Сәуледиодтық принтерлер
Сәуледиодтық принтерлер лазерлік принтерді толықтай қайталайды, тек айырмашылығы, бір лазер емес, бірнеше жарық диодтары бар сызғыш қолданылады. Мұндай технология, өз кезегiнде, баспаның жылдамдығын жоғарылатып және принтердiң өлшемiн кiшiрейтуге мүмкiндiк бередi.
5.2.2 Плоттер
Плоттер - бұл үлкен принтер. Плоттерлер планшетті және рулонды болады. Оларды көбіне жобалау істері үшін, дизайнерлер қызметі үшін пайдаланады. Плоттермен мәтіндерді шығаруға болмайды.
5.6-сурет. Плоттер
5.3 Ақпаратты сақтау құрылғысы
Стриммер - ақпаратты сақтау құрылғысы. Ол магниттік таспада мәлімет жинақтауыш болып саналады. Цифрлық таспалық магнитофонда сыртқы қауіпті әсерлерден қорғалатын арнайы таспалық катридждерде қолданылады. Стриммердің басты ерекшелігі- үлкен көлемдегі құнды ақпараттар мен бағдарламаларды жылдам, әрі сенімді сақтайды, сондықтан баспаларда, банкілерде, ғылыми мекемелерде резервті архивтер ретінде пайдаланады. Сыйымдылығы 40Мбайттан 1,3 Гбайтқа дейін жетеді.
Дискілердің жоғарыда аталған түрлері кеңінен қолданылады. Тек қолданыстан иілгіш (флоппи) дискілерді USB дискілер ығыстырып шығара бастады.
5.4 Акустикалық дыбыс зорайтқыш
Дыбыстық ақпараттарды шығару құрылғысы. Кейде оның құлаққа киетін түрі де кездеседі. Аудиториялық дыбыс зорайтқыш үлкен аудиторияларда пайдалануға жақсы, ал құлаққа киетін дыбыс шығарғыштар жеке пайдалануға арналған. Оларды дыбыс зорайту сипаттамасына қарап таңдайды.
5.7-сурет. Дыбыс зорайтқыш
5.5 Байланыс құралдары
Желілік контроллер оны басқа компьютерлерден ақпарат алмасу және жергілікті немесе корпоративті желі аумағында жұмыс істеу үшін қызмет етеді.
Модемдер (МОдулятор+ДЕМодулятор) алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы. Мұндағы байланыс арналары деп кабельдік, радиожиіліктік және сымдық байланыстар түсініледі. Байланыс арналарының типіне қарай қабылдау-жіктеу құрылғыларын радиомодемдер, кабельдік модемдер және т.б деп бөледі. Компьютерден модемдерге түскен ақпарат сандық модуляциялық жолмен түрленіп (фазасы, амплитудасы, жиілігі бойынша), телефон желісіне бағытталады.
Модем және компьютердiң аралығында ақпарат алмасу, тек цифрлік деңгейі бойынша, модемдер аралығында ақпарат алмасу аналогты және цифрлік бағыт арқылы iске аса алады.
Модем процессор, жады, модемді телефон желiсімен қосып тұратын аналогты бөлiктен және барлығын басқаратын бейімдеуіштен тұрады.
Ақпарат алмасу 300-3400 Гц жиiлiктерiнiң аралығында (аналогты немесе цифрлық) телефон желісі бойынша жүреді. Аналогты сигнал нақтылы жиiлiкпен оның сипаттамасын өлшеп, нақтылы алгоритм бойынша цифрлық ақпаратқа өзгертіліп жазылады.
Модемдерді екi түрге бөлуге болады: iшкi және сыртқы. Ішкi модем бейімдеуіш арқылы PCI-слотқа қондырылады. Сыртқы модем - қажетті кіру және шығу жиынтығы арқылы телефон желісі мен компьютер арасындағы ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін дайын шешім құрылғы.