғызғандағыдай потенциалды өлшейді. Фтордың концентрациясы 1 10 моль/дм3 кем болғанда, араластыруды 10–15 минутқа дейін ұзартады [21].

Фтордың массалық үлесін (Х) формуламен есептейді:

Мұндағы: с – фтордың молярлы концентрациясы, моль/дм3; 19 – фтордың эквивалентінің молярлы салмағы, г; н – сынаманың өлшендісінің салмағы, г; v – талданатын ерітіндінің көлемі, см3.