Компьютерді мұрағаттау және қалпына келтіру.

Компьютердің барлық деректерін мұрағаттау және операциялық жүйені қайта қалпына келтіру мүмкіндігі Windows Vista/7-де табылады. Бұл жағдай қосымша сақтау жабдығын талап етсе де, жұмыс істеу қасиетін жүз пайыз қалыптастыруына мүмкіндік береді.

Компьютерді мұрағаттау механизмі қарапайым. Бағдарлама тек қана файл құжаттарын ғана емес, сонымен қатар дискі бөліміндегі деректерді де мұрағаттайды. Бұл ақпаратты түпнұсқасымен қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді.

Ең алдымен Басқару панелін таңдап, Мұрағаттау және қайта құру орталық элементін іске қосамыз.

Әрі қарай Компьютерді мұрағаттау батырмасын басамыз. Бұдан кейін бағдарлама деректерді сақтау үшін тиімді құрылғыны іздей бастайды. Іздестіру аяқталғаннан кейін, құрған мұрағатты сақтауға арналған құрылғыны таңдау терезесі ашылады. Қалыпты жағдайда қатқыл дискі немесе DVD диск-жетегін таңдауға болады.

Қатқыл дискіде сақтауға орын жетпесе, арнайы ескерту пайда болады. Бұл ескерту көбінесе ақпараттық түрде келеді. Себебі, мұрағаттың нақты көлемін білу мүмкін емес. Сондықтан, мұндай хабарламаға көңіл бөлмеуге де болады. Бірақ тәуекелге бармай, сақтайтын басқа орын іздеген жөнді шешім болар еді, мысалы, DVD жинақтағышқа.

Кейін, мұрағатқа сақтауға қажет дискілердің қасына кішкене жалаушалар қою қажет. Автоматты түрде жүйелік дискі белгіленіп тұрады. Себебі ол бұл жағдайда ең маңызды рөл атқарады. Өз талғамыңызға қарай басқа бөлімдерді де кірістіруге болады, бірақ бұл жағдай мұрағаттау бөлімінің және мөлшерінің көп болуына алып келеді де, DVD жинақтағышты көп қолдануыңызға тура келеді.

Келесі терезеде бағдарлама мұрағаттауға қанша дискі бөлімі қатысатыны және қаншамасы керек екендігі туралы ақпарат береді. Жалғастыру үшін Мұрағаттау батырмасын басу керек. Егерде артқа оралу қажет болса, терезенің сол жақ жоғарғы жағында орналасқан сілтеуішті қолданамыз.

Мұрағаттау батырмасын басқаннан кейін, бағдарлама өз жұмысын бастайды. Қысқа уақыт өткеннен кейін, таза DVD-жинақтағышты салуды талап етеді. Осындай хабарлама бірнеше рет пайда болуы мүмкін. Бұл құрылған мұрағаттың мөлшеріне және DVD-жинақтағыш мөлшеріне байланысты.

Егер Компьютерді қайта қалыптастыру батырмасын бассақ, компьютерді бір батырманы басумен қалпына келтіру мүмкін емес екендігі туралы хабарламаны көреміз. Бұл үшін, ең алдымен компьютерді қайта қосып, мәзірде орналасқан компьютерді қалыптастыру параметріндегі нұсқауларды орындау керек.

Сонымен қатар, жүйе компьютерді қалыптастыру кезінде дискілердің қайта форматталатынын ескертеді. Сондықтан мұрағатты компьютерді мұрағаттау механизмі арқылы құрғанда, сақтап үлгермеген файлды сақтау жағдайын ойлау қажет.

Нұсқау арқылы операциялық жүйені қайта қосқанда F8 пернесін басып, ұстап тұру қажет. Бұл мәзірдің пайда болуына әкеледі, ал одан қосымша қайта қосу нұсқауын, содан кейін, Жүйені қайта құру тармағын таңдау қажет.

Егерде бұл нұсқау қиындық тудырса, басқа өндеушілердің өнімдерін қолдануға болады. Мысалы: Acronis True Image арқылы қайта қалыптастыруды біршама жеңілдетуге болады.

 

Қалпына келтіру нүктесін құру.

Қалпына келтіру нүктесі, өз ішінде жұмысшы реестрдің және қатқыл дискідегі кейбір файлдардың көшірмесін құрайды. Ол автоматты түрде немесе қолданушының өз бетімен де орындалуы мүмкін.

Ең алдымен Басқару панелін ашып, Мұрағаттау және қалпына келтіру орталық элементін іске қосамыз. Кейін терезенің сол жағынан Қалпына келтіру нүктесін құру және параметрді баптау сілтемесін таңдаймыз.

Нәтижесінде, параметрлер орналасқан қалпына келтіру нүктесін құру және одан жүйені қалпына келтіретін Жүйені қорғау активті қосымшасы бар терезе ашылады.

4.5. Деректерді қалпына келтіру

 

Қолданушының файлдарды байқамай жоюы, техниканың істен шығуы немесе қаскүнемнің мәліметтерді қасақана ісімен бұзуы жағдайларында қажетті ақпараттар жойылып кетуі мүмкін. Осы тарауда, кең танымал жойылған ақпараттарды қалпына келтіру бағдарламалардың жұмысы көрсетіледі. Бірақ жойылған ақпаратты кез келген бағдарламамен қалпына келтіру барысында, аттас файлдардың болмауы және қайта құрылмауы қажет. Егер Windows ортасында қолданушы кез келген қалтада аттас файлдарды сақтай алса, қатқыл дискінің образында тек соңғы сәтте өзгертілген файл сақталады.