«Минералды тыңайтқыштар» «Казфасфат» ЖШС-нің Тараз филиалы немесе алғашқы атауы суперфосфат зауыты облыс бойынша алғашқы ірі кәсіпорын болып табылады.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе..............................................................................................................2

Минералды тыңайтқыштар зауытының тарихы...........................................2

1 Негізгі бөлім...................................................................................................4

1.1 Кәсіпорынның өндірістік құрылымы .......................................................4

1.2 Кәсіпорынның іс-әрекетіне сипаттама.....................................................8

1.2.1 Шығарылатын өнімнің сипаттамасы.....................................................9

1.2.2 Технологиялық процесс және сызбанұсқаның сипаттамасы.............11

2 Экстракциялық фосфор қышқылын өндіру............................................12

2.1 Экстракциялық фосфор қышқылын өндіру жолы және өнімге сипаттама..............................................................................................................13

2.1.1 Экстракциялық фосфор қышқылын дигидраттық әдіспен алу.........16

2.1.2 Экстракциялық фосфор қышқылының құрамындағы қоспалардың әсерін зерттеу.......................................................................................................22

3 Өндірістегі техника қауіпсіздігі.................................................................25

Қорытынды......................................................................................................31

Қолданылған әдебиеттер................................................................................32

 

 

Кіріспе

«Минералды тыңайтқыштар» «Казфасфат» ЖШС-нің Тараз филиалы немесе алғашқы атауы суперфосфат зауыты облыс бойынша алғашқы ірі кәсіпорын болып табылады.

1950 жылы, көмекші цехтары мен ғимараттары бар кешенімен бірге алғашқы цех пайдаланысқа енгізілді, ал 1951 жылдың наурыз айында – мұнара цехы салынды, соның нәтижесінде жан-жақтан күкірт қышқылының жеткізілуі тоқтатылды.

1955жылы суперфосфаттың түйіршіктелу бөлімі іске қосылды, 1956 жылы - байланыс күкірт қышқылын өндіру бойынша цехы.

1962ж Кеңесте алғаш рет зауытта апатит негізінде ұнтақ тәрізді аммофосты ала бастады, экстракция бөліміне (4 желілі сүзгіш, банкалық экстрактордың 4 желісі) жататын аммофос цехы құрылды және үш тозаңдатқыш кептіргіштері бар бөлім ашылды.

1965 жылы қаңтарда сульфокөмір цехы салынды және сульфокөмірдің жаңа өнім түрлері шығарыла бастады: суды жұмсарту үшін энергетиялық өндірісте қолданылатын катионит.

1966ж, 1972-1975 жылдары КОФ-1,2,3 цехына пайдаланысқа енгізілді. Әлемде алғаш рет, жаңа гидротермиялық әдіс бойынша фосшикізаттан - ауыл шаруашылық жануарларының жеміне қоспа ретінде қолданылатын Қаратау жемдік фторсыздандырылған фосфат алынды.

1973 жылы, төрт секциялы экстрактор, КВФ – 50 сүзгішінің каруселді вакуум және РКСГ түйіршіктегіш тозаңдатқыш кептіргіш қондырғысымен аммофос цехының қайта құрылуы жүзеге асырылды, ары қарай РГСГ жұмыс істеу принципі бойынша екі тозаңдатқыш кептіргіштер қайта құрылды.

1979-1980 жылдары, мұнаралық және байланыс әдістері бойынша моральды және табиғи тозғкан күкірт қышқылының өндірісі және суперфосфат цехы жабылды, және кешенді польшалық құрылғылар негізінде СК-31 байланыс күкірт қышқылының цехы іске қосылды.

1985 жылы ЭФК -1 бөлімінде моральды және табиғи тозған желілі сүзгіштер және КВФ-50 орнына, 2 КВФ-100 орнатылды.

1987жылдың желтоқсан айында, аммофос өндірісі цехының екінші кезегі пайдаланысқа берілді, оған екі төрт секциялы экстрактор, КВФ – 100 сүзгішінің 2 карусельді факуумы және БГС кептірнішінің 2 барабан түйіршіктегіштері жатады.

2001 жылы зауыт «Казфосфат» ЖШС құрамына енді.

Бұл уақытта филиалдың өндірістік алаңдарында консервация сатысындағы өндірістік цехтар болды: аммофос, жемдік фторсыздандырылған фосфаттар, сульфокөмір және көмекші заттар: энергиямен жабдықтау, электрмен жабдықтау, транспорт, автотранспорт.

Бүгінгі таңда, «Минералды тыңайтқыштар» «Казфасфат» ЖШС-нің ТФ қызметі - өндіріс қуатын кеңейтуге және шығарылатын өнімнің сапасын арттырумен ассортименті көбейтуге, сондай-ақ қалдығы аз өндірісті құруға, өндіріс қалдықтарын қайта өңдеуге бағытталған. Техникалық- экономикалық мүмкіндіктерді егжей-тегжей талдаудан соң даму бағдарламасы белгіленді [1].

Осы бағдарламаның мақсаты - ішкі және халықаралық нарықтардың сұранысын қанағаттандыру, өнім сапасын арттыру, өнімнің ассортименті кеңейту және өзіндік құнды төмендету.

Суперфосфаттың, аммофос өндірісінің құрылғылары негізінде нитроаммофостың жаңа технологиялары ендірілді.

2003жылы бес жылдық консервациядан кейін, жемдік фторсыздандырылған фосфаттарды өндіру бойынша цех пайдаланысқа ендірілді.

Цех құрылғыларының негізінде, нәрлі заттардың құрамын арттырумен жемдік фосфатты алудың жаңа технологиялары бойынша тәжірибелі-өндірістік сынақтар жасалынды.

Үш жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан, суперфосфатты алудың жаңа қалдықсыз технологиясына ұқсас технологиялар жоқ, осының арқасында зиянды заттардың атмосфераға шығарылу деңгейі төмендетілді.

Өндірістік процесті жетілдірумен шығарылатын өнімнің көлемі артып келеді. Сонымен, 164мың тонна/жылына аммофосты өндірудің жобалық қуатында, аммофос цехының жеткен қуаты - 210 мың/т аммофос және 80мың/т суперфосфат, 50мың/т нитроаммофосты құрайды. Сондықтан осы өнім жобалық құрылғыларды пайдаланумен паралельді өндіріледі.

Өндірістік стратегия қазіргі таңда, өндіріс қуатын кеңейтуге және шығарылатын өнім сапасын арттырумен өнім ассортиментін көбейтуге, қалдығы аз өндірісті құруға, өнім қалдықтарын қайта өңдеуге бағытталған

§ КВФ-50 екі карусельді сүзгіштердің қондырғысымен экстракциялық фосфор қышқылы бөлімдерінің қайта ұрылуы жүргізілді. Өндіріс қуаты 30 %-ға суде.

§ Фосфор қышқылының өндірісі - фосфогипсті құрғақ күйде алып тастауға ауыстырылды, бұл фосфогипс қалдықтарының пайда болуын 30 кг-ға қысқартуға мүмкіндік береді;

§ Суды ағымсыз пайдалану схемасы іске қосылды, бұл шламжинақтағыштың 3 картасын пайдалуды жоюға мүмкіндік берді;

§ Минералды тыңайтқыштарды алудың жаңа технологиялары дайындалуда, олардың тәжірибелік-өндірістік сынақтары жасалуда. Қазіргі таңда, өткізу нарығының маркетинингтік зерттеулеріне - арттырылған нәрлі заттардың теңдестірілген қатынасымен жоғарғы сортты жем фосфаттары ұсынылады. Аммоний сульфаты, қазіргі құрылғыларға байланыстырумен баяу әсер ететін тыңайтқыштардың нитроаммофосын алудың технологиялары дайындалған;

§ Инновациялық салалық бағдарламасына өндірістің (фосфогипс, құйрықтар, коттрельді шаң) қалыптасқан қалдықтарын өңдеу бойынша іс шаралар ендірілген;

§ Экстракциялық фосфорлы қышқыл негізінде арттырылған нәрлі заттар құрамымен тыңайтқыштарды алу мақсатында экстракциялық фосфор қышқылын тазарту бойынша зерттеулер жүргізіледі және термиялық фосфор қышқылының негізінде оның өндірісінің өзіндік құнын төмендету мақсатында ЖЖФЗ-да натрий үшполифосфат өндірісіне тарту;

§ Ұқсас технологиялары жоқ, қойылмаған пульпа негізінде суперфосфатты алу технологиялары дайындалды, меңгерілді 2 жыл бойы жұмыс істеуде, атмосфераға зиянды заттардың ұйымдастырылмаған шығарындыларын алып тастауға мүмкіндік береді.

Экстракциялық фосфор қышқылын өндіру келесі сатылардан тұрады:

1) реагенттерді процеске беру; 2) фосфатты шикізатты ыдыратумен экстракциялық қойыртпақ алу; 3) экстракциялық қойыртпақты сүзу, тұнбаны жуу; 4) фосфогипсті кептіру; 5) тасталынатын газдардан фторлы қосылыстарды абсорбциялау.

Фосфатты шикізатты ыдыратумен экстракциялық қойыртпақ алу: Фосфатты шикізатты ыдыратумен экстракциялық қойыртпақ алу экстракторларда жүргізіледі. Экстракциялық қойыртпақ – фосфор қышқылындағы кальций сульфатының суспензиясы.

Экстракцияның басында реакциялық массаның температурасын 72-750С аралығында ұстайды, ал соңында 65-680С болуы керек. 68-750С темперасының диапазоны аралығында кристалдардың өсуі және ықшамдалған құрылымдағы гипстің бөлінуі жүзеге асады. Үлкен көлемдегі қойыртпақтың циркуляциясы экстрактордағы ықшамдалған температуралық режимді ұстап тұрады.

 

 

Кәсіпорынның өндірістің құрылымы

 

«Минералды тыңайтқыштар» филиалының өндірістік құрылымына келесі құрылымдық бөлімшелер кіреді:

· Басқарма - атқаратын жұмыс көлемі мен сапасына қарай филиалдың бүкіл бөлімшелеріне жалпы басшылық жасайды;

· Азотты-фосфорлы тыңайтқыштар өндіру цехы - дайын аммофос, суперфо-фат, сульфоаммофос өнімдерін шығарады. Цех құрамына экстрациялау, кептіру, бейтараптандыру, шикізаттар (фосфат шикізатын, күкірт қышқылын, аммиак) дайындау, дайын өнімді өткеру бөлімшелері кіреді. Шамалы көлемде аккумулятор қышқылы мен аммиакты су өндіріледі. Өндірістік қалдық ретінде шығатын фосфогипс сатуға шығарылады.

· Азықтық фосфаттар өндіру цехы – азықтық қосымшалар үшкальцийфосфатын, кальцийнатрийфосфатын шығарады.

· Күкірт қышқылын өндіру цехы – күкірт қышқылын өндіретін күкірт қышқылы жүйесінің күрделі құрылысы аяқталып келеді; 2013 жылы іске қосылады деп жоспарлануда.

· Қуат күшімен жабдықтау цехы - бу беретін қазандықтарға, магистральды газ құбырының газреттегіш қондырғыларына, артұңғыма суымен қамтамасыз ету жүйесіне және кәріз жүйесіне күтімдік қызмет көрсетеді.

· Электр қуатымен жабдықтау цехы - телефон мен электр желілеріне, шағын стансалар мен электр қуатын филиалға жеткізетін трансформаторларға қарайлап, қызмет көрсетеді; электр құрал-жабдықтарына жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

· Жөндеу цехы - филиал цехтарында құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

· Өлшеп-бақылау аспаптары мен автоматты аппаратуралар цехы - өлшепбақылау аспаптары мен автоматика аппаратураларын, теміржолдық және автомашиналық таразыларды жөндеп,тексеру, монтаждау сияқты жұмыстар жүргізіп, күтімдік қызмет көрсетеді

· Техникалық бақылау бөлімі (ТББ), Сынақ жүргізуші өнеркәсіптік-санитарлық зертхана (СЖӨСЗ) - дайындалған өнімдердің өндірілу барысы мен сапасына, бөлінетін өндіріс заттектерімен қоршаған ортаның ластанбауына бақылау жасайды

· Шаруашылық-тұрмыс цехы - оған шайынатын су себізгілері бар тұрмыстық ғимараттар мен монша және кір жуатын комбинат қарайды.

· Орталық қойма - филиал қоймаларындағы тауарлық-материалдық заттарға есеп жүргізіп, олардың дұрыс сақталуын қамтамасыз етеді.

· Өндіріс қалдықтарын жинастырып, сақтайтын алаңқай - оның ауқымына шламжинағыштардың 4 картасы, 2 үстемелеп тұндыру байламасы, насос стансиясы, шламкөлігі, құрғақ фосфогипс сақтайтын алаңқай (үйінді) сиыстырылған.

· Санитарлық - қорғаныс аймағы - суару жүйесі бар, филиалдан бір шақырымдай қашықтықта орналасқан, айнала отырғызылған ағаш көшеттері.

 

Кәсіпорынның іс-әрекетіне сипаттама

 

БКТ барабанды кептіргіш-түйіршіктегіштерді қолданылатын аммофос өндірісі 1987 жылы іске қосылды.

1993-1995 жылдары өндірістің қайта құрылуы жүргізілді: аммофосты пульпаны буландыру түйіні құрастырылды және іске қосылды, ол құрамынды сіңірімділік Р2О5 46 % болатын түйіршіктелген аммофос өндірісінің қуаттылығын арттыруға мүмкіндік берді.

1996 жылы көлемі 200 м3 болатын сатуратордың іске қосылуымен сатурация түйіні кеңейтілді.

Қазіргі таңда түйіршіктелген аммофос өндірісі сатурациялау және буландыру, түйіршіктеу және кептіруден тұратын екі технологиялық желіден құралады. Оның құрамына келесі негізгі құрылғылар кіреді: үш сатуратор, екі буландыру аппараты, екі барабанды БТК барабанды түйіршіктегіш-кептіргіш, және дайын өнімді бөлу түйіні.

Түйішіктелген аммофосты өндіру әдісі экстракциялық фосфор қышқылын сұйық аммиакпен бакты сатураторларды бейтараптауға, аммонизирленген пульпаны буландырғыш аппараттарда буландырып, БТК барабанда түйіршіктегіш-кептіргіштерде кептіру мен түйіршіктеуге және дайын өнімді бөлуге негізделген.

Негізгі жобалаушы және технологиялық бөлімінің жобалаушысы – КазНИИГипрофосфор (ҚазҒЗИГипрофосфор), Шымкент қ. Жоба Проектхимзащита (Жобахимқорғау) институтымен жасалған, Ташкент қ.

2001 жылы аммофос цехының құрал-жабдықтарында суперфосфатты алу технологиясы жасалды.

Түйіршіктелген суперфосфатты өндіру әдісі суперфосфатты пульпаны аммиакпен бейтараптауға, аммонизирленген пульпаны буландырғыш аппараттарда буландырып, БТК барабанда түйіршіктегіш-кептіргіштерде кептіріп және түйіршіктеуге және дайын өнімді бөлуге негізделген.

Құрамында сіңірімділік Р2О5 19 % және 3 % азоты бар суперфосфаттың жобалық шығарылымы 17000 т/айына, 193800 т/жылына.

Аммофос цехының құрал-жабдығына қатысты суперфосфатты алу технологиясы ТФ «Қазфосфат» «Минералды тыңайтқыштар» ЖШС-да жасалған және тәжірибеде ұқсастары жоқ.

2002 жылы қалыптасқан нарық талаптарына сәйкес тұрақтандырылған тыңайтқыштарда азот : қоректендіргіш фосфор қатынасы 1:1-ден 1:2-ге дейін болатын, аммофос құрал-жабдығының негізінде алу технологиясы буландырылған аммофосты пульпаны аммиакты селитрамен келесідей аммонизациялап, БТК-те буландырып және кептіру әдісімен нитрофос алу технологиясы жасалды.

Құрамында сіңірімділік Р2О5 23 % және 23 % азоты бар суперфосфаттың жобалық шығарылымы 5000 т/айына, 57000 т/жылына.

Аммофос цехының құрал-жабдығына қатысты суперфосфатты алу технологиясы ТФ «Қазфосфат» «Минералды тыңайтқыштар» ЖШС-да жасалған және тәжірибеде ұқсастары жоқ.

Аммофос, суперфосфат, нитроаммофос өндірісі техника-экономикалық деңгейі бойынша бірінші категорияға жатады [5].

 

 

1.2.1 Шығарылатын өнімнің сипаттамасы

 

Дайын өнімнің техникалық атауы – түйіршіктелген аммофос.

Аммофос –қос-азотты фосфорлы тыңайтқыш, құрамында

диаммонийфосфат қоспалары бар моноаммонийфосфат, сондай-ақ, темір, алюминий, кальций, магний және т.б. қоспалар бар.

Түйіршіктелген аммофос сақтағанда жатып қалмайды, жанғыш емес, улы емес, суда жақсы ериді, жарылуға- және өртке қауіпсіз.

Нығыз даусыз төгілмелі салмағы 0,7-0,8т/м3, нығыздаумен 1,07-1,17 т/м3.

Қаратаудың қатардағы фосфориттері негізінде өндірілетін аммофос, өзінің физика-техникалық көрсеткіштері бойынша 1 кестеде көрсетілген нормаларға сәйкес келуі керек. 2кестеде соңғы шикізат, материалдар, жартылай дайын өнімдер және энергиялық ресурстардың сипаттамасы көрсетілген [8].

 

Кесте 1

Аммафостың ТУ649 ҚР 38777145 ПК-01-2000 бойынша физика-техникалық көрсеткіштері

 

Көрсеткіштердің атауы

Норма

Жоғарғы сорт І сорт ІІ сорт
1 Сіңірілетін фосфаттардың массалық үлесі, % 52±1 46±1 42±1
2 Жалпы азоттың массалық үлесі (N), % 12±1 10±1 10±1
3 Судың массалық үлесі, %көп емес 1 1 1
4 Гранулометриялық құрам 0,5 мм кіші, % көп емес 0,5-тен 4 мм-ге дейін, % көп емес 6 мм-ден кіші, %   5 90 100   5 90 100   5 90 100
5 Түйіршіктердің статикалық беріктігі, МПа (кгс/см2) көп емес 3,0 (30) 3,0 (30) 3,0 (30)
6 Төгілмелілігі, % 100 100 100
7 Табиғи радионуклидтердің меншікті белсенділігі, кБк/кг 2,8 2,8 2,8

 

 

Кесте 2

Соңғы шикізат, материалдар, жартылай дайын өнімдер және энергиялық ресурстардың сипаттамасы

 

№ 1 Шикізат, материалдар, жартылай дайын өнімдердің атаулары Мемлекеттік немесе салалық стандарт, техникалық шарттар, регламент немесе икізатты дайындадыңу әдістемесі Тексерілуге міндетті көрсеткіштер Рұқсат етілген ауытқушылықтары бар регламенттелген көрсеткіштер

1

2

Экстракциялық фосфор қышқылы

Аммофос цехында ЭФҚ технологиялық регламенті бойынша өндіріледі, ФС ҚР ОКПО 390838120142 1.0 - 2006

Р2О5-ке есептегенде H3PO4-тің массалық үлесі 18 %-тен кем емес
Тұнбаның массалық үлесі 2 %-дан көп емес
3 Аммиак МЕСТ 6221-90    
4 Табиғи газ МЕСТ 22667-82    
5 Сығылған ауа Энергиямен жабдықтау цехының ауасуменқамту бөлімшесінің тұрақты технологиялық регламенті Қысым МПа (кгс/см2) 0,4 (4) кем емес
6 Электрэнергиясы   Желідегі кернеу (кВт) 6
7 Өндірістік су Энергиямен жабдықтау цехының ауасуменқамту бөлімшесінің тұрақты технологиялық регламенті Қысым МПа (кгс/см2) 0,2-0,5 (2-5)

8

8

Өнеркәсіптік май

И-40 А

МЕСТ 20799-88

Механикалық қоспалардың болуы Болмауы
Судың болуы Іздері