2 бастауыш мектепте аҒылшын тілінде Үйрету Әдісі
2.1 Ағылшын тілінде ертегіні үйрету әдісі
Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.
Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқыту арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.
Ертегілерді оқуда мыналар ескерілуі қажет:
1.Ертегіні оқыту барысында «бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді» деудің қажеті жоқ, балықтың, жан-жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, бірақ ертегіде кездесетіндерді қиялдау оларды көңілдендіреді, армандауға үйретеді.
2. Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйретуде ертегілердің пайдасы мол. Ертегі кейіпкерлеріне берілетін мінездеме әдетте бір-екі айқын белгілерді көрсетіп, анық түсінікті болып келеді.
3.Қара сөзбен жазылған ертегілер текске жақын үлгімен мазмұндалады. Кейде ертегіні оқымай-ақ, мұғалім оның, мазмұнын қызықты етіп айтып береді. Егер артистердің орындауындағы фонохрестоматияны пайдаланса, тіпті жақсы.
Ертегі балаларды жоспар жасауға үйрету үшін де өте қолайлы. Оны бөлімдерге бөлу, ат қою, қандай суреттер салуға болатынын анықтау т.б. осындай жұмыстарды ІІ-ІІІ сынып оқушылары орындай алады. Ал ІҮ-сыныпта ертегіге өз беттерімен жоспар жасау тапсырылады.
Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын бір оқығанда ақ игереді. Сондықтан бірқатар ертегілерді оқығанда жалпы идеясын ғана әңгімелеп, мазмұнын үйден оқуға тапсыруға болады.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған ана тілі сабағында М.Әлімбайдың аңыз- ертегілері бойынша әдеби ойын сабақ.( ІІ-ІІІ сынып)
• Сұрақтар жазылған үлестірме қағаздар, үш түсті (сары, жасыл, қызыл) жолдар дайындалады. (Қағаздан жасауға болады)
• Ойынның шарты:
-Әдеби ойын үш кезеңнен тұрады. Ойын басталмас бұрын сыныптағы оқушыларға үш сұрақ қойылады. Сұрақтарға жауап берген оқушы ғана ойынға қатыса алады. Ойынның әр кезеңінің өз ережесі бар. Олар сұрақтардың алдында беріледі.
-Әр кезеңде жеңімпаз атану үшін ойыншы өзінің алдындағы жолды бірінші болып жүріп өтуі керек. Барлығы үш жол: қызыл жолда бір де рет қателесуге болмайды. Сары жолда 1 рет қателесуге болады, ал жасыл жолда тұрған ойыншы 2 рет қателесуге мүмкіншілігі бар.
-Әр кезеңнің жеңімпаздары соңғы айналымда кездесіп, жеңімпаз анықталады.
-Ойыннан шыққан оқушылар айып ретінде М.Әлімбайдың өлеңдерін оқып, оның жұмбақтарын жасырып, қызықты топтық ойындар ұйымдас-тыруларына болады.
Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстети-калық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т.т.
Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик. Ертегі адамның рухани азығы болуымен қатар идеол. та қызмет атқарған. ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ.
Ертегінің поэтикасы мен композициясы көркем әрі жүйелі. Композициясы бірнеше бөлшектен тұрады: бастама – эпикалық баяндау – аяқтау. Бастама, әдетте, өлең немесе ұйқасқан проза түрінде бас кейіпкердің ата-анасы, оның дүниеге келуі туралы айтып, тыңдаушыларды бас кейіпкермен таныстырады. Эпикалық баяндау қаhарманның өсуін, үйлену тарихын, оның бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып немесе ойлағанын іске асырып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау, көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. Өзінің ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалып, біздің заманымызға жеткізген. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан.
Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді:
1) жануарлар туралы ертегілер;
2) қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер;
3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер;
Сюжеттері тек қазақтың өзіне тән ертегілермен қатар, басқа елдермен ортақ сюжетке құрылған ертегілер де бар. Олардың көбі тарихи-типологиялық жағдайда пайда болған, біразы тарихи-генетик., яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады, кейбірі тарихи-мәдени байланыс нәтижесінде қазақ жұртына тараған. Сол себепті қазақ ертегілерінде таза ұлттық та, халықар. та, көшпелі сюжеттер де қатар өмір сүрген.
Негізгі кейіпкер мен мазмұны және қияли әдістердің қаншалықты пайдаланылуына қарай бұл салалардың әр қайсысы тағы бірнеше топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде: хикая, өсиет, мысқыл, батырлық туралы ертегілер болады.
Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні – алғашқы қауымда туған көнемифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әр түрлі ырымдар мен аңыздар. Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы жанрлардың көптеген белгілерін бойына сіңірген. Бұл жанрлардың кейбірі өз бітімін мүлде жоғалтып, толық ертегіге айналған. Солардың бірі – миф жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен.
Миф – алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаhармандар туралы, олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап, бірте-бірте «қасиетті» сипатынан айрылған, құпия болудан қалған. Осының нәтижесінде мифке сенушілік те әлсіреген, ондағы оқиғалар мен кейіпкерлер басқа сипат қабылдаған, тіпті мифті айтушы бара-бара өз жанынан да қосатын болған. Соның салдарынан іс-әрекеттердің де нәтижесі баяғы мифтік сипаттан айырылған. Мифтің себеп-салдарлық белгісі жоғалған. Бірте-бірте мифтің бұрынғы масштабы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын жағдайға келеді. Сөйтіп, миф хикаяға, содан соң ертегіге айналады. Ертегінің тағы бір тамыры – алғашқы рулық қауым адамдарының аңшылық әңгімелері мен хикаялары. Алғашында шын болған оқиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте-бірте ел арасына тараған сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен. Осындай аңшы мергендер жайындағы әңгімелер қазақ ертегілерінің құрамында аз емес. Әрине, олар біздің ертегіде сол ежелгі замандағы күйінде емес, көркем фольклорға айналған формада көрінеді.
Алғашқы қауымдағы мифтік ұғымдар туғызған небір ғаламат мақұлық-тар (жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, албасты, жалмауыз кемпір, т.б.) бұрынғы аңшылар әңгімесіне кірігіп, хикая туғызады. Хикая жанры мифтің өзімен бірге ертегіге де айналады. Оның ертегі құрамында жүретіні де сондықтан. Бірақ мифтің ертегіге айналу жолында хикая мен ертегі қатар өмір сүреді, сол себепті миф, әсіресе, хикая өзінше жеке айтылып, елге жайылады.
2.2 Ағылшын тілінде ертегіні оқытудың әдістері
Халық әділептілік пен адамгершілікті, ақылдылық пен батырлықты ертеден-ақ өте жоғары бағалап, әңгімеге, ән-жырға арқау етіп отырған. Халықтың ауыздан ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында да ақылдылық пен ақымақтық, арамзалық пен адалдық, жақсылық пен жамандық қатар көрсетіледі.
Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқыту арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.
Қазақ халқын патриоттық тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі – ертегі. Ертегілер мазмұнында халықтың тыныс тіршілігі әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері , бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез қылықтары. Адамдардың еңбек сүйгіштігі өз халқына , отанға, туып өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген.Т.Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиенің рухани маңызы жөнінде айта келіп: «Ертегі-рухани тәрбиелік мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түсіне алатын, материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі»- деп анықтама береді.
Джозеф Редьярд Киплинг (ағылш. Joseph Rudyard Kipling) (30 желтоқсан 1865, Бомбей — 18 қаңтар 1936, Лондон), ағылшын жазушысы, ақыны және новеллашысы.
Оның ең үздік шығармалары "Джунгли Кітабы", (The Jungle Book), «Ким» (Kim), өлеңдері «Ақырғы ән шырқау» (Recessional). 1907 жылы әдебиет саласында Киплинг Нобель сыйлығына ие болған ең алғашқы ағылшын болады. Сол жылы ол Париж, Страсбург, Афиналар және Торонто университеттерінің сыйлықтарына ие болады. Оған қоса Оксфорд, Кембридж, Эдинбург және Дарем университеттерінің беделді атақтарының иегері. (30.12.1865, Үндістан, Бомбей – 18.1.1936, Ұлыбритания, Лондон) – ағылшын жазушысы. Өз туындыларында қарапайым адамдардың, қатардағы жауынгерлердің ар мен сезім тазалығын, адамгершілік қасиеттерін, адал еңбегін шынайы суреттеді. “Қазарма жырлары” (1892), “Жеті теңіз” (1896), “Бес ұлт” (1903) өлең жинақтары, “Тау хикаялары”, “Рикша-аруақ” әңгімелер кітаптары (екеуі де – 1888), “Жарық сөнді” (1890), “Ким” (1901) романдары кеңінен мәлім. Жабайы аңдар арасында өскен адамның баласы Маугли туралы “Джунгли кітабы” (1894), “Джунгли жайлы екінші кітап” (1895) атты ертегілері балалардың сүйіп оқитын шығармаларына айналды. Нобель сыйлығының лауреаты (1907). Киплинг шығармалары “Ертегілер” (1968), “Маугли” (1983; ауд. Р.Рақымбеков) деген атпен қазақ тілінде басылып шықты. Композитор А.Серкебаев “Маугли – менің бауырым” атты рок-опера-балетін жазды (1980, либреттосы Д.Нақыпов-тікі).
Киплингтің салыстыруларға бай тілі, ағылшын тілінің сөздік құрам қоржынына үлкен үлесін қосты.
Оның кітаптарымен көптеген кинофильмдер мен мультфильмдер түсірілді. Кішкентайында Мауглиді көрмеген қазақ кем де кем шығар...
Ерлік тәрбиені қалыптастырудағы өзіндік шыншылдығы мен әлеуметтік мәні жағынан қарағанда ертегілер көрнекті көркем құбылыс болып табылады. Оның маңызды ерекшелігі мынада: ертегілерде жекелеген құбылыстар фантастикалық бейнелермен әсірелеп көрсетілгенімен, шын мәнінде олардың мазмұны объективті болмыстың көрінісі болып табылады. Негізінен ертегілер оқушылардың ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, халқын қорғауға және өнерді меңгеруге, ел қорғаны болуға уағыздайды. Және де қазақ халқының өнердің қай түрін болмасын жоғары бағалағанын, оларды қадірлей білуге балаларды жастайынан үйреткендерін байқауға болады. «Өнер мұратқа жеткізеді» демекші ертегілердің кейіпкерлері шығарма соңында мақсат-мұратына жетеді. Осы мұрат-мақсатқа жетудің өзі тыңдаушының психологиялық әсерленуіне ықпал етіп, қызығушылығын тудырады.
Ертегілерде батырлардың түр-тұлғасын «жауырыны қақпақтай, бұлшық еті бүлкілдеп, алысқомды алып ұрар» т.б сияқты сипаттамалар арқылы суреттеу көптеп кездеседі. Мұны ертегілердің қоғамдық-әлеуметтік жағдайға байланысты өзгерістерінен байқауға болады. Өте ертедегі архаикалық ертегілерде көбінесе «батырлар» мерген немесе аңшы бейнесінде кездеседі. Мысалы «Құламерген» , «Аламан мен Жоламан», «Ағайынды екі жігіт», «Шора батыр», «Ер Төстік» т.б ертегілерде басты кейіпкер –батыр жігіт елін аң аулаумен асырайды, осы жолда ол жын перілермен күресіп жүреді. Әдетте мұндай ертегілер батырдың дүниеге келуімен басталады. Бұл жерде біз халық арманындағы батырлардың күшінің зор екендігі соншалық, олар мистикалық әлемнің дұшпандарына қарсы тұра алатындай қабілеті бар екенін байқаймыз.
Ал классикалық батырлар ертегісінде батырлар тылсым күштермен емес елді, халықты жаулаған дұшпандармен күреседі. Оның астарында ел, жер үшін күрес , кек алу жатыр. Ертегінің негізгі құрылымдарында туған туысқа көмек беру, шынайы ғашықтық, батырдың айнымас серігі- тұлпардың бейнеленуі байқалады.
Демек, мұндай сипаттау ертегіге тән қасиет деп ұққанымыз жөн. Себебі халықтың арман-тілегі бойынша осындай батырлар елді , Отанды қорғайтынын ұғынуға болады.
Орыс педагогы А.В.Сухомлинский : «Ертегі- халық мәдениетінің рухани байлығы, оны тану арқылы бала туған халқын жүрегімен танып біледі»- деп орынды айтқан. Демек, ертегінің қай түрін алсақ та, онда халықтың отан сүйгіштік, елін, жерін сүюге, отбасының, бауырларының амандығын ойлаған арман-тілектеріне негізделген патриоттық сезімі жатыр.
Андерсен Ханс Кристиан (02.04.1805, Оденсе қ. — 1.8.1875,Копенгаген) — дат жазушысы. Әлемге әйгілі балалар және ересектерге арналған ертегілер авторы.
“Импровизатор” (1835), “Тек скрипкашы” (1837), “Қос баронесса” (1-3, 1849) романдары, “Мулат” пьесасы, “Ақын базары” (1842) жолжазба очерктер кітабы, “Менің өмірімнің ертегісі” өмірбаяндық кітабы т.б. шығармалары әлем оқырмандарына жақсы таныс. Негізінен, әдеби ертегі, повестерімен даңқы шыққан. “Балаларға айтылған ертегілер” (1-3 кіт., 1835—37), “Жаңа ертегілер” (1845 — 48), “Оқиғалар” (1852 — 53) деген жинақтары жарық көрді. “Қайыспас қалайы солдат” (1838), “Шошқа бағушы” (1841), “Бұлбұл” (1843), “Сүйкімсіз балапан” (1843), “Қаршақыз” (1844), “Көлеңке” (1847), “Ана” (1848) т.б. танымал ертегі кітаптарында жазушы ар тазалығы мен жан жомарттығын, әділет, жақсылық сезімдерін ашып көрсеткен.
Андерсен ертегілері тек балаларға арналмаған. Әлеуметтік-психологиялық астар, ащы сарказм Андерсен ертегілерінің көпшілігіне тән (мысалы, “Корольдың жаңа киімі” ертегісі). Андерсен атында халықаралық әдеби сыйлық бар. Қазақ жазушысы М.Қабанбаев “Пысық болдым, мінеки” повесінде ұлттық мінездің ерекшелігін ашып көрсеткені Халықаралық Х.К. Андерсен атындағы Үлкен Грамотасын алған (1989). Андерсеннің “Ертегілер” (1948, 1951, 1960), “Перизат” (1968), “Сандық самолет” (1970), “Сүйкімсіз балапан” (1981), “Таңдамалы ертегілер” (1984) кітаптары қазақ тілінде жарық көрген.
Андерсен ертегілерінің ішіндегі әйгілісі – «Кішкентай Иданың гүлдері» (1835), «Түймеқыз» (1835), «Патшаның жаңа көйлегі» (1837), «Жабайы аққулар» (1838), «Ұшақ-сандық» (1839), «Жауыз патша» (1840), «Періште» (1843), «Қалыңдық пен күйеу» (1843), «Ұсқынсыз үйрек» (1843), «Қар ханшайымы» (1844), «Әже» (1845), «Көлеңке» (1847), «Жыл тарихы» (1852), «Жел Вальдемар До мен оның қыздары туралы айтады» (1859), «Нанды басып кеткен қыз» (1859) атты ертегілері.
Ертегішінің көптеген ертегілері анимацияланып, эфирде көрсетілді. Солардың қатарында «Ұсқынсыз үйрек» (1956), «Жабайы аққулар» (1962), «Түймеқыз» (1964), «Қар ханшайымы» (1966), «Күн тимес күнікей» (1976), «Су перісі» (1976), «Қайтпас қайсар қалайы солдат» (1976), «патшаның жаңа көйлегі» (1990), «Шақпақ тас», «Күйеуімнің істеген ісінің бәрі жөн, бәрі дұрыс», «Кішкентай Иданың гүлдері», «Оле-Лукойе», «Алтын қазына», «Шошқа бағушы» (2012) т.б. атауға болады.
Жазушының фантазиясы мен халық ішінде сақталған аңыздарды еске түсіруі оған керемет ертегілік сюжет жасауға мүмкіндік берді. Дат жазушысының барлық туындыларында әділдіктің әділетсіздікті, мейірімділіктің жауыздықты түбі жеңетіндігіне деген терең сенім бар. Ганс ертегілерінде әртүрлі қызықты оқиғалар болып отырады. Ертегішіге әлемдік даңққа ие болу оңай болған жоқ. 1829 жылы жарияланған «Холмен каналынан Амагердің шығысына дейін жаяу саяхат» атты фантастикалық әңгімелер жинағы Андерсенға үлкен атақ әкеледі. Осы уақыттан бастап, ол көптеген әдеби туындыларын жаза бастайды. Соның ішінде, даңқын шығарған «Ертегілер» (1835) атты жинағы жарық көреді. Андерсеннің «Ертегілерін» халық қызыға оқып, сұраныс көбейгендіктен, 1835, 1845 жылдары қайтадан жарияланады. Жазушының талантын дәлелдеген «Суреттері бар суретсіз кітап» атты жинағының жарық көруі оны бүкіл еуропаға танымал етті.
Андерсен халық ертегілерінің образдарын пайдаланған жоқ, өзі бұрын мүлде беймәлім жаңа образдар ойлап тапты. «Інжу мен алтыннан да қымбат» атты ертегі-пьесасында дракондар бұзылып қалады. Бір драконның сол жақ қанаты сынып қалса, екіншісінің аузынан от шашатын механизмі істен шығады. Әрине, бұл күйінде дракондар ұша алмайтын болғандықтан, ертегі кейіпкеріне транспорттың басқа түрін табуға тура келеді. Андерсен ертегілерінде бәрі бар: темір жол, ұшатын шар, тіпті газетке дейін басылып шығады. Ертегілерде заттарға жан бітіп, ойыншықтар белсенді әрекет жасайды. Ұршық допты бағып жүрсе, тарақ етікке күйеуге шығады немесе қайтпас қайсар қалайы солдат көптеген адам сенгісіз оқиғаларды басынан кешіреді. Автор адам бойындағы жаман әдеттерді, әлсіздіктерді заттарға телиді. Мәселен, тебен ине өзін жіңішке сезінгендігі сонша, соңында жіңішке тігін инесі екендігіне сеніп қалады. Тебен иненің өзін-өзі дәріптеуі тіпті күлкі туғызады. Ертегіші бір ханшайымның ерекше ақылдылығын суреттегенде: «оның ақылдылығы сонша, әлемдегі барлық газетті оқып шықты, бірақ оқығанының барлығын ұмытып қалды» деп жазады. Осы мазмұндағы сатиралық ертегілер Андерсенде көптеп кездеседі («Корольдің жаңа көйлегі» т.б.). Андерсен ертегілері қазақ тіліне де аударылды. Оның бастамашысы аудармашы Сасан Нұрғалимов болды. Ол танымал ертегішінің ел арасына кең тараған он бес ертегісін көркем тілмен аударып, Қазақтың Мемлекеттік Көркем Әдебиет Баспасынан 1951 жылы жеке жкітап түрінде жариялады. Бұл кітап бүгінге дейін жас балалардың қызыға оқитын кітаптарының бірі.
Андерсен ертегілерін тек балалар ғана емес, үлкендер де қызыға оқиды. Себебі оның ертегілері әртүрлі жастағы, әртүрлі таптағы адамдарға арналған. Андерсен ертегілері адам санасын оятады, онда халық даналығы тұнық күйінде сақталған.
Сондай-ақ халық ауыз әдебиетіндегі жақсы айтылған ертегіні өзі де жасөспірімдерге ғана емес, ерексектердің ой-өрісі мен дүниетанымының кеңеюіне тигізетін әсері мол. Мұнда оқушылар бос уақытында әдеби кітаптарды оқи отырып, халықтың қиялға құрылған өмірінен сабақ алады.
Хайуанаттар туралы ертегілер көне заманда елдің, жеке аңдардың, малдардың киесі бар деген сенім қалыптасқан кезде пайда болған (Ақ қасқыр, Шопан ата, Шекшек ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба, Қамбар ата т.б).
Ертегілердің ішінде баланың қиялын шарықтатып , келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі ертегілер- қиял-ғажайып ертегілері.
Тұрмыс салтқа байланысты ертегілер халықтың тарихи талаптарына байланысты туған. Онда бай баласы мен жарлы баласының таптық айырмашылықтары сөз болады, ақылды кедей баласы мен сараң бай, қанағатсыз саудагер, ақымақ хан мен данышпан шаруаның іс-әрекеттері, мінез-құлықтары суреттеледі.
Батырлық ертегілерде елін қорғап, халқын қадірлеген ерлердің таңғажайып іс-әрекеттері, ерліктері мен адамгершілік іс-әрекеттері кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге етіп айтылады.
Күлдіргі ертегілер, негізінен, Алдар көсе мен Жиренше шешеннің, Қожанасырдың есімдерімен байланысты. Ондағы кейіпкерлер сараң бай, зұлым хан қаныпезер уәзір, қуақы құл, еріксіз қыз болып келеді. Онда зұлымдықты тапқырлық жеңіп отырады.
Ата-аналардың келісімімен біз сыныпта аптаның белгілі күндеріне «Ертегі сәтін» белгілегенбіз. Оны ертегі инсцинировкасы бойынша сахнаның қойылымынан бастадық. Белгіленген құрылыс бірліктері бойынша ертегі сценариін жасап аламын. (Оқиғаның негізі, оқиғаның түйіні, 1-эпизодтағы оқиға, 2-эпизодтағы ,… оқиғаның шарықтау шегі, оқиғаның соңы, яғни шешілуі). Бұған мысал ретінде халық ертегісі «Алдар көсе мен Шығайбайдағы» оқиғаның желісін айтуға болады.
Ертегіні тыңдаудың өз ерекшелігі бар. Ол өзінің тыңдаушыларынан қиялдылықты, шығармашылықты, елестетуді, оқиғаны көз алдына қызықты бейнелі етіп елестетуді, ал кей кездері оқиғаны жеке өзінің көзқарасымен бейнелі түрде толтыруды талап етеді. Мысалы: Балалар ертегіні айта отырып, өз ойларын қосып, ертегінің мазмұнын өзгертіп жібереді. Осылайша олар ертегілердегі кейіпкерлерге көмектескісі келеді.
Міне, осы фольклор арқылы білім бере отырып тәрбиелеу мақсатын жүзеге асыруда ертегілерді көптеп пайдалануға болады. Мысалы: сабақтарда Қызыл телпекке орманда жол көрсетіп, қасқырмен кездеспеуіне жағдай жасаймыз, кірпіге алма жинап көмектесеміз. Яғни ертегінің соңын бала қиялы өз қалауымен өзгертіп алады.
Ел ертеңін ойлаған отбасында атаның, әженің ертегілерін тыңдау, әдебиеттерді оқу, оларды теледидардан тамашалау, ертегі айтысу тәрізді тәрбиелік жұмыстар дәстүрге айналады. Балалар ертегілерді құмарта тыңдайды, үлкендердің ертегі айтып беруін өтінеді, ондайда баланың сағын сындырмай, меселін қайтармай, оларға ертегі айтып беруді үлкендер аталар, әжелер, аналар, әкелер, ұстаздар борыш деп түсінуге міндетті. Зиялы отбасында ертегілер бойынша қуырмақ театрын ұйымдастыру, ертегілер инстинировкалары бойынша қойылым көрсету ұйымдастырылады. Әрине, ол үшін уақыт, мүмкіндік керек. Сол уақытты пайдалана білуді, мүмкіндікті ұйымдастыруды білімдарлық пен, жауапкершілікпен игеретін ата-аналар кездеседі. Өйткені, ұрпағының ертеңін ойластыру- олардың басты борышы қалыпты іс-әрекеті.
2.3 Сабақ жоспары
Lesson’s plan
Form: 4
Grammar: Present Continuous.
Duration: 45 minutes
Equipment : pictures, posters, audio.
Type of the lesson : combined-verbal.
Aims:
• Educational: to consolidate the knowledge of Present Continuous
• Practical: to develop speaking skills
• Bringing up: to improve thinking, visual, auditory memory and ability to imagine.
I.Organization moment
a) Greeting :
Teacher: Good afternoon, pupils! How are you?
Pupils: Good afternoon, teacher ! We are fine.
Teacher: Thank you, I’m glad to see you.
Pupils: We are glad to see you.
Teacher: Let’s begin our lesson. Please open your exercise books and write down the date.
b) Announcement Topics include : The theme of our lesson is We are swimming . Today we shall do some interesting exercises. First of all we start our lesson from phonetic drill.
II.The main part of the lesson
|
I am
He, she, it is driving
We, you, they are
Present Continuous
Болымды сөйлем: I am watching TV.
Болымсыз сөйлем: I am not watching TV.
Сұраулы сөйлем: Am I watching TV?