3.3-сурет. Жүйелік тақшаның артқы тақтасы
Жүйелік логика.
Жүйелік логика (чипсет) – тақшаның негізгі құраушысы, ол оның жұмыс жасауына, сонымен қатар барлық компьютердің жұмыс жасауына жауап береді. Ол кішкене мөлшерге ие және әдетте бірнеше микросхемалардан тұрады.
Ережеге сай, чипсет «көпірлік» архитектурасын ұсынады, яғни екі көпірден тұрады - солтүстік және оңтүстік, олардың әрбіреуі үшін өзінің бөлек микросхемасы жауап береді (немесе бірнеше микросхемалар).
Ағытпалар
Олар шлейфтерді және қоректену баусымдарын қосу үшін қажет, мысалы, желдеткіштерді. Түрлеріне және қолдануларына байланысты олардың әртүрлі формалары болады. Жүйелік тақшада желдеткіштерге, IDE немесе SCSI және т.б. құрылғыларға, сонымен қатар жүйелік тақшаның қоректенуіне арналған ағытпалар болады (3.4-сурет).
Процессорлық ұя.
Процессорлық ұя немесе слот (сокет), орталық процессорды жүйелік тақшаға орналастыруға және өткізгіш топтың механикалық қосылуы үшін қызмет етеді.
Процессор сокетінің үлгісінің тәуелділігіне әр түрі интерфейстер бола алады.
Жүйелік тақшаны жаңғыртуға келіп тірелгенде, барлығынан бұрын оның келесі «тағдырын» ойластыру қажет. Бұрын мұндай сұрақтар туындамаған еді, себебі процессорлардың көбі дерлі жүйелік тақшаға орналасқандығына орай компьютер жеткілікті түрде жеңіл жаңғыртылады.
Қазіргі уақытта жаңа процессор шыққан кезде әрбір сериясы өзінен соң жаңа интерфейс процессорлық слотымен тарап жатқандықтан, жүйелік тақшаның сәтсіз таңдалуы процессордың жаңғыруы кей кезде жүйелік тақшаның да жаңғыруын талап етуге әкеліп соқтыруы мүмкін. Міне, сондықтан ескі жүйелік тақшаны жаңартпас және жаңасына иелік етпес бұрын, осы немесе басқа процессорды ұяшығына орналастыра алатындығы жөнінде алдын-ала процессормен танысып алған жөн.
PCI–слотқа кез келген құрылғы қондырылады (3.4–сурет), ескі модельдегі бейнекарталарды да қосуға болады, бірақ мұндай құрылғыларды саттықтан табу мүмкін емес.
Слоттың санының көбеюі әр түрлі болуы мүмкін, біріншіден ол жүйелік тақшаның форм-факторынан және оның қажеттілігіне байланысты.
Егер жүйелік тақшаны жаңғырту жағынан қарайтын болсақ, онда ең алдымен слотардың бірнеше түрі бар тақшаны табу қажет. Слоттың қызметтік функциясының соңғы болуын міндетті түрде қадағалап отырған жөн, себебі оларды қолдану кезінде оған орналасқан тақшаның ең жоғарғы жұмыс жылдамдығына жетуге мүмкіндік беру керек.
Сонымен қатар, SATA, желі кабельдерін қосу, дыбыстық карталары үшін, индикация құрылғылары порттарына арналған ағытпалар бар. Жүйелік тақша және оны қолдануына байланысты ағытпалардың мөлшерлері әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, серверлік жүйелік тақшалар, офистік компьютерлеріне қарағанда IDE-, SATA-, SCSI- немесе USB-ағытпаларының көп мөлшерінен тұрады.
3.4-сурет. Белгілі типке жататын жүйелік тақшаның ағытпалары