2.2. Дыбыстық сигналдар
2.1-кесте
AwardBIOS дыбыстық сигналдарының комбинациялары
| Дыбыстық сигналдар | Ақау | Ұсыныстар |
| Бір қысқа | POST-тың дұрыс аяқталуы. | Операциялық жүйенің жүктелуін күтіп, жұмысты штаттық режимде жалғастыру керек. |
| 1 сигнал және бос экран | Бейнекарта ақауы. | Бейнекарта мен слот арасындағы байланысты тексеру керек. |
| 1 ұзын + 1 қысқа | Жедел жадының ақауы. | Жедел жадыны орнату кезінде майысқан жерлердің жоқтығына көз жеткізу керек. Жады модулін басқа слотқа орнатып көру керек. |
| 1 ұзын + 2 қысқа | Бейнекарта ақауы немесе монитор қосылған жоқ. | Әдетте, мұндай қателік, монитор кабелінің қосылмай тұрғанын білдіреді. Егер монитор қосылып тұрса, бейнекартадағы слот байланысын тексеру. |
| 1 ұзын + 3 қысқа | Пернетақта ақауы. | Пернетақта ұяшығындағы байланысты тексеру. Егер Num Lock пернесін басқанда индикатор жанбаса, онда оның істен шыққаны. |
| 1 ұзын + көп қысқа | BIOS миркосхемасының ақауы. | Миркосхеманың байланыс алаңындағы байланысты тексеру. |
| 2 қысқа | CMOS параметрлері өзгерген немесе маңызды емес қателік. | Аккумулятор батареясын ауыстыру керек. |
| 3 ұзын | Жүйелік тақшаның ақауы. | Жүйелік тақшадағы ақауларды тексеріп қарау. Нақты қатені анықтау үшін POST картаны қолдану. |
| Бірқалыпты ұзын | Жадының ақауы. | Жедел жадының ілмегін тексеру. Жүйелік тақша құжаттамасынан жадының типтерін анықтау. |
| Бірқалыпты қысқа | Қоректену блогының ақауы. | Желдеткіштің істеп тұрғанын тексеру. Кейбір жинақтауыштарды айыру арқылы жүктемені азайту. |
2.2-кесте
AMIBIOS дыбыстық сигналдарының комбинациялары
| Дыбыстық сигналдар | Ақау | Ұсыныстар |
| Бір қысқа | POST- тың жақсы аяқталуы. | Операциялық жүйенің жүктелуін күтіп, жұмысты штаттық режимде жалғастыру. |
| Екі қысқа | Жедел жадының ақауы. | BIOS Setup-тан жұптық тексеруін айыру. |
| Үш қысқа | Жедел жадының алғашқы 64 кбайт тестілеудің қателігі. | Жедел жадының үдеуі. Жады таймингттардың мағынасын ұлғайту. |
| Төрт қысқа | Жүйелік таймердің қателігі. | Компьютерді қайта жүктеу. |
| Бес қысқа | Орталық процессордың ақауы. | Процессорды ұяшығынан алып және оны кері қою. Егер де тестілеудің қатесі қайталанса, процессорды ауыстыру. |
| Алты қысқа | Пернетақта немесе пернетақта контроллерінің ақауы. | Пернетақта ұяшығындағы байланысты тексеру. Ұяшықтан контроллер чипі шығып кетуі мүмкін. Пернетақтаның қақпағын ашып, чипті суырып алып, қайта қою. Егер Num Lock пернесін басқанда индикатор жанбаса, онда пернетақтаның істен шыққаны. |
| Жеті қысқа | Жүйелік тақша ақауы (виртуалды режим қатесі). | Жүйелік тақшаны ауыстыру. |
| Сегіз қысқа | Бейнекарта немесе бейнежады ақауы, ол дұрыс қосылмаған, әлде жүйелік тақшамен сәйкес келмейді. | Бейнекартаның слотындағы байланысты тексеру. |
| Тоғыз қысқа | BIOS қатесі, әлде BIOS микросхемасының зақымдануы. Бақылау сомасы қате. | Микросхеманың байланыс ұяшығындағы байланысты тексеру. Егер байланыс жақсы болса, BIOS-ты қайта тігуді қарап көруге болады. |
| Он қысқа | BIOS қатесі, BIOS- тағы мәліметтер жаңармайды. | BIOS-тағы микросхема зақымдалған болуы мүмкін немесе бір бөлігі қондырғыдан шығып кеткен. Бұл қате критикалық емес, компьютерде жұмыс жасауды жалғастыруға болады. |
| Он бір қысқа | Жүйелік тақша ақауы, кэш–жады микросхемасы зақымдалған. | Жүйелік тақшаны ауыстыру. |
| Бір ұзын + үш қысқа | Жедел жады қателігі, жады модулі дұрыс орнатылмаған немесе жүйелік тақша бұл тип жадысын қабылдамайды. | Модульдегі ілмекті тексеру. Жүйелік тақшаға арналған құжатты оқу және қабылдайтын жады типін анықтау. |
| Бір ұзын + көп қысқа | Бейнекартаны тексеру кезіндегі қателік, дұрыс қосылмаған немесе жүйелік тақшамен сәйкес келмейді. | Бейнекарта слотының байланысын тексеру. Слоттың жұмыс қабілетін тексеру үшін, басқа бейнекарта орнатып көру. |
2.3-кесте
Phoenix BIOS дыбыстық сигналдарының комбинациялары
| Дыбыстық сигналдар | Ақау | Ұсыныстар |
| Бір қысқа | POST жұмысының дұрыс аяқталуы | Операциялық жүйенің жүктелуін күту және компьютерде штаттық режимде жұмысты жалғастыру |
| Екі қысқа | Жедел жады тестісінің қатесі. | Жедел жадының орнатылуы кезінде қиылыс жоқ екенін тексеру. Жады модулін басқа слотқа орнатып көру. |
| Үш қысқа | ||
| Төрт қысқа | Жүйелік тақша ақауы (жүйелік таймердің қателігі). | Компьютерді қайтадан жүктеу. Егер ақаулық жойылмаса, жүйелік тақшаны ауыстыру. |
| Бес қысқа | Процессордың ақауы болуы мүмкін. | Жүйелік тақшаны ауыстыру. |
| Алты қысқа | Пернетақта немесе пернетақта контроллерінің ақауы. | Пернетақта ұяшығындағы байланысты тексеру. |
| Жеті қысқа | Жүйелік тақша ақауы (виртуалды режим қатесі). | Жүйелік тақшаны ауыстыру. |
| Сегіз қысқа | Бейнекарта немесе картадағы бейнежады ақауы, карта дұрыс қосылмаған немесе жүйелік тақшаға сәйкес келмейді. | Бейнекарта слотындағы байланысты тексеру. Бейнекарта процессорындағы желдеткішті тексеру. |
| Тоғыз қысқа | BIOS-тағы қате немесе BIOS микросхемасы зақымданған. | Микросхеманың ұяшығындағы байланысты тексеру. Егер ақау реттелмесе, оны ауыстыру. |
| Он қысқа | BIOS-тағы қате, BIOS-тағы мәліметтер жаңартылмайды. | BIOS микросхемасы зақымдалған немесе ұяшықтан шығып кеткен. Ұяшықтағы байланысты тексеру. Бұл қате критикалық емес, компьютерде жұмысты жалғастыруға болады. |
| Он бір қысқа | Жүйелік тақша ақауы, кэш- жадының микросхемасы зақымдануы мүмкін. | Жүйелік тақшаны ауыстыру. |
| 1 ұзын + 3 қысқа | Жедел жады қателігі, оның дұрыс орнатылмағанынан немесе жүйелік тақша мұндай жады типін қабылдамауынан болуы мүмкін. | Жедел жадының ілмегін тексеру. Жүйелік тақшаға арналған құжатты оқып, жадының қолданатын түрін білу. |
| 1 ұзын + көп қысқа | Бейнекартаның тексеру кезіндегі қателігі, оның дұрыс қосылмауынан немесе жүйелік тақшамен сәйкес келмеуінен. | Бейнекарта слотындағы байланысты тексеру. Бейнекарта процессорындағы желдеткішті тексеру. |
2.3. Мәтіндік сигналдар
2.4-кесте
AwardBIOS мәтіндік сигналдардың мағынасын ашу
| Мәтіндік хабарлама | Ақаулар | Ұсыныстар |
| CMOS battery has failed | CMOS жадысымен қоректенетін, аккумулятор батареясындағы ақау. | Аккумулятор батареясын жаңасына ауыстыру. |
| CMOS checksum error | BIOS тағы мәліметтердің қорытынды қосындысы дұрыс емес. Мәліметтер бұзылған. | Аккумулятор батареясын тексеру. BIOS Setup-тан мәліметтерді қайта сақтау. |
| Disk boot failure, insert system disk and press enter | Операциялық жүйенің қате жүктелуі. Жүктегіш дискі табылмады. | Қатқыл дискідегі негізгі жүктеме жазбасы бұзылған (МВR). Жүйелік дискетамен немесе жүйелік дискімен жүктелу. Жүйелік файлдарды және МВR-ды қалпына келтіру және орнату. |
| Diskette driver or types mismatch error-run setup | BIOS мәліметтерімен компьютерге орналастырылған диск-жетектерінің модель арасындағы байланыс сәйкес емес. | BIOS Setup-қа еніп, диск-жетектерге дұрыс параметрлерді енгізу. |
| Display switch is set incorrectly | Бейне параметрлері мен монитордың арасындағы байланыс сәйкес емес. | BIOS Setup-қа еніп, (EGA\VGA) бейненің дұрыс параметрлерін орнату. |
| Display type has changed since last boot | Соңғы жүктеу уақытынан бастап монитор типі BIOS-тағы жазбамен сәйкес келмеді. | |
| ELSA configuration checksum error | ELSA бақылау қосындысы қате. | ELSA Сonfiguration Utility –ды қосу. |
| ELSA configuration is not complete | ELSA туралы ақпарат толық емес. | ELSA Сonfiguration Utility –ды қосу. |
| Error encountered initializing hard drive | Қатқыл дискідегі инициализациялау қателігі. | Қоректену қосқышының ұяшықтарының байланысы мен интерфейстік баусымын тексеру. |
| Error encountered initializing hard drive controller | Қатқыл дискі контроллерінің инициализациялау қателігі. | BIOS Setup-тан қатқыл дискінің параметрлерін тексеру. Егер ол анықталмаса, қатқыл дискідегі маңдайшаны тексеру. |
| Floppy drive controller error or no controller present | Иілгіш дискі контроллерінің инициализациялау қателігі. | Қоректену қосқышының ұяшықтарының байланысы мен интерфейстік баусымын тексеру; BIOS Setup параметрлерін тексеру. |
| Invalid EISA configuration | ELSA туралы ақпарат толық емес. | ELSA Сonfiguration Utility –ды қосу. |
| Keyboard error or no keyboard present | Пернетақтаның инициализацилау қателігі немесе пернетақта қосылмаған. | Қосу ұяшығының байланысын тексеру. |
| Memory address error at XXXX | XXXX адрес бойынша жедел жадының қателігі. | Жады модулін ауыстыру. |
| Memory parity error at XXXX | Жедел жады жұптығының қателігі. | Жады модулін жаңасына ауыстыру немесе BIOS Setup –та жады жұптығын айыру. |
| Memory size has changer since last boot | BIOS -тағы жедел жады өлшемінің берілгендері ағымдағы орнатылған жадыға сәйкес келмейді. | ELSA Сonfiguration Utility –ды қосу. |
| Memory virify error at XXXX | XXXX адрес бойынша жедел жадыны тестілеу қателігі. | Жады модулін ауыстыру. |
| Offending address not found | Жедел жады контроллерінің қателігі. | Жүйелік тақшаны ауыстыру. |
| Offending segment | Жедел жады контроллерінің қателігі. | Жүйелік тақшаны ауыстыру. |
| Press a key to reboot | Компьютерді қайта жүктеуін талап ететін қателік пайда болды. | Кез келген пернені басыңыз. |
| Press F1 to disable NMI, F2 to reboot | Жасырынды үзілім қателігі. | Компьютерді қайта жүктеу үшін F2 пернесін басу. |
| Ram parity error- checking for segment | Жедел жады жұптығының қателігі. | Жады модулін жаңасына ауыстыру немесе BIOS Setup –та жады жұптығын айыру. |
| Should be empty but EISA board found | BIOS-та идентификаторы жоқ кеңейту картасы табылды. | ELSA Сonfiguration Utility –ды қосу.
|
| Should have EISA board but not found | Орнатылған карталардың біреуі бөлінген идентификатор сұранысына жауап бермейді. | |
| Slot not empty | Бос және толық слоттардағы мәліметтер ағымдағы бөлінген слоттармен сәйкес келмейді | |
| Wrong board in slot | Идентификаторы дұрыс емес карта табылды. | |
| System halted,(CTRL-ALT-DEL) to reboot | Жүйе «тұрып қалды», қайта жүктеу керек. | Компьютерді қайта жүктеу. |
2.5-кесте
AMIBIOS мәтіндік сигналдардың мағынасын ашу
| Мәтіндік хабарлама | Ақау | Ұсыныстар |
| CH-2Timer Error | Жүйелік таймердің қатесі. | Компьютерді қайта жүктеу. |
| INTR#1Error | Тексеру кезіндегі бірінші каналдың үзілім қателігі. | IRQ 0-IRQ 7 үзілімдердің жұмыс жасайтын құрылғылардың біреуінің ақауы болуы мүмкін. |
| INTR#2Error | Тексеру кезіндегі екінші каналдың үзілім қателігі. | IRQ8-IRQ15 үзілімдердің жұмыс жасайтын құрылғылардың біреуінің ақауы болуы мүмкін. |
| CMOS Battery State Low | CMOS жадын қоректендіретін аккумуляторлық батареяның ақауы. | Батареяны ауыстыру. |
| CMOS Checksum Failure | CMOS жадының бақылау сомасы қате. | Аккумулятор батареясын тексеру. BIOS Setup-қа кіріп, мәліметтерді қайта сақтау. |
| CMOS Memory Size Mismatch | CMOS жадының мөлшері тиісті жадынан айырмашылығы. | |
| CMOS System Options Not Set | CMOS жадының мәліметтерінен қатенің табылуы. | |
| EISA CMOS in operational | CMOS жадыға мәліметтерді жазу не оқу мүмкін емес. | Аккумулятор батареясын тексеру. |
| Display Switch Not Proper | Монитордың типі дұрыс көрсетілмеген. | BIOS Setup-қа кіріп, монитордің дұрыс типін көрсетіңіз. |
| Keyboard is locked | Пернетақта бұғатталған. | Пернетақтаны босату. |
| K/B interface error | Пернетақта инициализациялау қателігі. | Қосылу ұяшығы байланысын тексеру. |
| FDD controller failure | Диск-жетекті инициализациялау қателігі. | Қоректену мен мәліметтер баусымдарының байланыстарын тексеру. |
| HDD controller failure | Қатқыл дискіні инициализациялау қателігі. | |
| Expansion board not ready at slot X | Слоттағы тақша кеңейтілуін табу қателігі. | Кеңейтілу слоттардың байланыстарын тексеру. |
| CMOS Time and Date not set | Күні мен уақыты белгіленбеген. | BIOS Setup-ты іске қосып, ағымдағы күні мен уақытты көрсету. |
| Cache memory bad, do not enable cache | Кэш -жады қатесі. | Кеш –жады зақымдалуы мүмкін. Ең алдымен жүйені қайтадан жүктеп көру. Егер көмектеспесе, BIOS Setup-тағы кэш–жадыны айыру немесе ауыстыру. |
| 8042 Gate-A20 error | Пернетақта контроллерінің қатесі. | 8042 микросхемасын ауыстыру. |
| Address Line Short | Жедел жады адрестеуінің қатесі. | Компьютерді өшіріп, қайта қосу. Егер көмектеспесе, жедел жадының модулін ауыстыру. |
| DMA#1 error | DMA бірінші каналының ақауы. | Қате сыртқы құрылғылардың бірінде болуы мүмкін. |
| DMA error | DMA контроллерінің ақауы. | |
| On board parity error | Жұптық бақылау қателігі. | |
| Off board parity error | ||
| Parity error | ||
| Memory parity error at XXXX | XXXX адресі бойынша жедел жады жұптығының қатесі. | жады жұптығын айыру немесе жады модулін ауыстыру. |
| Memory mismatch, run Setup | Жедел жады қателігі. | Компьютерді өшіріп, 30 секундттан соң қосу. Егер қателік қайталанса жады модулін ауыстыру. |
| I/O card parity error at XXXX | Жұптық бақылау қателігі. | Қате сыртқы құрылғылардың бірінде болуы мүмкін. |
| DMA bus time –out | Құрылғы ұзақ уақыт сұранысқа жауап бермейді. | Қате кеңейтілу тақшаларының бірінде. |
| No ROM Basic | Жүктеу жүйесінің табылмауы | Жүктеу құрылғыларын және онда орнатылған операциялық жүйенің бар екенін тексеру. |
| Diskette boot failure | Дискетадан жүктеу мүмкін емес. | Дискета жүйелі болу керек, олай болмаса ауыстыру. |
| Invalid boot diskette | Жүктеу дискетасының форматы қате. | Жүйелік дискетаны орнату. |
| C: Drive Error | C: дискісіне қатынау қателігі. | BIOS Setup-тағы қатқыл дискінің анықтауышының дұрыстығын тексеру. |
| D: Drive Error | D: дискіге қатынау қателігі. | |
| C: Drive Failure | C: дискінің жұмыс жасамауы. | Дискі зақымдалған болуы мүмкін. Оны қайтадан форматтау. |
2.6-кесте
Phoenix BIOS мәтіндік сигналдардың мағынасын ашу
| Мәтіндік хабарлама | Ақау | Ұсыныс |
| System Battery is dead- Replace and run SETUP | Аккумулятор батареясы зақымданған. | Батареяны ауыстыру. |
| System CMOS checksum bad – run SETUP | CMOS бақылау сомасы қате. | Аккумулятор батареясын тексеру. BIOS Setup –қа кіріп, мәліметтерді қайтадан сақтау. |
| Invalid NVRAM media type | CMOS жадысына қатынау қателігі табылды. | Аккумулятор батареясын тексеру. BIOS Setup –қа кіріп, мәліметтерді қайтадан сақтау. |
| System RAM Failed at offset: nnnn | Жедел жадының алғашқы 64 кбайт тестілеудің қателігі. | Жады модулін ауыстыру.
|
| Shadow RAM Failed at offset: nnnn | Көлеңкеленген жедел жадының алғашқы 64 кбайт тестілеудің қателігі. | |
| Extended RAM Failed at offset: nnnn | nnnn адресінде кеңейтілген жадыны тексеру қателігі. | |
| Failing Bits | Жедел жадыны тексеру қателігі. | Компьютерді сөндіріп, 30 секундттан кейін қосу. Егер қателік қайталанса, модуль жадысын ауыстыру. |
| System timer error | Жүйелік таймердің қателігі. | Жүйелік тақшаны жөндеу қажет. |
| System cache error- cache disabled | Кэш-жады қателігі. | Кэш-жады зақымдалған. BIOS Setup-тағы кэш-жадыны айыру немесе жаңасына ауыстыру. |
| Real- time clock error | Нақты уақытты тексеру кезіндегі қателік. | Жүйелік тақшаны жөндеу қажет. |
| Parity check 1 | Жүйелік тақшадағы жүйелік шинаның қателігі. | |
| Parity check 2 | Енгізу- шығару шинасының нақты қателігі. | |
| Monitor type does not match CMOS –Run Setup | Орнатылған монитор типі CMOS-тағы монитор туралы мәліметтермен сәйкес келмейді. | BIOS Setup –қа кіріп, монитордың дұрыс типін орнату. |
| Fixed Disk Failure | Қатқыл дискідегі қате. | Қоректену және интерфейс баусымдарының ұяшықтарындағы байланысын, BIOS Setup-тағы орнатуды тексеру. |
| Fixed Disk Controller Failure | Қатқыл дискі контроллерінің қателігі. | BIOS Setup –тағы орнатуды тексеру. |
| Keyboard controller error | Пернетақта контроллерінің инициализациялау қателігі. | Пернетақта ұяшығындағы қосылу байланысын тексеру. |
| Keyboard error | Пернетақта жұмысында қателік. | |
| Keyboard error: nn | Пернетақтада «жабысқан» пернелердің болуы, перне тақта коды nn. | Ақауды пернетақта ұяшықтарын спиртпен тазалау арқылы жою. |
| Keyboard locked- unlock key switch | Пернетақта бұғатталған. | Пернетақтаны босату. |
| Incorrect drive A type – run SETUP | BIOS-та диск-жетек типінің сәйкес келмеуі. | BIOS Setup –қа кіріп, диск-жетегінің дұрыс типін орнату. |
| Diskette drive A error | Диск-жетекті тестілеу қателігі. | |
| Operation system not found | Жүктеу жазуының табылмауы. | Дискет немесе дискі жүйелік екеніне көз жеткізу. |
| Press F1 to resume, F2 to setup | Кез келген критикалық емес қателік. | Қатені өткізіп жіберу үшін F1 пернесін басу. BIOS Setup –қа кіру үшін F2 пернесін басу. |
2.4. Ақаулықтарды іздеу және жоюдың негізгі бағыттары
