Файлдарды мұрағаттау және қайта қалпына келтіру.

Бұл механизмнің көмегімен операциялық жүйедегі автоматты түрде мұрағаттауды қайта қалпына келтіреді. Бұл әрекет, болашақта керек жағдайда файлдарды қайта жаңғыртуға көмектеседі.

Ең алдымен шебер терезесінде соңғы мұрағатталған, оның жиілігін және орналасқан орнын көруге болады. Егер ондай ақпарат болса, бұл құраушы автоматты түрде орнатылғаны. Бүкіл параметрлері көңілімізден шықса, жоспардан тыс мәліметтерді мұрағаттау үшін, жәй ғана файлды мұрағаттау батырмасын басамыз. Ал егер мұрағаттау параметрін өзгертетін болсақ, параметрді өзгерту жүйесін қолдану қажет.

Осыдан кейін, жүйе болашақ мұрағатты сақтау үшін қажетті құрылғыны іздеуге кіріседі және құрылған мұрағатты сақтау үшін орын таңдауға мүмкіндік ашылады. Таңдауға қатқыл дискі, DVD диск-жетегі және компьютердің жергілікті желісі беріледі. Құрылғыны таңдағаннан кейін, Келесі батырмасын таңдаймыз.

Сақталынатын файлдың көлеміне байланысты, сақтау орнын таңдағанда, құрылған мұрағатты сыйғыза алатын құрылғыны таңдау керек. Содан кейін, файлды мұрағаттауды жүргізетін дискінің бөлімін таңдауға болатын терезе пайда болады. Автоматты түрде жүйелік дискі таңдалғандықтан, басқа бөлімдерді қоса аламыз. Әрі қарай жалғастыру үшін, Келесі батырмасын басамыз.

Содан соң, файлдың сақталу түрлері ұсынылады. Қолданушы таңдауына төменде файлдың сегіз тобы көрсетілген:

· Кескін. Көрсетілген бөлімдердің барлық қалталарында орналасқан кескіндерді қамтиды.

· Музыка. Белгілі форматтағы барлық музыка файлын қамтиды.

· Бейне. Белгілі форматтағы барлық бейнефайлдан құрылған.

· Электрондық пошта. Бұл топқа барлық Windows поштасының клиенттері, сонымен қатар адрестік кітапшалары жатады.

· Құжаттар. Бұл топқа құрылған құжаттардың барлығы жатады. Бұған мәтіндік және кесте редактор құжаттары, PDF құжаттары және т.б. жатады.

· Телехабар. Құрылған немесе Windows Media Center-ден алынған спецификалық құжаттар тобын құрайды.

· Мұрағатталған файлдар. Белгілі кеңейтілімді мұрағатты файлдар жатады.

· Қосымша файлдар.

Сонымен бірге жүйе мұрағаттау тек қатқыл дискінің NTFS-бөлімімен жасалынатынын ескертеді. Керекті топты таңдау үшін жәй ғана белгіні қойып, келесі батырмасын таңдаймыз.

Осыдан кейін, тек мұрағатты құру мерзімін көрсету ғана қалады. Бұл жерде тек жиілігін (күнделікті, ай және апта сайын) көрсетіп, мұрағатты құру күні мен уақытын таңдау қажет. Бұл әрекет баптаудың соңғы бөлімі, бұдан кейін мұрағаттау үрдісі міндетті түрде іске қосылады. Оны қосу үшін, параметрді сақтау және мұрағаттауды бастау батырмасы басылады.

Нәтижесінде мұрағаттау үрдісін бақылай алатын терезе пайда болады. Мұрағаттау үрдісінің ұзақтығы сақталынатын файлдың көлеміне байланысты. Егер көлемі үлкен болса ұзақ уақыт алуы мүмкін. Қандай жағдай болса да, файлды мұрағаттауды керек кезінде тоқтата аламыз, ол үшін жай ғана Мұрағаттауды тоқтату батырмасын басу жеткілікті.

Мұрағаттаудың тоқтатылғанын арнайы терезенің пайда болуынан білуге болады. Оны жабу үшін қажетті батырманы басамыз. Сонымен бірге экранда арнайы қалқымалы анықтама пайда болады.

Осымен файлды мұрағаттауды құру үрдісі аяқталды. Қажет болған жағдайда, мәліметтерді қайта құруды жеңілдету үшін, арнайы ақпарат басты терезеде пайда болады.

Операциялық жүйенің істен шығуынан, қолданушының қателігінен немесе компьютерге кірген вирустың салдарынан маңызды деректер жойылуы мүмкін. Бұл жағдайда файлды қайлпына келтіру әрекеті қолданылады. Ал бұл үшін автоматты түрде құрылған файлдың мұрағаттық көшірмесі қажет болады. Өте қолайлы жағдай, егер автоматты мұрағаттауды күнделікті жүргізсе, маңызды ақпараттың жойылуын минимумға апаруға болады.