EasyRecovery Pro бағдарламасы
Жойылған және зақымдалған файлдарды қалпына келтіруге арналған, кең таралған бағдарламаның бірі EasyRecovery Pro. EasyRecovery Pro бағдарламасымен жұмыс жасау және баптау қиын емес.
Сурет 5.1. EasyRecovery Pro бағдарламасының интерфейсі
Терезенің жоғарғы жағында 3 батырма орналасқан:
· EasyUpdate батырмасы бағдарламаның автоматты түрде жаңарту шеберін қарқындатады.
· Properties бағдарламаның қасиетін өзгертетін терезесін шақырады (Сурет 5.2.)
Сурет 5.2. EasyRecovery Pro бағдарламасының қасиеттер мәзірі
· Quick Launch батырмасы бағдарламаны іске қосу кезінде пайда болатын мәзір тармақтарын таңдау терезесін шақырады (Customize Launchbar).
Сурет 5.3. Customize Launchbar терезесі
Жойылған деректерді қалпына келтіретін бағдарламалар өте көп, мықтыларының бірі: FinalData, GetDataBack және т.б.
Зақымдалған Microsoft Word құжаттарын қалпына келтіру
Кейбір жағдайда, деректер белгісіз бір себептермен оқылмай не ашылмай қалады. Әсіресе Word құжаттарында жиі кездеседі. Ашылған жағдайда да мағынасы жоқ символдармен беріледі. Осы мәселені шешетін екі тәсіл бар
Бірінші тәсіл
· "Файл" (File) мәзіріне кіріп "Ашу" (Open) командасын таңдау керек. Экранға зақымдалған файлды таңдау үшін сұхбат терезе ашылады. Бірақ "Ашу" батырмасын басуға асықпау керек .
· "Ашу" батырмасының жанында үшбұрышты белгіні тінтуірмен шертеміз. Шерткен кезде командалар тізімі көрінеді (төмендегі «скриншот»-та бейнеленген):
Сурет 5.4. «Ашу» командасын пайдалану үлгісі
· Осы тізімдердің ішінен "Ашу және қалпына келтіру" командасын таңдаймыз. Егер құжаттың қарпі кириллица болса, онда "Файлды түрлендіру" сұхбат терезесі ашылады.
· Осы сәтте редактор қалпына келтірілетін файлдың кодировкасын таңдауын сұрайды. Еш нәрсені өзгертпей-ақ қоюға да болады, себебі Word үнсіздік келісім бойынша өзі керекті кодировкасын реттеп береді. Бірақ жүйеге қалыпқа келтірілетін файлдың кодировкасы белгісіз болса осы әдіспен берілген кұжат қалпына келмеуі де мүмкін.
· Егер кұжатта орыс не қазақ пернетақта символдары болмаса, онда "Өзгертулерін көрсету" сұхбат терезесінен өзгертілген тізімін көре аламыз.
Екінші тәсіл
Екінші тәсілі біріншісіне қарағанда нәтижелі болып саналады.
· "Файл" (File) мәзіріне кіріп "Ашу" (Open) командасын таңдаймыз. Экранда қайтадан зақымдалған файлды таңдау үшін сұхбат терезесі ашылады. Бірақ "Ашу" батырмасын басуға асықпау керек.
· Сұқбат терезесінің төменгі жағынан файлдың типін таңдауға болатын тізім пайда болады. Үнсіздік келісім бойынша "Барлық файлдар (*.*)" типі ерекшеленіп тұрады:
Сурет 5.5. Файл типін таңдау
· Осы тізімнің ішінен келесі типті таңдаймыз: "Мәтінді кез келген файлдан қалпына келтіру (*.*)". "Ашу" (Open) командасын таңдаймыз.
· Файл қалпына келтіріліп, ашылады. Бірақ безендірілуі мен кодировкасы өзгеше болғанмен құжатты оқуға келеді.
Бақылау сұрақтар
1. Қандай танымал антивирустік бағдарламалар бар?
2. Операциялық жүйенің алдын-ала профилактикасын жасау әрекеттері қандай?
3. «Трояндарды» және тыңшы бағдарламаларды жою жолдары?
4. Реестрді тазартатын бағдарламалар?
5. Деректерді мұрағаттау және қалпына келтіру қандай әдістермен іске асады?
6. Деректерді қалпына келтірудің басқа жолдары?
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер
1. Александриди Т.М. и др. Работа на микро-ЭВМ. - М.: Финансы и статистика, 1989.
2. Aнoкин И. А., Майстров Л.Е. История вычислительной техники. - М.: Наука, 1980.
3. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика: оқу құралы, Астана, 2004,232б.
4. Балапанов Е., Бөрібаев Б., Сейнасинов Б. Информатика терминдерінің түсіндірме сөздігі, А, 2000.
5. Богумирский Б. С. Руководство пользователя ПЭВМ. Часть 1. Санкт-Петербург: Печатный Двор, 1994.
6. Брусенцов Н П. Микрокомпьютеры. - М.: Наука, 1985.
7. Василевский А. М., Кропоткин М.А.. Тихонов В. В, Оптическая электроника. -Л.: Энергоатомиздат, 1993.
8. Васильев Б.М., Частиков А.П. Микропроцессоры (история, применение, технология) //Информатика и образование. - 1993. -N 5. -С. 71-83.
9. Ватаманюк А.И. Видеосамоучитель. Апгрейд, ремонт и обслуживание компьютера (+CD).- СПб.: Питер, 2008. -240 с.: ил.
10. Гершензон Е. М., Полянина Г. Д., Соина Н. В. Радиотехника. - М.: Просвещение, 1989.
11. Глушаков С.В. Секреты хакера: защита и атака / С.В. Глушаков, М.И. Бабенко, Н.С. Тесленко. – изд. 2-е, доп. и перераб. – М.: АСТ, 2008. – 544 с.