«Жер асты суларын іздеу және барлау»
пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2019 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
M088 Гидрогеология және инженерлік геология
Шифр білім беру бағдармалар тобы
3. Тест мазмұны :
№ | Тақырыптың мазмұны | Қиындық деңгейі | Тапсыр малар саны |
1 | Жерасты суларын іздеу және барлау кезіндегі гидрогеологиялық зерттеулермен шешілетін мәселелер. Гидрогеологиялық зерттеулердің негізгі түрлері. Гидрогеологиялық зерттеулерді жүргізу принциптері | А | 2 |
2 | Гидрогеологиялық карталар және классификациясы. Гидрогеологиялық стратификация. Гидрогеологиялық бөлімшелер, оларды бөлу критерилері. Гидрогеологиялық түсірімді жүргізу кезіндегі зерттеулер әдістемесі | А | 2 |
3 | Гидрогеологиялық ұңғымаларды мақсаты бойынша классификациялау. Гидрогеологиялық ұңғымалар конструкциясына қойылатын талаптар. Гидрогеологиялық ұңғымаларды бұрғылау тәсілдері, әрбір тәсілдің артықшылығы мен кемшіліктері | В | 2 |
4 | Гидрогеологиялық зерттеулер кезінде қолданылатын техникалық құралдар | А | 2 |
5 | Жерасты суларының режиміне әсер ететін факторлар. Жерасты суларының табиғи, бұзылған және аралас режимдері | В | 2 |
6 | Далалық тәжірибелік-сүзілулік жұмыстары. Сутартулар, олардың түрлері, анықталатын параметрлер. Тәжірибелік шоғырды таңдау және оның жергілікте орналасуы. Сутарту кезінде операцияларды жүргізу кезектілігі. Сынамалық, тәжірибелік (жеке, шоғырлық, топтық), сынамалық-пайдалану сутартуларды жүргізу әдістемесі Сутарту нәтижелерін өңдеу. Тәжірибелік су шығару | С | 2 |
7 | Сутарту нәтижелері бойынша сулы горизонт параметрлерін анықтау. Сутарту нәтижелері бойынша сүзілу режимі тұрақталған кезде параметрлерді анықтау. Сулы горизонттарды экспресс-сынамалау. Гидрогеологиялық ұңғымалардағы расходометрия. Жерасты суларының қозғалыс бағыты мен жылдамдығын анықтау. | В | 2 |
8 | Сутарту кезіндегі тұрақтанбаған сүзілу режимі. Уақытша, аудандық және аралас бақылау графиктері. Сутартудан соң деңгейдің қалпына келуіне бақылау нәтижелері бойынша сулы горизонт параметрлерін анықтау Шекаралық жағдайларды зерттеу үшін жүргізілетін сутартулар | С | 2 |
9 | Жерасты сулары кенорындары туралы түсінік. Жерасты суларының кенорындарының пайдалы қазынды ретіндегі негізгі ерекшеліктері | С | 2 |
10 | Жерасты сулары кенорындарыың негізгі типтерінің гидрогеологиялық сипаттамасы. Өзен аңғарларының кенорындары. Артезиан бассейндерінің кенорындары. Тауалды шлейфтері мен тауаралық ойыстарының ысырынды конустарының кенорындары. Жарықшақты, жарықшақты-карсты массивтердегі жерасты суларының кенорындарының ерекшеліктері. Шөл және шөлейттердегі тұщы сулар линзаларында байланысты жерасты суларының кенорындары | С | 2 |
11 | Жерасты суларының ресурстарының (қорларының) классификациясы. Жерасты суларының сыйымдылық және серпімділік қорлары. Жерасты суларының табиғи ресурстары, оларды анықтау тәсілдері. Жерасты суларының қосымша қорлары. | В | 2 |
12 | Жерасты сулары пайдалану қорларын қалыптасу көздері бойынша классификациялау. Жерасты сулары пайдалану қорларын анықтау тәсілдері. | В | 2 |
13 | Жерасты сулары пайдалану қорларының анықтаудың гидродинамикалық тәсілі, шекаралық жағдайлары, есептік гидродинамикалық схемалар және есептік формулалар. «Үлкен құдық» тәсілі. | С | 2 |
14 | Жерасты сулары пайдалану қорларын гидравликалық және баланстық, сонымен қатар ұқсастық тәсілімен анықтау тәсілдері. Гидрогеологиялық зерттеулердің сатылығы бойынша жалпы ережелер және далалық жұмыстардың негізгі түрлерін сипаттау. Пайдалану қорларын категориялау принциптері. | С | 2 |
15 | Сумен қамтамасыз ету үшін әртүрлі гидрогеологиялық жаңдайларда жерасты суларын іздеу-барлау әдістемесі. Санитарлық қорғау зоналарын анықтау және ұйымдастыру. | В | 2 |
Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны | 3 0 |
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы :
Тест тапсырмалары келесі ұғымдарды қамтиды:
· гидрогеологиялық зерттеулер – гидрогеологиялық ақпарат алу тәсілі ретінде;
· тәжірибелік - сүзілу жұмыстары, оларды жүргізу реті;
· тәжірибелік - сүзілу жұмыстары нәтижесінде сулы горизонттар параметрлерін анықтау;
· жерасты сулары кенорындары, оларға тән ерекшеліктер;
· жерасты сулары кенорындарының қорлары мен ресурстары;
· жерасты сулары пайдалану қорлары және оларды анықтау тәсілдері;
· жерасты сулары пайдалану қорларын классификациялау;
· іздеу-барлау жұмыстарын әртүрлі гидрогеологиялық жағдайда жүргізу әдістемесі.
5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут
Тест орындалуының жалпы уақыты – 60 минут
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:
- жеңіл (A) – 6 тапсырма (20%);
- орташа (B) – 12 тапсырма (40%);
- қиын (C) – 12 тапсырма (40%).
7. Тапсырмаформасы:
Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек.
8. Тапсырманың орындалуын бағалау :
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін студентке 1 балл береді, одан басқа жағдайда - 0 балл беріледі.
9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Боревский Б.В., Дробноход Н.И., Язвин Л.С. Оценка запасов подземных вод. 2-е изд. Киев: Высшая школа, 1989
2. Боревский Б.В., Самсонов Б.Г., Язвин Л.С. Методика определения параметров водоносных горизонтов по данным откачек. М.: Недра, 1983
3. Завалей В.А. Поиски и разведка подземных вод: Учебник. Алматы: КазНТУ, 2003. С.260.
4. Биндеман Н.Н., Язвин Л.С. Оценка эксплуатационных запасов подземных вод. М.: Недра, 1970, с.216
5. Завалей В.А. Поиски и разведка подземных вод: Учеб. пособие. Алматы: КазНТУ, 2001. С.165
6. Завалей В.А., Мақыжанова А.Т., Қасенов А.Қ. Жерасты суларын іздеу және барлау. Алматы: ҚазҰТУ, 2009
7. Классификация эксплуатационных запасов и прогнозных ресурсов подземных вод. Алматы: ГКЗ, 1997. С. 7
8. Климентов П.П., Кононов В.М. Методика гидрогеологических исследований. М.: Высшая школа, 1989