2.1 Электр беріліс желісінің сұлбасын құру нұсқалары
Әр түрлі объектілерінің жұмыс істеу жағдайларының алуан түрлілігі олардың электрмен жабдықтау схемасының алуан түрлі болуына себепші болады. Тұтынушылардың қоректену схемалары энергия көзінің қашықтығына, берілген ауданның электрэнергетика жабдықтаудың жалпы схемасына, тұтынушылардың территориялық орналасуымен олардың қуатына, сенімділіген қойылатын талаптарға және т.б. тәуелді.
Желі схемасы мен конфигурациясының (пішім үйлесімділігі) таңдап алу өте күрделі, өйткені желі сенімділік, үнемділік, пайдалануға қойылатын, қауіпсіздіктерімен даму мүмкіндігігін шарттарын қанағаттандыру тиіс.
Осы дипломдық жұмыста мен екі схема қарастырдым (2.1 – сурет).
1-нұсқа
2-нұсқа
2.1 сурет - Тұйықталмаған (1-нұсқа) және тұйықталған (2-нұсқа) желілердің схемасы
Желілер біріншісі тұықталған, екіншісі тұйықталмаған болып келеді. Бізге, экономикалық жағынан тиімді және тұтынышыларға электр қуатын үзіліссіз таратуды қамтамасыз ету, электр энергияны аймақтарға сенімді және тиімді тарату басты мақсат болып келеді. Осыған байланысты бізге ең тиімді сұлба таңдау басты шарттардың біріне кіреді. Сонымен, екі схеманы қарастырамыз. Айтып кеткенде, тұйықталмаған желілерде барлық түйіндер бір ғана тармақтан қоректенеді. Қарапайым тұықталған желілер айналмалы желілер болып келеді. Олар бір ғана контур құрайды. Оның артықшылығы желінің бір учаскесі үзілгенде желі басқа учаскіден қоректене береді, яғни жоғары дәрежеде тұтынышыларға электр таратудың сенімділігі. Сонымен қатар қуаттың аз шығындары. Қоректену көзі электрстанция немесе жүйеге қосылған қосалқы станцияның шиналары ретінде болып келеді.
Дипломдық жұмыстың берілгендері: номиналды кернеуі 110 кВ. Бес қосалқы станциясыдан тұрады, сәйкесінше олардың ұзындықтары ,
,
,
,
(км). Қосалқы станциялардың максималды жүктемелері
,
,
,
,
(МВА). Максималдық жүктеменің жылдық сағаты Тmax=5500 сағ. Қуат коэффициенті cos φ=0,88. Минималды жүктеме кезіндегі жүктеме 55(%) пайыз. Мұзқату ауданы III болады.
2.2 Желідегі номиналдық кернеуді таңдау
Желі торабының номинал кернеуін таңдау күрделі техника-экономикалық есеп болып табылады. Ол көптеген факторларға байланысты. Мысалы, кернеуінің мәні төмен торап жабдықтарының және құрылыстарының құны аз болады. Кернеудің ұлғаюына байланысты қуат және энергия шығындары азаяды, электрлік желіні дамыту жағдайлары жақсарады. Сол үшін Г.А. Илларионов формуласын қолданамыз.
Г.А. Илларионов формуласы бойынша номиналды кернеуі осы формула бойынша анықталады:
(2.1)
мұндағы U-желідегі кернеу, кВ;
S-толық қуат, МВА;
l-желінің ұзындығы, км;
P-активті қуат, кВт.
Г.А. Илларионов формуласы бойынша есептеуден кейін желі линиясының номинал кернеуін 110 кВ деп қабылдаймыз.
Активті рективті қуатын анықтау:
(2.2)
мұндағы PH – толық активті жүктеме, кВт;
(2.3)