3.9-сурет. Қатқыл дискі құрылымының схемасы

 

Қозғалтқыштың айналу жылдамдығынан басқа, қатқыл дискі ақпараттарға ену интерфейсімен, көлемімен, ақпараттарға ену уақытымен, ақпараттарды оқу және жазу жылдамдығымен және тағы басқаларымен ерекшеленеді. Қатқыл дискіні таңдау кезінде ең бірінші оның интерфейсіне, көлеміне және ақпараттарды оқу/жазу жылдамдығына назар аудару керек.

Қазіргі таңда қатқыл дискі интерфейсінің үш негізгі түрі бар.

IDE . Интерфейстің ең бірінші түрі, өзінің қарапайымдылығымен, арзандығымен және тиімділігімен кең қолданыс алды. IDE-контроллері тікелей қатқыл дискіге орналасады, ол қосымша тақтаны кеңейтуді қажет етуден құтқарады. Сонымен қатар, IDE-контроллер жүйелік тақшада да болады.

Оның пайда болғанынан бері қатқыл дискі контроллері мен жүйелік тақша арасындағы ақпарат алмасу ережелерін және жылдамдығын бейнелейтін көптеген стандарттар жасап шығарылды. Қазіргі таңда ақпараттарды теориялық жылдамдықпен 133Мбайт/с көшіруге мүмкіндік беретін Ultra ATA/133 қызметтік функциясы кең қолданысқа ие болды.

IDE құрылғылары жұмыс компьютерінде көп қолданылады. Серверларда мұндай қатқыл дискілер бірнеше себептерге байланысты сирек орнатылады.

Интерфейс ақпараттардың бір шлейфіне қосылған құрылғылардың бір уақытта жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді.

Мысалы, егер DVD диск-жетек және қатқыл диск бір IDE каналына қосылған болса, ол кезде файлдарды компакт–дискіден қатқыл дискіге көшіру екі есеге көбейеді (контроллер алдыңғы операцияны аяқталмайынша, қандай да бір құрылғылар ақпарат алмасуды бастай алмайды).

 

3.10-сурет. ATA(IDE) қатқыл дискіні қосу

3.11-сурет. 2 қатқыл дискілерді қосу тәсілі

 

 

Бұл операцияны жағымсыз құбылыс байқалған жағдайда тез аяқтау мүмкін емес. Мысалы, егер DVD диск-жетегі зақымдалған дискіні оқығысы келсе, онда HDD бұл уақытта қол жетімсіз болады, бұдан кейін жүйе тұрып қалғандай көрінеді.

Төрт құрылғыдан артық қосуға болмайды (тиімді жұмыс оның екеуімен ғана мүмкін). Жалғыз жолы – қосымша IDE контроллерін орнату немесе үлкен мөлшерде IDE ағытпалы жүйелік тақшаны алу.

IDE-құрылғысын қосу үшін 80-желілік шлейф қолданылады. Ережеге сәйкес, жүйелік тақшаның екі стационарлық IDE-ағытпасы болады (қымбат модельдерде – төртеу).

Serial ATA. Бұл интерфейстің түрі қазіргі таңда ең көп қолданылады, ақпараттармен жұмыс барысында жоғары жылдамыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді, керек жағдайда RAID-массивін құруға мүмкіндік береді. Ол IDE-интерфейсін әрі қарай орнату барысында пайда болды. Онымен жұмыс 1999 жылы басталды және ақпараттарды 150 Мбайт/с дейінгі жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік беретін спецификация құрылуымен аяқталды. Кейіннен жіберу қабілеті екі есеге жоғары тағы бір спецификация пайда болды. Қазіргі уақытта жылдамдық көрсеткіші 600 Мбайт/с дейін Serial ATA-3 қызметтік функциясы жасалып жатыр.

Қатқыл дискінің физикалық дискідегі ақпаратты оқу жылдамдығы теориялық мүмкіндіктен әлі алыс, сондықтан да қатқыл дискінің магниттік дискідегі ақпаратты физикалық оқу жылдамдығы ұлғайтылмайынша, интерфейс қызметтік функциясынаың алдағы “теориялық” дамуы маңызды бола алмайды.

Қазіргі таңдағы жүйелік тақшаның мөлшері екіден кем емес SATA қатқыл дискіге қосылу үшін ағытпалыр бар.

 

3.12-сурет. SATA қатқыл дискіні қосу

 

SCSI. Ол әрқашан IDE-интерфейсімен қатар дамыды және басынан-ақ серверлерге арналды. Жаңа SCSI контроллері 320 Мбайт/с жылдамдықта ақпараттар жібере алады, аналогтық IDE құрылғыларына қарағанда жоғары. Сонымен қатар, SCSI интерфейсі төмендегідей артықшылықтарға ие:

· Процессорға жүктеуі аз;

· Деректерді жіберу жылдамдығы жоғары;

· Құрылғылармен бір уақытта жұмыс жасау мүмкіндігі, олар қайда орналасса да және қалай қосылып тұрса да;

· Кабель ұзындығы 3-6 м;

· Сыртқы құрылғыларды қолдану мүмкіндігі;

· Көп мөлшердегі құрылғыларды (15-ке дейін) қолдану, IDE-ға қарағанда, сонымен қатар бірнеше SCSI-контроллерлерін орнатуға болады (әдетте төрттен көп емес).

· Барлық SCSI құрылғылары үшін бір ғана үзілім жеткілікті.

· Сенімділік пен жылдам қызмет етуді көбейту үшін кэштеу, RAID технологиясын және Hot Swap-ты қолдану мүмкіндігі. Соңғы кезде аналогтық IDE-контроллерлері де пайда болды, бірақ олар SCSI-ға қарағанда әлсіздеу.

Барлық артықшылықтарына қарамастан SCSI қымбат интерфейс. Сонымен қатар SCSI қатқыл дискіні қолдану үшін SCSI контроллері қажет ол да арзан тұрмайды.

Дискінің қанша ақпарат сақтай алатыны оның көлеміне байланысты. Критикалық (жұмыс) ақпараттар көп орын алмайды (бұл серверлерге қатысты емес). Көбінесе қатқыл дискі мультимедиалық ақпараттарға толы болады (аудиожинақтар, бейнефильмдер, графикалық көріністер). Қазіргі таңда үй компьютері дискінің оптимальдық көлемі 200-300 Гбайтты құрайды.

 

3.13-сурет. ATA/SATA интерфейсінің кабельдері