1 аҒылшын тілін оҚытудыҢ теориялыҚ негіздері
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1 АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ағылшын тілі және оны оқытудың әдістері.......................................................4
1.2 Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесі.....................................9
2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУ ӘДІСІ
2.1 Ағылшын тілінде ертегіні үйрету әдісі.............................................................15
2.2 Ағылшын тілінде ертегіні оқытудың әдістері..................................................18
2.3 Сабақ жоспары.....................................................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................29
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Рухани интеграция дәуірлеген бүгінгі таңда ағылшын тілі - ғаламдық феноменге айналды. Мемлекетаралық байланыстарды нығайту елдердің экономикалық қарқынына ғана емес, ол руханиятқа, соның ішінде, тілге де тәуелді. Оқыту саласына түбегейлі өзгеріс жүріп жатқан, оқыту әдістері мен оның мазмұны қайта қарастырылып жатқан қазіргі таңда шетел тілдерін оқытудың орны бөлек.
Қазір шетел тілін оқыту методикасы ғылым болып қалыптасып келе жатқанына ешкім күмән келтіре қоймас. 1930 жылы Е. М. Рыт методикаға алғаш анықтама берген. Ол: «Шетел тілін оқыту методикасы салыстырмалы тіл білімінің тәжірибелік айқындауышы», - деп баға берген.
Әдістеменің ғылым ретінде сипат алуындағы алғашқы бағыттар Б.В.Беляевтің есімімен ұштасады. Ол әдістемені қолданбалы психология саласына теліді. Алайда, аудитория жұмысына сай іс әдістерін қолданудағы айырмашылықтар, материалдарды сараптау - методиканың басты мәселесі болған. Сондықтан әдістеменің бұл анықтамасы кең жайылған жоқ. Педагогика мен методика үйретуде бір ғана нысанға ие. Ол – оқыту процесстері, тәрбиелеу, оқытудың мақсат-міндеттері, сабақтың мазмұны. Мұның ішінде біртұтас болып қалған педагогикалық ғылым ретіндегі әдістемеге берілген анықтама. Методика - өз алдына ғылым. Оның зерттеу әдістері мен өзіне тән заңдылықтары бар. Оған берілген нақты анықтама мынадай: «Оқыту методикасы – оқыту жүйесін, тәсілдерін, заңдылықтарын, мақсаты мен мазмұнын зерттейтін, сондай-ақ шетел тілі материалы арқылы оқу-тәрбие үрдістерін үйрететін ғылым».
Заман ағымына қарай тікелей әдіске енгізілген өзгерістер педагогикада туындаған прогрессивті идеялармен терең байланысты. Көп ұзамай шетел тілдерін оқытудың салыстырмалы әдісі қалыптасты. Бұл әдіс бойынша шетел тілін үйрету ана тілімен салыстыру негізінде жүргізіледі. Осы тәсілдің негізін қалаған - педагог ғалым Л.В.Щербу. Мұның ізін ала тікелей және салыстырмалы әдістерді қиыстыру арқылы аралас әдіс пайда болды.
Қазіргі таңда байланыс пен шығармашылық оқытуға негізделген коммуникативті-бағдарлау әдістемесінің орны бөлек. Қоғамымыздың өрлеп кемелденген заманында ғылымның шоқтығы биікке көтеріліп, оның сан алуан салалары елеулі табыстарға жетуде. Осындай ғылыми салалардың бірі – шетел тілін оқыту әдістемесі. Осыған сай шет тілін меңгеру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.
Курстық жұмыстың мақсаты: Ағылшын тiлi сабақтарының басты мақсаты - шәкiрттерге өз елiнде басқа пәндерден, күнделiктi өзiн қоршаған ортада, қоғамнан алған бiлiм, бiлiк дағдыларына қоса басқа елдердiң тыныс-тiршiлiгiнен хабардар болып, мағлұматтар алып, жеке бас тәжірибесiн жетiлдiре түсуге көмектесу. Ағылшын тiлiн үйрену баланың өз бетiнше бiлiм алуына, интермәдениет коммуникациясын бойына сiңiруіне септiгiн тигiзедi.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- ағылшын тілі және оны оқытудың әдістерін анықтау;
- ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесін енгізу;
- ағылшын тілінде ертегіні үйрету әдісін қалыптастыру;
- ағылшын тілінде ертегіні оқытудың әдістерін дамыту.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Егер ағылшын тілі мұғалімдері оқушыға тілді меңгерту барысында мультимедиалық-инновациялық технологиялар негізіндегі заманауи әдістерді қолданса, онда тіл үйренушілердің тілдік ұғымын қалыптастыруы жаңа сапалық деңгейге көтеріледі. Өйткені қазіргі технология жетістіктері тілдерді тиімді меңгеруге, тілдік ерекшеліктерді ойдағыдай қабылдауға жол ашты.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
- мектеп оқушыларына шет тілін меңгертудің принциптері теориялық тұрғыдан негізделді;
- мектеп қабырғасынан-ақ арнайы ағылшын лингвистикасына бейімдеу жолдарын жүйелеу, логикалық талдау, салыстыру, сұрыптау әдістері арқылы қалыптастырудың әдістемелік негізі жасалды.
Зерттеу жұмысының дәлелділігі мен негізділігі:
Қорытындылардың әдіснамалық және теориялық қағидалар арқылы дәлелденуімен, зерттеудің ғылыми ақпаратының мазмұнына сай болуымен, кешенді әдіс-тәсілдердің пайдаланылуымен, ұсынылып отырған әдістеменің тиімділігімен, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін тәжірибелік-эксперимент жұмысы арқылы тексеру және практикаға енгізумен қамтамасыз етілді.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеу барысында жинақтау, сипаттау, жүйелеу, салыстыру, дедуктивті-индуктивті тұрғыдан жіктеу, талдау, қорытындылау әдіс-тәсілдері кеңінен қолданыс тапты.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.
Ақпараттық базасы. Курстық жұмыста ғылыми конференциялар мен кезеңдік баспалар материалдары кеңінен қолданылды. Сонымен бірге осы қарастырылып отырған мәселеге тиесілі шеңберіндегі арнайы материалдарға, жалпы экономикалық және құқықтық әдебиеттерге жүгініп негізделінген.
1 АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ