Сегiздiк санау жүйесiнiң колданылуы мен есептеулердiң орындалуы

Сегiздiк санау жүйесi табиғи жағдайда көп қолданылмайды, ол күрделі ақпараттық жүйелерде сирек кездеседі. Есептеу екілік санау жүйесіндегі сияқты кесте негізінде орындалады.

 

2.1-кесте. Сегіздік санау жүйесіндегі қосу амалы

+ 0 1 2 3 4 5 6 7
0 0 1 2 3 4 5 6 7
1 1 2 3 4 5 6 7 10
2 2 3 4 5 6 7 10 11
3 3 4 5 6 7 10 11 12
4 4 5 6 7 10 11 12 13
5 5 6 7 10 11 12 13 14
6 6 7 10 11 12 13 14 15
7 7 10 11 12 13 14 15 16

 

Он алтылық санау жүйесiнiң колданылуы мен есептеулердiң орындалуы

Бұл санау жүйесінің ерекшелігі: он алтылық позициялық санау жүйесінде санды жазу үшін ондық санау жүйесінің цифрлары 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және жетпейтін алты цифрды белгілеу үшін 10, 11, 12, 13, 14 және 15 ондық сандардың мәніне сәйкес латын әліпбиінің алғашқы үлкен әріптері: А, В, С, D, Ғ қолданылады. Он алтылық санау жүйесінің барлық цифрларын келтірейік: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, А, В, С, D, Ғ. Он алтылық санау жүйесінде Ғ санынан кейін ондық жүйеде 15+1=16 дегенге сәйкес Ғ+1 саны келеді. Сондықтан он алтылық сан, мысалы, мына 3Е5А1 түрде болуы мүмкін. Бұл санды негізі 16 екенін ескеріп, қосынды түрінде жазсақ:

3Е5А116=3*164+Е*163+5*162+А*161+1*160.

Арифметикалық операцияларды ондық жүйенің ережелері бойынша орындай отырып және А=10, Е=14 екенін ескеріп, 3Е5А116=25539310 теңдігін алуға болады.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

1. Позициялық және позициялық санау жүйелері деген не?

2. Санау жүйелерінің бірінен екіншісіне ауыстыру ережелерін айтыңыз.

3. Санау жүйелерінде арифметикалық амалдар қолдану ережелерін пайдаланып, есептеңіз. 10112+1102, 10658 -1012, 2Е50116+1100102

4. Топта 1012 қыз бен 148 ұл бар, ондық санау жүйесінде барлық мүшелер саны нешеу екенін табыңыз.

Тестілер

1. Екілік санау жүйесіне жатады:

а) 1-10

ә) 0-1

б) 0-9

2. Сегіздік санау жүйесінде болмайды:

а) F, A, 8

ә) 1, 5, 7

б) 0, 1

3. Он алтылық санау жүйесі позициялық санау жүйесіне жатады ма?

а) иә

ә) жоқ

б) есептің берілуі мен мазмұнына қарай

4. Ондық санау жүйесінен басқа санау жүйелеріндегі амалдарды орындауды қандай компьютерлік бағдарлама арқылы тексеруге болады?

а) кесте

ә) блокнот

б) калькулятор