Компьютер іске қосылмайды.
1. Компьютердің артқы тақтасындағы және монитордағы ажыратқыштың іске қосылғанын тексеру.
2. Монитор және компьютердің қоректендіргіш кабельдерінің қосылғанын тексеру.
Компьютерді іске қосқанда жүйелік блокпен монитордың индикаторы жанады, бірақ мониторда бейне жоқ. Жүктеу процессінде компьютер қысқа дыбысты сигнал береді.
1. Монитордың жарықтылығы мен айқындылығын тексеру.
2. Монитордың сигналдық кабелінің қосылғанын тексеру.
POST-тестісін өткізу кезінде компьютер қателікті көрсетеді
1. Егер қате аумалы болса, <Ғ1> пернесін басып, жүктемені жалғастыра аласыз.
2. Егер құрылғыларды анықтау кезінде қате болса (Memory test failed, FDD test failed, қатқыл дискі немесе СD-RОМ анықталмайды), <DEL> пернесін басқанда, СMOS Setup Utility бағдарламасы іске қосылады. Конфигурациялық тараулары бар басты мәзір пайда болады. Керекті тарауды меңзерді басқару пернесімен және Enter пернесін басу арқылы тандай аламыз. Меңзер мәзірдің әртүрлі пунктеріне жылжыған сайын экран астында көмек хабар пайда болады. Бұл қолданушыға компьютердің әр функциясын дұрыс түсінуін жеңілдетеді. Содан кейін қолданушыға конфигурацияның параметрлерін өзгертуге болатын таңдап алынған тармақтың мәзірі пайда болады.
3. LAOD SETUP DEFAULTS тарауын таңдап алып, алғашқы орнатуды жүргіземіз. Осы функцияны қолдану үшін оны басты мәзірде белгілеп <Enter> пернесін басу қажет. Экранда орнату туралы хабар пайда болады. <Ү> пернесін басып, содан соң <Enter> пернесін басамыз.