4.3 Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары

 

Компьютердің сыртқы құрылғылары оның жүйелік блогына қосылып, көмекші қызмет атқарады.

Сыртқы құрылғылар әр түрлі, олар бірқатар белгілері бойынша төмендегідей түрлерге бөлуге болады:

§ мәліметтерді енгізу құрылғылары;

§ мәліметтерді шығару құрылғылары;

§ мәліметтерді сақтау құрылғылары;

§ пайдаланушының сұхбаттасу құрылғылары;

§ байланыс және телекоммуникация құралдары.

Енгізу-шығару құрылғылары. Бұл құрылғылардың көмегімен компьютерге өнделетін ақпарат енгізіледі, сондай-ақ, машинадан оның жұмысының аралық және ақырғы нәтижелері адам түсінетін түрде шығарылады.

Магниттік дискілер мен лазерлік дискілерге қосымша мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларына стриммерлер, ZIP-тасуыштар және HiFD-тасуыштары жатады.

Стриммерлер - мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғылар. Стриммерлерге арналған магниттік таспалардың (картридж) көлемі жүздеген мегабайтқа жетеді.

ZIP-тасуыштарды мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларын жасауға негізделген Iomega компаниясы шығарады. Бұл құрылғы өлшемдері стандарттық иілгіш дискіден сәл ғана үлкен және сыйымдылығы 100-ден 250 Мбайт болатын дискілермен жұмыс жасайды. ZIP-тасуыштардың негізгі кемшілігі олардың 3,5 дюймдік иілгіш дискілерімен үйлесімсіздігінде.

Sony компаниясы жасап шығарған HiFD құрылғысы кәдімгі стандарттық иілгіш дискілермен үйлесімді болып келеді. Олар сыйымдылығы 200 Мбайт болатын арнайы тасуыштармен де, кәдімгі иілгіш дискілермен де жұмыс істеуге бейімделген.

Пайдаланушының сұхбаттасу құрылғыларына бейнемониторлар, пульттік басу машинкалары, енгізу-шығарудың сөйлеу құрылғысы жатады. Енгізу-сөйлеу құрылғысы ретінде адам айтатын және сөзді тануға, оларды күрделі бағдарламалық жабдықтармен кодтауға мүмкіндік беретін әр түрлі микрофондық акустикалық жүйелер танылса, шығарудың сөйлеу құрылғысы ретінде компьютерге қосылған дыбыстық зорайтқыштар арқылы естілетін немесе ойналатын сөздердің цифрлық өңделуін орындайтын дыбыстық синтезаторлар қаралады. Бұлар мультимедианың жылдам дамитын құралдары болып табылады.

Байланыс және телекоммуникация құралдары байланыс каналдарына, есептеу желілеріне дербес компьютерлерді қосу үшін қолданылады.

 

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

1 «Архитектура» ұғымын қалай түсінесіз? «Компьютер архитектурасы» деген ұғымның мәнін ашыңыз.

2 Жүйелік блоктың құрамына не кіреді?

3 Монитордың қандай түрлерін білесіз? Монитордың негізгі тұтыну параметрлерін қалай анықтауға болады?

4 Монитор мен пернетақтаның бірігіп кызмет аткаруын қалай атайды?

5 Дербес компьютердіің сыртқы құрылғыларының қажеттілігі қандай?

Тестілер

1 Мына кестедегі қателікті анықтаңыз

ТЖҚ : тұрақты жадтайтын құрылғы ЖЖҚ :жедел жадтайтын құрылғы
Ақпаратты тұрақты сақтауға арналған жад Ақпаратты уақытша сақтауға арналған жад.
Компьютерді өшіргенде, ЖЖҚ-дағы ақпарат бұзылады Компьютерді өшіргенде, ТЖҚ-дағы ақпарат бұзылмайды.
Мұнда сақталған командаларды тек оқиды, бірақ жаңа ақпарат жазуға болмайды. Мұнда жазылған командаларды оқуға да әрі жаңа командалар, ақпарат жазуға болады.

а)

Компьютерді өшіргенде, ТЖҚ-дағы ақпарат бұзылмайды. Компьютерді өшіргенде, ЖЖҚ-дағы ақпарат бұзылады.

ә)

ЖЖҚ :жедел жадтайтын құрылғы ТЖҚ : тұрақты жадтайтын құрылғы

б)

Ақпаратты уақытша сақтауға арналған жад. Ақпаратты тұрақты сақтауға арналған жад

2 Мына суретте қандай құрылғы сипаттамасы берілген?

а) процессор

ә) аналық тақта

б) модем

3 Төмендегі суретте жедел есте сақтау құрылғысының типі қалай көрсетілген?

а) RAID

ә) Memory Type

б) Memory (MHz)

4 Келесі суретте қандай құрылғы берілген?

а) жедел жад

ә) ZIP-тасуыш

б) қатқыл диск

V-ТАРАУ. Сыртқы ҚҰРЫЛҒЫЛАРдың физикалық қағидалары мен сипаттамалары

Алдыңғы тарауда қарастырылған тақырыпта қысқаша сипаттама берілген құралдардың кейбіріне нақты тоқталып, жұмыс қағидаларын қарастырамыз.

5.1 Енгізу құралдары

Енгізу құрылғыларына пернетақта, манипуляторлар (тінтуір, джойстик, трэкбол, жарық түсіретін қалам (сәулелік қаламұш), т.б.), графикалық планшеттер, сканер (оқу автоматтары), сенсорлық экрандар, өлшеу аспаптары жатады.

Мәліметтерді енгізудің ең негізгі құрылғысы пернетақта болып табылады. Одан басқа да енгізу құрылғыларына тінтуір, джойстик, трекбол және т.б. жатады. Джойстик - компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын рычагты манипулятор. Ол қорап пен басқарушы тұтқадан тұрады және тұтқада немесе қорабында орналасқан бір немесе бірнеше батырмалары болады. Джойстикті кейде терте деп те атайды.

5.1-сурет. Джойстиктер

Трекболдың тінтуірден айырмашылығы оның қорапқа орнатылған кішкене шары алақанмен қозғалысқа келтіріледі және ол жазық бетті қажет етпейді, сондықтан ықшам компьютерлерде қолданылады.

Графиктік мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер (дигитайзерлер) және цифрлы фотокамералар қолданылады.

Сканер

Сканерлердің көмегімен символдардан тұратын мәліметтерді де енгізуге болады. Бұл жағдайда берілген материал графикалық түрде енгізіледі, содан соң арнаулы бағдарламалық құралдардың көмегімен өңделеді. Сканерлер парақ бетіндегі мәліметтерді оқып, оны компьютерге енгізеді.

5.2-сурет. Сканер

 

Сканер көмегiмен кез келген мәтiндiк және графика түрiндегі мәлiметті компьютерге тасымалдауды автоматтандыруға болады. Әдетте, қағаз парағы, журнал, кiтап, слайд, үлдір және тағы басқаларды қолданады.

Сканердiң даму жолында көптеген технологиялар және сканерлеу әдiстерi өзгерді.

Үй және кеңсе қолданушыларының арасында үлкен планшеттi сканер көп таралым алды. Планшеттi сканерлерге сканерлеуші бастиектің қозғалтқышы арқылы түпнұсқаны бойлай жылжитын сканерлер жатады.

Көшіргі аппараттар секілді, сканерде түрлi объектілер көшіретін шағылдырғыш қақпағы бар.

Әдетте планшеттi сканер қалыпты А4 парақтарын сканерлеуге арналған, бiрақ үлкен өлшемді сканерлерде кездеседі.

Үлгiлердiң көп түрі болса да, сканерлерді бiрнеше белгi бойынша топтастыруға болады:

· түрлi түстi суреттi цифрлау мүмкiндiгі,

· суреттi құрастырудың әдiсі,

· қолданудың ерекшелiктерi (тетiктiң түрi немесе оның жоқтығы),

· максималды шешуі және компьютерге қосылу әдiсі.

Сканерлердiң шешуі көпшiлiгiнде 1 дюймға 100-150-ден бiрнеше мың нүктелерге дейін өзгереді. Бұл жерде, оптикалық және интерполяциялық шешулерін айыруға болады. Бiрiншiсi, сканердiң оптикалық мүмкiндiктерінің салдары болып табылады. Екіншісі, көршi нүктелердiң бағдарламалық интерполяциясын қолдану арқылы жоғары шешуін алады, бірақ суреттiң сапасы төмен болады. Оптикалық шешуі бар принтер жақсырақ, себебі шешуі жоғары болған сайын сапасы да жоғарылайды.

Планшеттi сканерлер шешуі кемiнде 600 dpi, кейде 1200 болады. Бұл көрсеткіш жақсы планшеттi сканерлерiнде 2400-800 dpi-ға жетедi. Фотосурет сканерлеп және оны сурет түрiнде сақтау үшiн 600-1200 dpi шешуі әбден жеткiлiктi. Мәтiнді айырып тану үшiн 600 dpi жеткілікті.

Шешуі көлденең және тiк жағынан тең келмейді. Кiшi сан қозғаушының қадымын белгiлейді, ал үлкені - сканерлеу элементінің шешуін белгілейді.

LPТ-ның параллельді порты сканердi қосудың ескi әдiсінің бірі. Мұндай қосудың кемшiлiгі компьютерге сканерден деректердi беру жылдамдығы төмен болуында, сондықтан LPT интерфейсi бар сканер көп кездеспейдi. Дәл қазiр USB шинасына қосу әдiсі ұтымды, барлық қазiргi жүйелік тақташаларда USB-порттар бар.

Соңғы кезде SCSI және FireWire бейімдеуіштерге қосылатын сканерлерді кездестiруге болады.

Цифрлық камера

Мультимедиалық компьютерлерге фотокадрларды немесе бейнематериалдарды енгізуге арналған құрылғы. Оны компьютерлік технология көмегімен өңдеу, түрлендіру және дискіге сақтау жеңіл. Фоторепортерлер суреттерінің сапалылығына мезетте көз жеткізе алады; цифрлық суреттерді электрондық басылымдарда - газет, телехабар немесе ақпараттық агенттікте пайдалануға болады; суретті файлды алыс қашықтағы компьютерлерге желілік байланыспен тез тасымалдауға болады; цифрлық бейнені редакциялау, кадрларын реттеп, орындарын алмастыру оңайға соғады; экологиялық талаптарға сай химиялық процестерді қолданудан арылтады; компакт-дискілерде ұзақ уақыт сақтауға болады; үлкен аудиторияларда көрсетіп, пайдалануға болады; ... Әсіресе, мультимедиалық бағдарламаларды жасауға қажет. Цифрлық камера сканер арқылы, бейнемагнитофон арқылы ұзақ енгізілетін обьектілерді шапшаң енгізе алады. Ол үнемі компьютерге жалғанып тұруы мүмкін, және желі арқылы ақпаратты тасымалдай, қатты дискіге жазумен қамти алады.

Сенсорлық экрандар соңғы уақытта пайда болған жаңа құрылғылар. Көбінесе қалталық телефондардың жаңа түрлерінде, ақпараттық терминалдарда пайдаланушыға жеңілдік туғызу үшін қолданылады.

Өлшеу аспаптары арнайы компьютер жөндейтін ұйымдарда пайдаланылады.

5.2 Шығару құрылғылары

Шығару құрылғысына принтерлер, дисплей (монитор экраны), плоттер (график салғыш) жатады.

5.2.1 Принтер

Принтер - графикалық және мәтіндік мәліметтерді қағаз бетіне шығаруға арналған құрылғы. Принтерлерді жұмыс істеу бағытына қарай матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш және сәуледиодтық түрлері болады.

Матрицалық принтерді қазір кездестіру қиын, тек кейбір офистер мен бухгалтерия бөлімдерінде кездеседі. Оның бір артықшылығы арзандықта, кемшілігі оның шығаратын қатты дыбысы мен басу сапасында.

Сия бүріккіш принтерлерді көп жерден кездестіруге болады, оның басып шығару сапасы жақсы болып келеді. Оларда тіпті аз жылдамдықпен болса да фотосурет шығаруға болады. Кемшілігі оның катридждерінің қымбат болуында және ол бір құйылымында 400-500 дана құжат басады.

Лазерлі басылым өте қолайлы басылым болып табылады. Қазір бұл басылымдар көп жерде қолданылады.