Жоғары вольтты сүзбенің ақауы
Егер жоғары вольтты түзеткішті тексеру еш нәтиже бермесе, келесі қадам жоғары вольтты сүзбені тексеру. Бұған лүпілді кернеуден тиімді сүзбе шығаратын, жиыны бірнеше үлкен көлемді электролитикалық конденсатор кіреді. Дәл осы конденсаторлар қоректену блогының істен шығуына себепкер болады.
Электролиттік конденсаторлар тек нақты кернеуге арналған және нақты сыйымдылықта болады. Егер де оған тым жоғары кернеу түссе не кебу салдарынан сыйымдылығын жойса не электролит ағып кетсе, мұндай жағдайда конденсатор істен шығады.
Конденсатор өзінің сыйымдылығын қоректену блогы қалыпты түрде салқындамаса, яғни жоғары температура салдарынан да істен шығады.
Желдеткіштің олқылықтары
Процессор не қоректену блогының ішкі құрылысы болсын, оларды салқындату үшін желдеткіш және кулер қызмет атқарады. Егер желдеткіш зақымдалса әлде мүлдем айналмаса, жоғары температура болуына әкеп соқтырады.
Егер қоректену блогында желдеткіш жұмыс істемесе, компьютер қайтадан жүктеледі немесе тұрып қалады.
Бақылау сұрақтар
1. Дербес компьютердiң қорабы қандай элементтерден тұрады?
2. Қораптың түрлерін ата?
3. Desktop қандай қорап?
4. Процессор, ядро жиілігі дегеніміз не?
5. Процессордың разрядтығын қалай түсіндіруге болады?
6. Аппараттық блоктардың жұмысын жылдамдату мақсатында қандай әдістер қолданылады?
7. Интерфейс дегеніміз не?
8. Жүйелік тақшаның қызметі не?
9. Тақшаның негізгі құраушысы болып не табылады?
10. Ағытпалар не үшін қажет?
11. Процессорлық ұя қалай қызмет атқарады?
12. Жедел жады дегеніміз не?