«Ревматология» модул і бойынша интерн - педиатрларға арналған
«Ревматология» модул і бойынша интерн - педиатрларға арналған
емтихан тесттері
2015-2016 оқу жылы
1. Ревматизм (жедел ревматикалық қызба) этиологиясында маңызды орны бар:
* алтын түсті стафилококк
* энтерококк
* аденовирус
* А грипп вирусы
*+А тобының бета-гемолитикалық стрептокогі
2. Ревматизм қайталауындағы провокациялаушы фактор:
* инсоляция
* вирусты инфекция
*+бактериалды инфекция
* қан тамырлар зақымдалуы
* гормоналды бүзылыстар
3. Көмекейде стрептококк инфекциясынан соң ревматикалық қызба дамитын уақыт:
* 1–2 жыл
*+2–4 апта
* 4 күн
* 5 ай
* 6 апта
6. Ревматикалық қызбада қабыну үдерісінің жиі және қауіпті локализациясы:
* буында
* тері астында
* бүйрек тінінде
*+жүрек тінінде
* скелет бұлшық етінде
8. Қолқа қақпасы вальвулитінің ревматизмдегі сипаты:
* төстің сол қырындағы систолалық шу
* жүрек ұшында, V нүктедегі диастолалық шу
* жүрек ұшында, V нүктедегі систолалық шу
* жүрек үндерінің әлсізденуі
*+төстің сол қырындағы «ағылған» диастолалық шу
9. Ревматикалық қызбада жиі зақымданатын жүрек қақпақшасы:
* аорта
*+митралды
* үш жармалы
* өкпе артериясы
* барлық қақпашалар
10. Ревматикалық қызбадағы аннулярлы эритеманың көрініcі:
* қызғылт түсті папулезді бөртпе
* везикулезды элементтер
* іпіңді бөртпе
* дене, аяқ, қолдағы пустулезді бөртпе
*+қызғылт түсті, сақина тәріздес бөртпелер
11. Ревматикалық қызбадағы артриттің нәтижесі:
*+қалдықсыз тез жазылуы
* деформация қалыптасуы
* бұлшық ет атрофиясы
* омыртқа бағанында спондилит басталуы
* кіші буындардың созымалы артриті
12. Ревматикалық кардитпен жиі қосарланып жүретін синдром:
* плеврит
*+полиартрит
* увеит
* нефрит
* гепатит
13. Ревматикалық қызбаның этиотропты еміне жатады:
* хинолин туындылары
* стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер
* кортикостероидтар
* антигистаминдер
*+бактерияға қарсы
14. Жедел ревматикалық қызбада қолданылатын антибиотик:
*+пенициллиндер
* тетрациклиндер
* линкомицин
* аминогликозидтер
* рифампицин
15.Қайталаған ревмокардит емінде қолданылатын иммундысупрессор:
* диклофенак
* циклоспорин А
* преднизолон
*+плаквенил
* бициллин
17. Ревматизм қызбасының ІІ-ІІІ дәрежелі белсенділігінде беріледі:
* ровамицин, супрастин
* метотрексат, пенициллин
*+ибупрофен, преднизолон
* плаквенил, аспирин
* пенициллин, делагил
18. Ревматикалық қызбада орталық нерв жүйесі зақымдалуы көрінеді:
* үлкен хореямен
* спазмофилиямен
* ошақтық симптомдармен
*+кіші хореямен
* тырысулармен
20. Балалардағы ревматикалық хореяның көрінісі:
* қызынулармен
* ларингоспазммен
* тырысулармен
* гипертонуспен
*+гиперкинездермен
21. Ревматикалық полиартритте мына буындар қабынады:
* омыртқа бағаны
* аяқ-қол ұсақ буындары
*+аяқ-қол ірі буындары
* қабырға төс буындары
* самай-жақ буындары
22. Ревматикалық қызба қандай инфекциядан соң дамиды:
* грипп вирусы
*+стрептококкты
* аденовирусты
* стафилококкты
* пневмококкты
24. Ревматикалық қызбаның диагностикалық критерийіне жатпайды:
* кардит
* кіші хорея
* полиартрит
* бета-гемолитикалық стрептококктер (колониясы, антиденелері)
* жоғары қызыну (39-400C)
25. Ревматикалық қызбаның үлкен диагностикалық критерийіне жатады:
* қызыну
* пневмония
* миокардиодистрофия
* артралгиялар
*+кіші хорея
26. Ревматикалық қызбаның үлкен критерийіне жатады:
*+полиартрит
* лейкоцитоз
* субфебрилитет
* жоғары СОЭ, СРБ+++
* ЭКГ-дағы Р, Т тісшелері өзгерістері
27. Ревматикалық қызбаның кіші критерийіне жатады:
* кардит
* кіші хорея
* аннулярлы эритема
*+артралгиялар
* полиартрит
30. Ревматикалық қызбадағы кардиттің нәтижесі:
* пароксизмалды тахикардия
* кардиомиопатия
*+жүрек қақпақшаларының ақауы
* іріңді перикардит
* қантамырлар тромбозы
31. Ревматикалық қызбаның екіншілік профилактикасыны жатпайды:
*+қабынуға қарсы препарат көктем, күзде
* бициллинмен профилактика
* бағалы тамақтандыру, шынықтыру, күту
* созылмалы инфекция ошақтарын санациялау
* стрептококк инфекциясын дер кезінде және адекватты емдеу
32. Аорта қақпақшасының жетіспеушілігіне тән:
*+«каротидтер биі», пульс қысымының үлкеюі
* «мысық пырылы» , I тон күшеюі
* «ат шабысы ырғағы», экстрасистолия
* систолалық шу
* диастолалық қысымның жоғарылауы
35. Ревматикалық эндокардитке тән:
* жүрек шекараларының кеңеюі
* жүрек түрткісінде I-тонның акценті
* экстрасистолия
* III тон пайда болуы
*+дөрекі систолалық шу
36. Жүрек ұшындағы қатты систолалық шу, рентгенде сол жақтағыы ІІІ, ІҮ доғалар байқалуы тән:
* трикуспидалды қақпақша стенозына
*+митралды қақпақша жетіспеушілігіне
* митралды қақпақша стенозына
* аорталды қақпақша жетіспеушілігіне
* үшжармалы қақпақша стенозына
37. Жедел ревматикалық қызбаның жиі дамитын жастары:
* жасына байланыстары жоқ
* 3 жасқа дейін
* 3-5 жаста
*+7-14 жаста
* 15-тен кейін
40. Ревматикалық гранулема патоморфологиясының қайтымды сатысы:
* фибриноид жатуы
*+мукоидты ісіну
* гранулематоз фазасы
* склероз
* склерозға кальций тұздары жатуы
45. Патологиялық үдерістің артритпен жүруі жедел ревматикалық қызбаның қай ағымына сәйкес:
* созылыңқы
* латентті
*+жедел
* жеделдеу
* рецидивті
56. Жедел ревматикалық қызбаның еміндегі глюкокортикоидтар тағайындау көрсеткіші:
*+айқын кардит, үдерістің максимальды белсенді дәрежесі
* хорея
* ревматикалық үдерістің минимальды белсенді дәрежесі
* полиартрит бар, кардит белгілері жоқ
* жүрек ақауы, қан айналысы жетіспеушілігі
57. Жедел ревматикалық қызба еміндегі аминохинолин қатарының препараттарын тағайындау көрсеткіші:
* жедел ағым
* жеделдеу ағым
*+созылыңқы-енжар ағым
* латентті ағым
* үздіксіз-рецидивті ағым
61. Ревматикалық қызбамен ауыратын және пенициллинге аллергиясы бар науқастарға берілетін антибиотик:
*+эритромицин
* амоксициллин
* гентамицин
* цефазолин
*бисептол
62. Ревматикалық қызбада, клапан ақауы болмаса, бициллин-5-пен профилактика қанша уақыт жасалынады?
* 1 жыл
*+3 жыл
* 5 жыл
* 7 жыл
* 10 жыл
63. Ересек балалардағы жылбойлық профилактикасында бициллин–5-тің мөлшері:
*+1500 000 бірлік
* 2000 000 бірлік
* 1000 000 бірлік
* 500 000 бірлік
* 100000 бірлік
64. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін бициллин-5-пен жыл бойы профилактика қандай мөлшерде тағайындалады:
* 1500000 бірлік
*+750000 бірлік
* 1000 000 бірлік
* 500 000 бірлік
* 100 000 бірлік
65. 10 жасар науқас бала буындарындағы ұшпалы ауруға, жүрегінің шаншып ауыруына, ентігуге шағымданады. 20 күн бұрын баспамен ауырған. Объективті: жүрек шекаралары солға қарай 3 см-ге кеңіген, тахикардия, жүрек ұшында систолалық шу. Тізе буындары ісінген. Сандарының терісінде–сақина тәріздес эритематозды бөртпелер. Аталған диагноздардың қайсысы мүмкін?
* жүйелі қызыл ноқта
*+ревматикалық қызба
* ревматоидты артрит
* түйінді полиартериит
* инфекциялық эндокардит
84. Ревмокардиттің ең ақпаратты ЭКГ-белгісі:
* жүрек ырғағының бұзылысы
*+PQ интервалының ұзаруы
* жүрек ішілік өткізгіштігінің бұзылысы
* миокардтағы реполяризация үрдістерінің бұзылысы
* систолалық көрсеткіштің артуы
87. Жүректің “митралды” конфигурациясының рентгенологиялық көріністері:
*+жүрек белінің тегістенуі
* жүрек көлемінің ұлғаюы
* жүрек көлемінің кішіреюі
* өкпе артериясы доғасының шығып тұруы
* аорта доғасының түсуі
88. Аталған ЭКГ-көрсеткіштерінің қайсысы ревмокардитке әсіресе тән?
* QТ интервалының ұзаруы
*+PQ интервалының ұзаруы
* патологиялық Q тісшесі
* PQ интервалының қысқаруы
* ST сегментінің жоғарылауы
90. Митральды стенозда ЭКГ-анықталады:
*+сол жүрекшенің гипертрофиясы
* оң жүрекшенің гипертрофиясы
* PQ интервалының қысқаруы
* ST сегментінің жоғарылауы
* Q патологиялық тісшесі
92. Жедел ревматикалық қызбадағы полиартриттің ерекшелігі:
* буындардың асимметриялық зақымы
* буындардың таңертеңгілік құрысу
* ұсақ буындар зақымдалуы
* буындық синдромның тұрақтылығы
*+буындық синдромның «ұшпалылығы»
94. Қай ауруға ерте екіжақты сакроилеит тән?
* ревматоидтық артрит
*+Бехтерев ауруы (спондилоартрит)
* Рейтер ауруы
* бруцеллез
* остеоартроз
96. Персистирлеуші біржақты сакроилеит тән:
*+Рейтер синдромына
* ревматоид артриттіне
* подаграға
* остеоартрозға
* остеопорозға
97. Реактивті артриттің (Рейтер синдромы) клиникалық көріністерін көрсетіңіз:
* екіжақты білезік буыны артриті
* қол басының майда буындарының симметриялық артриті
* омыртқаның мойын бөлімнің зақымы, увеит
* аяқ буындарының симметриялық артриті
*+аяқ буындарының ассиметриялық артриті, энтезопатиялар
101. Ювенильді анкилоздаушы спондилоартритті клиникалық болжағанда лабораториялық диагностикада шешуші болатыны:
* ЭТЖ-ның ұзақ мерзімге жоғарылауы
* гипохромды анемия
* қан сары суында СРБ мен оның фракцияларының жоғарылауы
*+НLА В27 антигендерін анықтау
* лизосомальдық ферменттер белсенділігі жоғарылауы
102. Анкилоздаушы спондилитке рентгенограммада ең тәні:
* біржақты сакроилеит
* бас сүйегінің дөңгеленген дефектілері
*+екіжақты сакроилеит
* табан сүйектері мен жамбас сүйектері остеофиттері
* «пробойник» симптомы
106. Бейкер кистасы – бұл:
* рентгенограммада сүйек тінінің буын маңының киста түрінде ағаруы
* буын саңылауында қабынулық сұйықтықтың жиналуы
*+тізе буынының артқы қатпалында сұйықтықтың жиналуы
* препателлярлы бурста сұйықтық жиналуы
* иық буынының жоғарғы қатпалында сұйықтық жиналуы
108. Аяқ буындарының таңдаулы симметриялы емес артриты тән:
* ювенилді идиопатиялық артритке
* Бехтерев ауруына
* псориаздық артритке
*+Рейтер синдромына
* ювенильдік остехондропатияға
109. Қолбасы буындарының патологиялық процесске көбіреук ұшырайтын ауру:
*+ревматоидты артрит
* анкилоздаушы спондилоартрит
* туберкулездік артрит
* псориаздық артрит
* ювенильдік остеохондропатия
110. Рейтер ауруындағы буын сыртылық синдромдер:
* алақан мен табан кератодермиясы
* гломерулонефрит, кардит
* баланит, аортит
*+конъюнктивит, уретрит
* папулездік бөртпе, лимфоаденопатия
113. Анкилоздаушы спондилоартриттің базисті ем препараты:
* ортофен
* ибупрофен
* азатиоприн
* преднизолон
*+сульфасалазин
114. Рейтер ауруында қай топтағы антибиотиктер тағайындалады?
* аминогликозидтер
* пенициллиндер
* фторхинолон туындылары
* цефалоспориндер
*+макролидтер
118. 12 жасар ұл балада оң тізе буыны ісінген, ондағы қозғалыс шектелген, ауырсынумен. Осыған дейін 1 апта бұрын бала зір шығаруындағы ауырсынуды, конъюнктивит белгілерін байқаған. Болжам диагнозыңыз:
* рематикалық қызба
* Бехчет ауруы
*+Рейтер ауруы
* ревматоидтық артрит
* Висслер-Фанкони синдромы
119. Бала 5 жасар. Температурасы 38,50С, тізе буындарының ісіңкілігі мен таңертеңгілік құрысуы, ауырсынуы бар. Алғаш рет 7 ай бұрын ауырған, жүрісі бұзылған, оң тізе буыны ісінген, 2 айдан соң – артрит, сол тізеде де болған, таңертеңгілік құрысу пайда болды. Қозғалыста мойын омыртқаларында ауырсыну бар. Перифериялық лимфа түйіндері II-III өлшемге дейін ұлғайған. ЖҚС – L-15*109/л, ЭТЖ – 47 мм/сағ. Болжам диагнозыңыз:
* ювенильдік созылмалы артрит
*+ЮИА, Стилл варианты (жүйелі вариант)
* жаралы колиттегі артрит
* ревматизм
* Рейтер ауруы
123. 16 жасар жасөспірім екі тізенің жоғарғы, алдыңғы жағындағы ауру сезіміне шағымданады. Қарағанда балтырдың үлкен сүйегінің бұдырлы аймағында ісіңкілігі мен басқанда ауырсынуына, қатты жерге тізесімен тұрғанда күшейетіні анықталады. Рентгенде үлкен балтыр сүйегі бұдыры бұзылғаны анықталды. Диагноз қойыңыз:
* ювенильдік идиопатиялық (ревматоидтық) артриті
* Рейтер ауруы
* ювенильді анкилоздаушы спондилоартрит
* Висслер-Фанкони синдромы
*+Осгуд-Шлаттер ауруы
124. Ревматоидты артрит диагностикасында маңызы бар:
* зәр қышқылының жоғары деңгейі
* диспротеинемия
* гипохромды анемия
* лимфоцитоз
*+синовий сұйықтығында рагоциттердің анықталуы
125. Ревматоидты артриттің диагноздық критерийлерінде жоқ:
* буынның таңертеңгі әлсіздігі
* қолбасы буындарының артриті
* қол-аяқ буындарының симметриялы артриті
*+пойкилодермия
* артритке бірнеше буынның шалдығуы
126. Циклдық цитруллинденген пептидтерге антиденелерді анықтау жоғары спецификалы:
* ревматикалық қызбада
*+ревматоидты артритте
* Рейтер ауруында
* жүйелі қызыл ноқтада
* склеродермияда
127. ЮИА емінде ісікті некроздаушы фактор (ІНФ-альфа) ингибициялаушы тобының гендік-инженерлік биологиялық препараты:
* циклоспорин
* азатиоприн
* мелоксикам
*+инфликсимаб
* делагил
128. Ревматоидты артрит еміндегі тоцилизумабтың әсер ету механизмі:
* α-ІНФ ингибициялауымен
* CD-20 В-клеткаларын тежеумен
*+IL-6 ингибициялауымен
* IL-17а ингибициялауымен
* плазматикалық клеткаларға антипролиферативті әсермен
129. Либман-Сакс эндокардитіне тән:
*+аускультативті белгілердің болмауы
* қолқа үстіндегі диастолалық шу
* II-III қабырға аралығындағы диастолалық шу
* сол жақ III-IV қабырғааралықта систола-диастолалық шу
* төстің сол жағындағы II қабырғааралықта систолалық шу
130. 12 жастағы қызда екі ай бойы 38-39oC–қа дейін дене қызуы, екі саусақтың артриті. Хейлит. Ауру жазда суға түскеннен сол басталды. Бетінде, мұрынның қырында қызыл түсті дақ пайда болды. Стоматит белгілері, шаш түсуі. Жүрек үндері тұйықталған, тахикардия. ЖҚС: ЭТЖ 65 мм/сағ., лейкопения (3*103/л), нейтрофилёз. АНФ – титрі жоғары, Sm-қарсыденелері «оң». Қай диагнозға ұқсас?
*+жүйелі қызыл ноқта
* дерматомиозит
* ювенильді ревматоидты артрит
* түйінді полиартериит
* жүйелі склеродермия
132. Науқас 14 жаста – соңғы айларда қатты арықтаған. Субфебриллитет, артрит, алақандарының капилляриті, Рейно синдромы, бет терісінде полиморфты бөртпелер анықталды. Ісіну, протеинурия, гломерулонефрит. Хазерик триадасы оң.
Клиникалық диагноз қойыңыз:
* дерматополимиозит
* ювенильді идиопатиялық артрит
* түйінді полиартериит
*+жүйелі қызыл ноқта
* жүйелі склеродермия
133. 13 жастағы қызда – алалақандарындағы капиллярит, хейлит, бетінде «көбелек» типті эритема, дене салмағының төмендеуі, субфебрилитет, білезік буыны бір саусақ буыны ісінген. Жүрек тондары тұйық, тахикардия. Рентгенограммада - КТИ-0,60. ЭхоКГ: КСР, КСО үлкейген. Сол қарыншаның жиырылу қабылетінің төмендеу. ЖҚС: лейкопения, анемия, ЭТЖ 60 мм/сағ. 1,2-спиральді ДНҚ-ға қарсыденелер оң.
Клиникалық диагноз қойыңыз:
* дерматомиозит
*+жүйелі қызыл ноқта
* ювенильді ревматоидты артрит
* түйінді полиартериит
* жүйелі склеродермия
134. 14 жастағы қыз балада 2 жылдан бері нефрит, арада бүйрек жетіспеушілігі дамыды. Ауру қызбадан, артриттен, тері бөртуінен және хейлиттен басталған, бұл өзгерістер қазір де бар. ЖҚС: тромбоцитопения. Зерттеу кезінде нативті ДНҚ, кардиолипинге қарсы денелер анықталды. Зәрде өзгерістер, қалдық азот (мочевина) жоғары, Зимницкий сынағы төмен, амплитуда жоқ.
Қандай ауру тұралы ойлауға болады.
* түйінді полиартериит
* ювенильді ревматоидты артрит
* дерматополимиозит
* жүйелі склероз
*+жүйелі қызыл ноқта
135. Қыз балаларда жиі, жасөспірім шақта кездесетін ауру. Дерматит, нефрит, артрит, кілегей қабаттарының қабынуы және антифосфолипид синдромы, анемия, лейкопения, тромбоцитопениямен көрінетін дәнекер тінінің жүйелі ауруы:
* дерматополимиозит
* ювенильді ревматоидты артрит
*+жүйелі қызыл ноқта
* түйінді полиартериит
* жүйелі склероз
136. 14 жастағы қыз баланың диагнозы: ЖҚН, белсенділігі 3 дәрежелі, люпус-дерматит, артрит, кардит. Қандай дозамен, қандай жолмен глюкокортикоидтармен емін бастау керек?
* преднизолон 1,5 мг/кг дәрісін
* гидрокортизонмен электрофорез
* преднизолон 30 мг тамыр ішіне
*+преднизолонмен пульс-терапия
* преднизолон 30 мг бұлшықетке
137. 12 жастағы қыз бала бір ай көлемінде ауырады: әлсіздік, діңкестік, артралгия, арықтаған, шашы түсе бастады. Кеңсірігі жара, бетінде эритема, Т – 38,5оС. Артрит. Қанында жоғарылаған ЭТЖ, гиперпротеинемия, гипергаммаглобулинемия, лейкопения. Гематоксилин денешіктері көп, розетка-феномені оң.
Болжам диагноз:
* ревматикалық қызба
* ювенилді ревматоидты артрит
*+жүйелі қызыл ноқта
* дерматополимиозит
* жүйелі склероз
138. Жүйелі қызыл ноқта диагнозын дәлелді ету қажет тексеру:
* ішкі ағзаларды УДЗ
* коагулограмма
*+Sm және екіспиральді ДНҚ-ға қарсы денелерге зерттеу
* бүйрек биопсиясы
* ЭКГ мен ЭхоКГ
139. Дерматополимиозитке тән симптом:
* тері бөртпелері
* анемия
* гематурия
* протеинурия
*+Готтрон бөртпелері
140. Дерматополимиозитке тән:
* витилиго
*+пойкилодермия
* беттегі «көбелек» тәрізді дерматит
* геморрагиялық бөртпелер
* саусақтардың «құрғақ» гангренасы
141. Жүйелі қызыл ноқтаға тән:
* кальциноз бұлшық еттердегі
*+дерматит
* периорбитальді эритема
* дисфагия, дисфония
* тері астының «түйіндер»
142. Қай ауруда бүйректің зақымдануы сирек кездеседі?
*+дерматомиозитте
* Шенлейн-Генох ауруында
* түйінді полиартериитте
* жүйелі қызыл ноқтада
* спецификалық емес аортоартериитте
143. ЖҚН, ЮРА салдарынан болатын асептикалық остеонекроз:
* жамбас сүйектерінде
*+сан сүйегінің басында
* жіліншік эпифизінде
* балтыр сүйектің алдыңғы бұдырында
* бел омыртқа сүйегінде
144. 15 жастағы қыз балада 1,5 айдан бері: бетінде бөртпе, артрит, дене қызуы 38-390C, ЭТЖ – 42 мм/сағ, қанында - LE-жасушалар, антинуклеарлық және Sm-антиденелер.
Диагноз қойыныз:
* ЮРА, буынды-висцералды түрі
*+жүйелі қызыл ноқта
* реактивті артрит
* түйінді полиартериит
* жүйелі склероз
145. Цитопения, ЭТЖ жылдамдауы, фосфолипидтерге қарсы денелер және Хазерик триадасы оң. Бұл лабораторлық өзгерістер қай ауруға тән:
* лейкозға
*+жүйелі қызыл ноқтаға
* ревматизмге
* түйінді полиартериитке
* дерматополимиозитке
147. Пойкилодермиямен, периорбитальды эритемамен, аяқ-қол бұлшық еттерінің ауырып ісінуімен, әлсіздігімен көрінетін дәнекер тінінің жүйелі ауруы:
*+дерматополимиозит
* ювенильді ревматоидты артрит
* жүйелі қызыл ноқта
* түйінді периартериит
* жүйелі склероз
148. Теріде пайда болатын тыртықтармен зофагопатиямен, Рейно синдромымен, саусақ буындарының сыртындағы беткейлі кальцинаттармен сипатталатын дәнекер тінінің ауруы:
* дерматополимиозит
* ювенильді ревматоидты артрит
* жүйелі қызыл жегі
* түйінді периартериит
*+жүйелі склероз
149. Балаларда дерматит, нефрит, артритпен, шырыштың зақымдануы, антифосфолипидты синдром, анемия, тромбоцитопениямен сипатталатын дәнекер тінінің жүйелі ауруы:
* дерматополимиозит
* ювенильді ревматоидты артрит
*+жүйелі қызыл жегі
* түйінді периартериит
* жүйелі склероз
150. 13-жастағы науқаста 3 ай бойы субфебрилитет, теріде қайталамалы полиморфты бөртпелер, аңқасында саңырауқұлақтық элементтер, стоматит, хейлит, шаштарының түсуі бар. Артрит болған, қазір артралгия. Жүрек тондары әлсіреген, тахикардия. Қанда лейкопения, коагулограммада ұйығыштық өзгеріс бар. Қандай диагнозды алдын-ала қойып, тексерулер жасайсыз?
* дерматополимиозит
* ювенильді ревматоидты артрит
*+ жүйелі қызыл жегі
* түйінді периартериит
* ревматикалық қызба (кардит, артрит)
151. 12 жастағы науқаста саусақ терілерінің атрофиясы, тырнақтары жұқарған, ақ дақтар көрінеді. Саусақ буындарының контрактурасы, қолдары ақшыл, тоңады. Қарап тексергенде: бет әлпеті маска тәрізді, ауызы толық ашылмайды. Сіздің диагнозыңыз:
* дерматополимиозит
* ювенильді ревматоидты артрит
* жүйелі қызыл жегі
* түйінді периартериит
*+жүйелі склероз
152. Аурудың көріністері: саусақтарының ұшы, тері және тері асты тіндерінің атрофиясы, бет әлпеті өзгерімимикасы бұзылған, кейде артралгия. Қанда айқын ауытқулар жоқ. ЭТЖ өзгермеген. Сіздің диагнозыңыз:
* дерматитпен айқындалған дерматополимиозит
* ювенильді ревматоидты артрит, буынды түрі
* жүйелі қызыл ноқта, I дәрежелі белсенділік
* түйінді полиартериит, перифериялық түрі
*+ жүйелі склероз, акросклерозды түрі
153. 10 жастағы қыз. Ауырғанына 3 жыл болды. Қарап тексергенде ауызы толық ашылмайды, бет әлпеті маска тәрізді. Қастары, кірпіктері жоқ, шаштары жұқа, саусақтары жіңішкерген, «құс тырнақтары» сияқты иілген, контрактура. Қолдарының терісі атрофияға ұшыраған, ұстағанда салқын, жылуы жоқ. Сіздің алдын-ала диагнозыңыз:
* дерматополимиозит
* ревматоидты артрит
* жүйелі қызыл ноқта
* Рейтер ауруы
*+жүйелі склероз
154. 8 жастағы қызда соңғы айда әлсіздік пайда болды, төсектен әрең тұрады, жүруі баяулап, қиындаған. Қарап тексергенде – периорбитальді ісінулер, терісі гиперемиямен, саусақ буындарының сыртқы бүгісі терісінің эритемасы, проксимальды бұлшық еттері тығыздалған, ауырады, ұстағанда, басып қарағанда қамыр тәріздес. Сөйлегені міңгірлеп шығады, тамақ ішкенде сұйығы мұрынынан шығады, жұтынғанда шашалады. Қанында КФК және альдолаза көбейген. Алдын ала диагноз:
*+дерматополимиозит
* миозит
* жүйелі қызыл ноқта
* псевдобульбарлы паралич
* жүйелі склероз
155. 12 жастағы ауыратын қыздың диагнозы: Жүйелі склероз. Ұзақ, айлар, жыл бойы емдеуге қажет дәрі:
* преднизолон
*+метотрексат (методжект)
* бициллин
* индометацин
* имуран
156. 8 жастағы ауру қыздың диагнозы дерматополимиозит. Проксимальді бұлшық еттері тығыздалған, әлсіздік, жүруі қиын, және бұлшық еттерде ауру сезімі, дерматит белгілері байқалады және даусы маңқылдайды. Емдеу үшін қажетті дәрі:
*+преднизолон
* АТФ
* эритромицин
* диклофенак
* хлорохин
157. 13 жастағы қыз. Ауруы диагнозы – «Жүйелі қызыл ноқта, ІІ-дәрежелі, дерматит, артрит, кардит, НК0». Ауруханада емделіп шықты. Ауру белгілері азайды, белсенділік бірінші дәрежеге төмендеді. Хал-жағдайы тәуір, оқуына кірісті. Ауру емін үйде жүріп жалғастыруға қажет дәрі:
*+преднизолон
* плаквенил
* солсосерил
* индометацин
* фолий қышқылы витамині
158. 6 жастағы баланың қол-аяқ, бетінің тері және теріасты тіндері беріштеніп өзгерген. Беті «маска тәрізді», үстінде ошақты гиперпигментация және трофикалық бұзылыстар. Тәбеті сақталған, бірақ қою тамақ жұтуы қиындаған. Клиниалық диагнозды нақтылау үшін қажетті зерттеулер:
* қанның жалпы анализі
* асқазан сөлінің анализі
* коагулограмма
*+өңештің барий ботқасымен рентгенографиясы
* асқазан, ішек жолдарын УДЗ
159. Эритема және периорбитальді ісінумен, тұла бойдағы, әсіресе қол-аяқ бұлшықеттерінің тым және ауыруымен, кейін бұлшықеттер кальцинозы дамуымен сипатталатын дәнекер тіннің ауруы:
*+дерматополимиозит
* ювенильді идиопатиялық артрит
*жүйелі қызыл ноқта
* түйінді полиартериит
* жүйелі склероз
160. CREST – синдром қай аурудың түрі?
* жүйелі қызыл ноқта
* ювенильді ревматоидты артрит
*+жүйелі склероз
* ревматикалық қызба
* дерматополимиозит
161. Дәнекер тінінің қай ауруы жиі Рейно синдромынан басталады?
* аортоартериит
* ювенильдік ревматоидты артрит
*+жүйелі склероз
* дерматополимиозит
* жедел ревматикалық қызба
162. Науқастың болжам диагнозы: «дерматополимиозит», орташа ауырлықтағы ағым, қажетті лабораторлық зерттеу:
* бета-гемолитикалық стрептококк культивациясы
* ревматоидты фактор деңгейі
*+креатинфосфокиназа деңгейі
* LE-клеткаларын анықтау
* Sm-антигенге қарсыденелерді анықтау
163 Тері түсінің өзгеруі (дисхромия) және саусауқ терісінің «темекі қағазы» симптомы қай ауруға тән?
* жүйелі қызыл ноқтаға
* ювенильді ревматоидты артритке
* жүйелі склеродермияға
* ревматизмге
*+дерматополимиозитке
164. Жүйелі қызыл ноқта үшін диагностикалық маңызы зор:
* А,М, G иммуноглобулиндерге зерттеу
*+екіспиральді ДНҚ-ға қарсы денелер
* ревматоидты фактор титрін анықтау
* СРБ және ЭТЖ деңгейін анықтау
* креатинфосфокиназа деңгейін анықтау
165. Жүйелі қызыл ноқтаның диагностикалық критерилеріне кіреді:
* артрит, анкилоздар, бүгілу контрактуралары
* таңертеңгі құрысу, артрит, қызынулар
*+нефрит, дерматит, хейлит
* терідегі тыртықтар, бұлшық ет атрофиясы, эзофагопатия
* миозит, Рейно феномені, кальцинаттар
166. Антифосфолипидті синдром қай ауруда болады?
* дерматополимиозит
* жүйелі склеродермия
* ревматоидты артрит
*+жүйелі қызыл ноқта
* түйінді полиартериит
167. Фотосенсибилизация дәнекер тіні жүйелі ауруларының қайсысына тән:
*+жүйелі қызыл ноқта
* ювенильді ревматоидты артрит
* түйінді полиартериит
* ревматикалық қызба
* дерматополимиозит
168. Полисерозит дәнекер тіні жүйелі ауруының диагноздық критериі:
* ревматикалық қызба
* ювенильді ревматоидты артрит
*+жүйелі қызыл ноқта
* дерматополимиозит
* жүйелі склероз
169. Орхит және ұмадағы ауру сезімі қандай жүйелі васкулиттің диагноздық критериі:
* жүйелі қызыл ноқта
* ювенильді ревматоидты артрит
*+түйінді полиартериит
* жүйелі склероз
* дерматомиозит
170. Терінің тыртықты өзгерістері, рентгенограммадағы эзофагопатия, аурудың Рейно синдромы және артритпен басталуы қай ауруға тән?
* түйінді полиартерит
*+жүйелі склероз
* жүйелі қызыл ноқта
* дерматополимиозит
* ювенильді ревматоидты артрит
172. Қыз бала 14 жаста. Ауырғанына 5 жыл. Терісінде, тері астында, дененің сол жағында және сол жақ аяқ-қолында диффузды тыртықты өзгерістер. Өңештің және перистальтикасы бұзылуы бар. Осы жылдан бастап ентігуге, кеуде қуысындағы ауру сезіміне шағымданады. Рентгенограммада жүрек көлемі кішірейген, өкпелерінде - пневмофиброз.
Төмендегі диагноздардың қайсысына тән:
* жүйелі қызыл ноқта
* ювенильді ревматоид артриті
* дерматополимиозит
* түйінді полиартериит
*+жүйелі склероз
173. Тіндердің кальцинозымен көрінетін Тибьерж-Вейссенбах синдромы қай ауруға тән?
* ювенильді ревматоид артриті
* дерматополимиозит
*+жүйелі склероз
* жүйелі қызыл ноқта
* түйінді полиартерит
174. 12 жастағы ұл бала. Терісінде тыртықтардың пайда болуына, қол саусақтарындағы «құмырсқа жыбыры» сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: балтыр терісінде беті жылтыр сопақша тыртықтар. Тыртықтардың астында тері асты клетчаткасының атрофиясы. Қол саусақтары контрактурамен бүгілген. Бұл ауруды емдеудің негізгі дәрілері:
* делагил, вольтарен
* индометацин, долгит-крем
* имуран, пенициллин
* вольтарен, преднизолон
*+методжект, курантил
178. Созылмалы іріңдеуімен асқынған бұлшық еттердің кальцинозы төменде берілген аурулардың қайсысына тән:
* ревматикалық қызба
* түйінді полиартерит
*+полимиозит
* жүйелі қызыл ноқта
* ювенилді ревматоидты артрит
179. 12 жастағы қыз бала. Бір ай бұрын қолы мен аяғының әлсіздігі, қабақтарында күлгін түсті эритема пайда болды. Пальпацияда проксимальды бұлшық еттердің аыуруы және қамыр тектес тығыздануы мен ауру сезімі анық байқалады. Төсектен тұруы қиын, жүрісі әлсіреген, баспалдақпен көтерілуі қиындаған. Берілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін:
*+дерматополимиозит
* жүйелі қызыл ноқта
* жүйелі склероз
* түйінді полиартерит
* түйінді эритема
180. Қанда anti-So-I-қарсы денелердің (гистадил-tRNA синтетаза) пайда болуы қай аурудың диагностикалық критериі?
*+дерматополимиозит
* жүйелі қызыл ноқта
* жүйелі склероз
* түйінді полиартериит
* ошақты склеродермия
182. Готтрон симптомы, «папирос қағазы» симптомы және пойкилодермия дәнекер тіні ауруларының қайсысына тән:
* жүйелі қызыл ноқта
* ювенильді ревматоидты артрит
*+дерматополимиозит
* түйінді полиартериит
* жүйелі склероз
184. Дерматополимиозит диагнозын дәлелдеу үшін қажет қан зерттеулері:
*+қандағы креатинфосфокиназа, альдолаза деңгейін анықтау
* LE-жасушаларын анықтау
* нативті ДНК-ға қарсы денелерді анықтау
* гематоксилин денешіктерін анықтау
* АСЛ-О титрін анықтау
185. Дерматополимиозиттің диагностикалық критериі:
*+үстінгі қабақтар терісі ісінуі, эритема күлгінкөк түсті
* буын аймағындағы тері асты түйіндер
* қол-аяқ бұлшық еттерінің гипертонусы
* сақина тәрізді эритема
* орталыққа жүгірген эритема
186. Гиперкератоз, шынтақ және тізе буындары сыртындағы «кірлі дақтар», бұлшіқеттер ісінуі мен әлсіздігі, пойкилодермия - қай аурудың көріністері?
* жүйелі склероз
* ювенилді ревматоидты артрит
* түйінді полиартериит
* Рейтер ауруы
*+дерматополимиозит
187. Афония, дизартрия, дисфагия, бұлшық еттердің жалпы әлсіздіғі мен әрқилы терілік симптомдар қай ауруға тән?
* жүйелі склероз
* түйінді полиартериит
* жүйелі қызыл ноқта
*+дерматополимиозит
* ювенилді ревматоидты артрит
188. Төмендегі терілік белгілердің қайсысы жүйелі қызыл ноқтаға тән:
*+беттегі "көбелек" тәрізді эритема
* «кисетті ауыз»
* «маска тәрізді» бет терісі және әлпеті
* периорбиталды эритема
* сақиналы эритема
189. Қай клиникалық көрсеткіш жүйелі қызыл ноқтаның жоғарғы белсенділігін сипаттайды:
*+экссудативті перикардит
* дененің субфебрилді температурасы
* аннулярлы эритемы
* артралгия
* миалгия
190. Науқаста периорбитальдық күлгін эритема, ерін және ауыз қуысы шырышты қабаттарының қабынуы, дауыстың монотонды бұзылысы. Қай диагнозға сай келеді?
* псориатикалық артрит
* жүйелі қызыл ноқта
* склеродермия
*+дерматополимиозит
* ревматикалық қызба
191. Қыз бала 13 жаста, 3 апта бойы буындарының ауруы, қызба, бетінде күнге тисе көбейетін бөртпелер анықталады. Тексеру барысында қанда гематоксилин денешіктері, ДНҚ-ға қарсыденелер анықталды. Диагноз қойыныз:
* ревматоидты артрит
* жүйелі склеродермия
*+жүйелі қызыл ноқта
* ревматикалық қызба
* дерматополимиозит
192. 14 жастағы қыз бала 1,5-айда 4 кг-ға арықтады. Бұлшық еттері әлсіз, жүруі және баспалдақпен көтерілуі қиындаған, миалгиялар. Жұтынуы қиын, терінің көз айналасындағы ісінуі. Қан сарысуында – креатинфосфокиназа мен миоглобиннің деңгейі жоғарылаған. Қай диагнозға сәйкес:
* Шегрен ауруы
* Бехтерев ауруы
* склеродермия
*+дерматомиозит
* жүйелі қызыл ноқта
193. Зертханалық мәліметтері: ЭТЖ, СРБ қатты жоғарылаған. LE- жасушалар көп, гематоксилин денешіктері бар, ДНҚ мен АНФ – ға қарсы денелер титрінің жоғарылауында деңгейі. Қай ауруға тән?
* ревматикалық қызба
* жүйелі склеродермия
*+жүйелі қызыл ноқта
* дерматомиозит
* ревматоидты артрит
194. Науқас С., 11 жаста, мұрынның қыры мен жақ сүйегінің доғасында эритема, симметриялық полиартрит, нефрит. Қанда: анемия, тромбоцитопения, лейкопения, ЭТЖ жоғарлаған. Хазерик триадаса оң. Мүмкін диагноз:
* ревматикалық қызба
* түйінді полиартериит
* дерматомиозит
* жүйелі склеродермия
*+жүйелі қызыл ноқта
195. Қарап тексергенде науқаста саусақ буыны артриті, телеангиэктазиялар. Рейно синдромы; кеуде терісінде ошақты индурация және терінің тыртықтары бар, қою тағамды жұтуы қиындаған. ЭТЖ 25 мм/сағ. Мүмкін диагноз:
* түйінді полиартериит
* ревматоидты артрит
* жүйелі қызыл ноқта
* дерматомиозит
*+жүйелі склеродермия
196. 7 жастағы науқастың анализінде қан сарысуында альдолаза, креатинфосфокиназа, тропонин деңгейлерінің жоғарылауы анықталды. Айқын пойкилодермия, қол саусақтарының терісі жұқарған. Аяқ-қолдарының проксимальды бұлшық еттері ісіеген, әлсіз. Болжам диагнозыңыз:
* түйінді полиартериит
* жүйелі қызыл ноқта
* ревматикалық қызба
* жүйелі склеродермия
*+дерматомиозит
197. Бала 14 жаста, қол және аяқ саусақтарының ауруы, тоңып жансыздануы. Объективті: саусақтары бозарған, суық. Осы көріністер соңғы бір жыл көлемінде байқалады. Болжам диагноз:
* түйінді полиартериит
* дерматомиозит
*+Рейно синдромы
* жүйелі қызыл ноқта
* ревматоидты артрит
198. Бала 14 жаста. Диагнозы: «Жүйелі склеродермия. Рейно синдромы». Склеродермия емінде қай дәрі тағайындалады?
* антикоагулянттар
* стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер
*+метотрексат (методжект)
* бета-блокаторлар
* димексид
199. 15 жастағы қыз бала. Жазда өзенде шомылғаннан кейін дене қызуының 40 градусқа көтерілуі, ентігу, жөтел, бойында ісіктер пайда болды. Объективті: терісінде полиморфты бөртпелер көп мөлшерде, лимфоаденопатия, бетінің және мұрын қырының эритемасы, полисерозит, кардит, нефрит белгілері. ЖҚС - эр.-2,4x10^12/л, Нв-70г/л, лейк,-2,5x10^9 /л, LЕ жасушалар - 5:1000, гематоксилин денешіктері оң. Мүмкін диагноз:
* түінді полиартериит
* жүйелі склеродермия
*+жүйелі қызыл ноқта
* дерматомиозит
* жедел ревматикалық қызба
200. 15 жастағы қыз бала. Жазда өзенде шомылғаннан кейін дене қызуының 40 градусқа көтерілуі, ентігу, жөтел, ісіктер шағымданады. Объективті: терідегі полиморфты бөртпелер көп мөлшерде, лимфоаденопатия, бетінің және мұрын қырының эритемасы, полисерозит, кардит, нефрит белгілері. ЖҚТ - эр.-2,4x10^12/л, Нв-70г/л, лейк,-2,5x10^9/л, ЭТЖ -50 мм/сағ. LЕ-жасушалар - 5:1000, гематоксилин денешіктері оң. Емінде ең алдымен тағайындау қажет:
* циклофосфан
* кризанол
*+преднизолон
* стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер
* Д-пеницилламин
201. Рейно синдромы, эзофагопатия, тері-буындық контрактуралар, терілік тыртықтар. Бүл клиникалық көріністер төменде көрсетілген диагноздардың қайсысына сәйкес?
* спецификалық емес аортоартериит
* жүйелі қызыл ноқта
* ревматоидты артрит
*+жүйелі склеродермия
* түйінді полиартериит
202. Қай аурудың соңғы сатысында жүрек көлемінің кішіреюі, өкпе суретінің «ара ұясы» суреті, ренагенограммада мөлдірлігі нің күшеюі байқалады?
* түйінді полиартериит
* жүйелі қызыл ноқта
* ревматоидты артрит
*+жүйелі склероз
* дерматомиозит
! Жүйелі склеродермияның болжамын қай синдром ауырлатады?
* жекеленген қуық синдромы
* Рейно синдромы
*+"шынайы склеродермиялық бүйрек"
* кальциноздың дамуы
* терідегі өзгерістер
205. Дерматополимиозитке тән белгі:
* дискоидты ошақтар
* кілегей қабатының жаралы-эрозивті зақымдануы
*+супраорбитальды ісіну мен периорбитальды күлгін шырайлы гиперемия
* тырнақ фаланга остеолизі
* телеангиэктазиялар
206. Дерматополимиозитті емдеудегі таңдаулы дәрі:
* индометацин
* делагил
*+преднизолон
* купренил
* циклофосфан
207. Жүйелі қызыл ноқтадағы метипредпен пульс-терапияға көрсеткіш:
*+жедел басталуы, ІІ-ІІІ-дәрежелі белсенділігі
* инфекциялық асқынулар
* сан сүйегі эпифизінің асептикалық некрозы
* фотосенсибилизация
* аурудың дискоидты түрі
209. 10 жастағы қыз бала дене қызуы 38-39oC, бетінде, мойнында, кеудесінде эритематозды бөртпелерге, тізе және тобық буындарының ісінуіне шағымданады. ЖҚС– эр. 2,5х 1012/л, Нв - 87 г/л, ЭТЖ – 68 мм/сағ. Қанда 2-тізбекті ДНҚ-ға қарсыденелер оң.
Мүмкін диагноз:
* жүйелі склеродермия
*+жүйелі қызыл ноқта
* геморрагиялық васкулит
* ревматоидты артрит
* дерматополимиозит
210. Либман-Сакс эндокардиті мына ауруда болады:
* ревматикалық қызба
*+жүйелі қызыл ноқта
* жүйелі склеродермия
* дерматомиозит
* ревматикалық полимиалгия
211. Науқаста жүйелі қызыл ноқтаның белсенділігі жоғары. Зерттеуде ауруға тән қандай өзгеріс байқалуы мумкін?
* абсолютті нейтрофилез
* антинуклеарлы фактор теріс
*+ДНК-ға қарсыденелер оң
* салыстырмалы лимфоцитоз
* ЭТЖ- 30 мм/сағ
212. 12 жастағы ұл бала, жұтынуын қиындауы мен ішінің жиі қатуына саусақтары мен табанының мұздауы мен жансыздануына, қолдағы ұсақ буындардағы ауру сезіміне шағымданады. Өңештің рентгенографиясында: жоғарғы бөлігінің диффузды кеңеюі мен төменгі үштен бір бөлігінің тарылуы, перистальтикасының әлсіреуі, өңештің қабырғасының ригидтілігі анықталды. Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мумкін?
*+жүйелі склеродермия
* жүйелі қызыл ноқта
* дерматомиозит
* ревматоидты артрит
* ревматикалық қызба
213. Науқас Г. 12 жаста, еріндері жарылған, тілі мен қызыл иегі гиперемияланған. Қол саусақ буындары терісінің эритемасы, шынтақ және тізе буындарының үсті ісінген және гиперпигментацияланған. Науқас біреудің көмегінсіз төсектен тұра алмайды және қолын, аяғын көтере алмайды. Шашалу және тағамның мұрын қуысына түсуіне шағымданады, жай міңгірлеп жүретін сөйлеу, транзиторлы протеинурия анықталады. Сіздің болжам диагнозыңыз:
* түйінді полиартериит
* жүйелі склеродермия
*+идиопатиялық дерматомиозит
* ревматикалық полимиалгия
* ревматикалық қызба
214. Дерматополимиозитті анықтауда маңызды:
* зәр қышқылының жоғары деңгейі
* жеделфазалық ақуыздардың деңгейі жоғарылауы
*+ креатинфосфокиназа деңгейі жоғарылауы
* оксипролин деңгейі жоғарылауы
* гемолитикалық анемия болуы
215. Төмендегілердің қайсысы антифосфолипидтік синдромға тән?
* Кумбс реакциясы оң - анемия, антитромбоцитарлық қарсыденелердің болуы
*+кардиолипинге қарсы денелер, жүйелі қызыл ноқталық антикоагулянт, жалған (+) Вассерман реакциясы
* 2-спиральді ДНК-ға антиденелер
* 1-спиральді ДНК-ға қарсыденелердің болуы
* антистрептококкокты қарсыденелердің жоғарғы титрі, оң Вассерман реакциясы
216. 13 жастағы ұл балада күлгін түсті параорбитальді ісік пен бұлшық ет әлсіздігі, қызба, шашалумен жүретін дисфагия. ЭТЖ – 40 мм/сағ. «Дерматополимиозит, ІІ-дәрежелі белсенділігі» диагнозы қойылған. Тәуліктік дозасы 5 мг преднизолонмен жеті күн бойы емдеу науқастың жағдайын айтарлықтай жақсартқан жоқ. Емнің тиімсіздік себебін атаңыз:
* қосымша инфекция
*+преднизолонның дозасы жеткіліксіз
* нәтижеге жету үшін аз уақыт өтті
* преднизолоды енгізудің басқа жолын таңдау
* қате диагноз
217. Төмендегілердің қайсысы склеродермиядағы дисфагияға неғұрлым тән?
*+қою тағамның өңешге іркілуі
* сұйықтықтың өңешге іркілуі
* жұту қиын, тағамның сұйығы мүрыннан шығады
* тамақтың ауызға қайта келуі, құсу
* кеудедегі ауыру сезімі, қыжылдау
218. Төмендегі дәрілердің ішінде асқазан-ішек шырышты қабатына жағымсыз әсері жоғы?
* индометацин
* бутадион
* напроксен
* пироксикам
*+нимесулид
219. Қай дәрі жүйелі склеродермияны емдеуге қолданылады?
*+Методжект
* Мабтера
* Циклофосфан
* Азатиоприн
* Диклофенак
220. Ювенильді ревматоидты артриттің жүйелік вариантарының бірі:
* Рейно синдромы
*+Стилл синдромы
* Шенлейн-Генох синдромы
* Марфан синдромы
* Рейтер синдромы
221. ЮРА диагнозында қанда деңгейі жоғары болуы мүмкін:
* антистрептолизин – О титрінің
* стрептококқа қарсы антиденелердің
* Райт-Хеддельсон реакциясының
*+ревматоидтық фактордың
* альдолазаның
222. Ювенильді ревматоидты артриттің буындық вариантына тән:
* конъюнктивит, моноартрит, уретрит
* бір тізе және бір тобық буыны артриті
*+симметриялық артрит, таңертеңгілік құрысу
* артриттің ұшпалылығы, кардит
* артрит, абдоминалдық синдром және бүйрек зақымдануы
223. ЮРА-ның буындық түрінің емінде қолданылатын таңдаулы препарат:
* преднизолон, циклофосфан
* пеницилламин, азатиоприн
*+нимесулид, методжект
* индометацин, курантил
* ибуфен, преднизолон
224. ЮРА-ның жүйелік түрінің емінде қолданылатын препараттар:
* преднизолон, азатиоприн, иммуноглобулин, гепарин
* иммуноглобулиндер, гепарин, пенициллин, метотрексат
* пеницилламин, курантил, индометацин, методжект
* ибуфен, пенициллин, метотрексат, гепарин
*+индометацин, методжект, преднизолон, ген-инженерлік биопрепараттар
225. ЮИА еміндегі «алтын» стандартқа кіреді:
* цефазолин
* циклофосфан
* плаквенил
*+метотрексат
* циклоспорин
226. Ювенильді идиопатиялық артриттің буындық түрінде келесі ем кешені ЕҢ тиімді:
* ибуфен, курантил, азатиоприн
* ибуфен, циклофосфан, АТФ
*+ибуфен, делагил, методжект
* сумамед, делагил, метотрексат
* плаквенил, рибоксин, ибуфен
227. Ұл бала 5 жаста. Дене қызуының 37,5 С-ке дейін көтерілуі, буындағы ауыру сезімі мазалайды. Ауруы 3 айдан бұрын басталды. Таңертеңгілік құрысу пайда болды. Екі тобық және оң тізе буыны көлемі ұлғайған, ауырады, жүрісі өзгерген. Шап, тізе асты лимфа түйіндері II-III өлшемге ұлғайған. ЖҚС – лейкоциттер-15*109/л, ЭТЖ – 27 мм/сағ.
Аталған аурулардың ішінде ЕҢ МҮМКІНІ:
* ревматикалық қызба
*+ЮРА, буындық варианты
* Стилл ауруы
* ЮИА, жүйелі вариант
* реактивті артрит
228. Қыз бала, 8 жасар. 3 жасынан ауырады. Ауру басында– оң тізе буыны артриті, 3 айдың ішінде сол тізе буыны, екі шыбық-алақан және тобық буындары қосылған. Объективті: тізе мен шыбық-алақан буындары деформациясы, буын жазылудың шектелуі, таңертеңгілік құрысу. ЭТЖ 35 мм/сағ. Диагноз: ЮИА, полиартриттік субтип, II-дәрежелі белсенділігі. Ем тағайындаңыз:
* плаквенил, ибуфен, физиотерапия
*+нимесил, методжект, преднизолон
* ровамицин, ибуфен, метотрексат
* методжект, ибуфен, курантил
* мабтера, азатиоприн, ибуфен
229. 10 жасар ұл бала. 6 ай бойы ауырады. Объективті: екі тізе буыны үлкейген, ұстағанда ыстық, буындағы қозғалысы шектелген, аурыру сезімімен. Тобық және шынтақ буындары артриті. Таңертеңгілік құрысу. Аталған аурулардың ішіндегі ЕҢ мүмкіні:
* реактивті артрит
* жұйелі қызыл ноқта
*+ювенильдік ревматоидты артрит
* Рейтер ауруы
* бруцеллезді артрит
230. 9 жасар ұл бала. Ауырғанына 4 жыл. Объективті: екі тізе буыны ісіенген, ұстағанда ыстық, қозғалысы шектелген, ауырсынады. Бір ай бұрын тобық және шынтақ буындарының артриті пайда болды. Таңертеңгілік құрысу. Ең қажетті лабораторлық зертеу:
* жалпы қан сынағы
* С-реактивті белок
* LE-клеткалар
*+ревматоидты фактор
* Райт, Хеддельсон реакциялары
231. 10 жасар қыз. Буындарындағы таңертеңгілік құрысуға шағымданады. Төсектен тұруы, киінуі қиын. Бір жылдай ауырады. Қарап тексергенде қолдың фалангааралық буындарында деформация анықталады. Зақымданған буындарда қозғалыстың шектелуі. Ішкі ағзалар жағынан патология жоқ. ЭТЖ 20 мм/сағ.
Аталған аурулардың ішіндегі ең мүмкіні:
* ревматикалық қызба
* Рейтер синдромы
* реактивті артрит
*+ювенильдік ревматоидтық артрит
* бруцеллез, полиартрит
232. 10 жасар қыз бала. Ауырғанына 6 ай болды. Объективті: түрі бозғылт, алақан мен табаны тершең, эмоционалдық лабильділік. Аяғының фалангааралық буындарында, сол тобық буынында ауры сезімі бар. Таңертеңгілік құрысу соңғы 3 айдай. Аяғының фалангааралық буындарында, сол тобық буынында ісіңкілік. Олардағы қозғалыс аурысынумен, шектелген. Ішкі ағзалар жағынан өзгерістер жоқ.
ЖҚС: эритр - 3,9*1012/л, т.к- 0,8; Нв -110 г/л; лейк-9,0*109/л; э-3, п-4, с-63, л-38, м-5; ЭТЖ 30 мм/сағ. Қан биохимиясында: сиал сынағы 300 бірлік., СРБ++.
Аталғандардың ішіндегі ЕҢ мүмкін диагноз:
* бруцеллезді артрит
* Рейтер синдромы
* ревматикалық қызба, полиартрит
*+ювенильдік идиопатиялық артрит, буындық вариант
* жүйелі қызыл ноқта
233. 9 жасар қыз бала, 7 жасынан ауырады. Аурудың басында – оң тізе буыны артриті, 3 айдан соң сол тізе, шыбық-алақан буындарының артриті қосылды; ЭТЖ 30 мм/сағ. Болжам клиникалық диагноз:
* ревматикалық қызба
* Рейтер ауруы
*+ювенильдік идиопатиялық артрит, буындық вариант
* бруцеллез
* артропатия
234. Ювенильді идиопатиялық артритінің жүйелі түрінің бастапқы еміндегі тиімді кешен:
* преднизолон, ибупрофен, иммуноглобулин
* ибупрофен, методжект, актемра
* пеницилламин, курантил, индометацин
* плаквенил, вольтарен, метотрексат
*+индометацин, методжект, преднизолон
235. Ювенильді идиопатиялық артриттің буындық түрінде таңдаулы дәрі:
* преднизолон
* дексаметазон
*+методжект
* купренил
* курантил
236. Ювенильді идиопатиялық артриттің емінде мына препаратты тағайындау методжектің токсикалық әсерін азайтады:
*+фолий қышқылы
* аспаркам
* витамин Е
* курантил
* аскорбиновая кислота
237. Ювенильді идиопатиялық артритінде науқаста тромбоциттер адгезиясын төмендететін дәрі:
* гепарин
*+курантил
* викасол
* папаверин
* жаңа тоңазытылған плазма
238. 10 жасар ювенильді идиопатиялық артриттің жүйелік түрімен науқас екі ай бойы тәулігіне 15 мг преднизолон қабылдап жүр. Бүйрекүсті безі жетіспеушілігінің алдын алу үшін тағайындалады:
*+бүйрекүсті безі индуктотермиясы
* А витамині
* хвоя ванналары
* емдік физикалық шынықтыру
* массаж
240. Ювенильді идиопатиялық артритте гендік-инженерлік биологиялық препараттың инфузиясы сеансының алдында енгізіледі:
*+преднизолон
* фолий қышқылы
* көктамырға физиологиялық ерітінді
* кең спектрлі әсерлі антибиотик
* гепарин
241. Ювенильді идиопатиялық артритпен науқасқа дене салмағы ≥ 30 кг болса, тоцилизумаб мөлшері:
* 11 мг/кг т/і, тамшылатып 2 аптада 1 рет
* 10 мг/кг т/і, тамшылатып 2 аптада 1 рет
* 9 мг/кг т/і, тамшылатып 2 аптада 1 рет
*+8 мг/кг т/і, тамшылатып 2 аптада 1 рет
* 7 мг/кг т/і, тамшылатып 2 аптада 1 рет
242. Дене салмағы ≤ 30 кг науқастарға тоцилизумаб келесі есептен тағайындалады:
* 8 мг/кг т/і, тамшылатып 2 аптада 1 рет
* 9 мг/кг т/і, тамшылатып 2 аптада 1 рет
* 10 мг/кг т/і, тамшылатып 2 аптада 1 рет
* 11 г/кг т/і, тамшылатып 2 аптада 1 рет
*+12 мг/кг т/і, тамшылатып 2 аптада 1 рет
243. Ювенильді идиопатиялық артритпен балаларға аурудың ремиссиясына дейін болмайды:
* емдік дене шынықтыру
*+вакцинация
* локалды ем
* иммуносупрессивті терапия
* фитотерапия
244. Ювенильді ревматоидты артриттің қолайсыз болжамы белгісі болуы мүмкін:
* аурудың жүйелік көрінісі
*+оң РФ
* энтезиттермен артриттер
* СЕҚҚП резистенттілік
* таңертеңгілік құрысудың болуы
245. Ювенильді идиопатиялық артритте гендік-инженерлік биологиялық препаратпен емдеу беру алдында маманның кеңесі қажет:
* невропатолог
* стоматолог
*+фтизиатр
* окулист
*ЛОР
246. Ревматоидты артритпен ауыруы мүмкін жас:
* пубертаттық кезең
* 1 жасқа дейін
* 3-жасқа дейін
* мектеп жасында
*+барлық жаста
247. Буындардағы таңертеңгілік құрысу симптомы тән:
* Рейтер синдромына
*+ювенильді ревматоидты артритке
* жүйелі қызыл ноқтаға
* ревматикалық қызбаға
* бруцеллезге
248. Ювенильді идиопатиялық артритте болатын шағым:
* омыртқа бағанында ауру сезімі
* миалгиялар
*+буындардағы таңертеңгілік құрысу
* қол мен аяқтың ұюы
* өкше сүйегінің ауыруы
249. Ювенильді идиопатиялық артриттер диагноздық критериіне кіретін артрит:
* тізе
* тобық
* шынтақ
* жамбас-сан
*+қол-басы буындарының
250. Қай ауруға мойын омыртқа буындарының зақымдануы тән?
* Рейтер синдромы
* ЖҚН
*+ЮРА
* дерматомиозит
* бруцеллез
251. Қай ауруға буындардың деформациясы тән?
* ревматикалық қызба
*+ЮРА
* дерматополимиозит
* ЖҚН
* жүйелі склероз
252. Ювенильді идиопатиялық артриттің ағымындағы тым қауіпті асқыну:
* сепсис дамуы
* кардит дамуы
* нефрит дамуы
* тромбоэмболия
*+макрофагтар белсенуі синдромы
253. Ювенильді идиопатиялық артриттің еміндегі негізгі бағыт:
* антибактериальдық
* иммунитетті көтеру
*+қабыну азайту, тоқтату
* дезинтоксикациялық
* гипосенсибилизациялаушы
254. Ювенильдік артриттерде ең жиі тағайындалатын препарат:
*+диклофенак
* бетаметазон
* метотрексат
* супрастин
* делагил
255. Ювенильді ревматоидты артритте ГКС-пені ұзақ уақыт емдегенде дамиды:
* тромбтүзудің жоғарылауы
* артериалдық қан қысымның төмендеуі
*+бүйрек үсті безінің атрофиясы
* сепсис
* гастропатиялар
256. Цитостатиктар емдегенде жасайтын қажет анализ:
* көру жағдайын
*+жалпы қан сынағы
* коагулограмма
* қандағы глюкоза деңгейі
* жалпы зәр анализі
257. Асқазақ-ішекте ЮИА-дағы асқынулар келесі дәріден болуы мүмкін:
*+диклофенак
* фолий қышқылы
* методжект
* актемра
* плаквенил
258. Ювенильді идиопатиялық артритке тән көздің зақымдануы:
* глаукома
* миопия
* катаракта
*+увеит
* торлы қабықтың ажырауы
259. Ювенильді ревматоидты артритте буынішіне енгізілетін дәрінің түрі:
*+дипроспан
* солюмедрол
* преднизолон
* голимумаб
* диклоберл
260. Туберкулезді артрит емес екенін ажыратудағы қажетті тексеру:
* +диаскин-тест, өкпе рентгенографиясы
* Пирке реакциясы, бактериологиялық тексеру
* иммуноглобулиндер анықтау
* плевра пункциясы
* лимфа түйіндері, ауыратын буын пункциясы
261. Артриттің ерте рентгенологиялық белгісі:
*+буын саңылауы кеңеюі
* буын саңылауы тарылуы
* буындық остеопороз
* буын беттерінің узурациясы
* буын анкилоздануы
262. Ювенильді идиопатиялық артриттің рентгенограммадағы қайтымсыз өзгерістері:
* буын саңылауының тарылуы
*+анкилоз
* остеопороз
* буын саңылауы кеңеюі
* сүйек эрозиясы
263. Ювенильді идиопатиялық артриттің 2 сатысындағы буындардың рентгенологиялық өзгерістері:
*+остеопороз, сүйек эрозиялары
* кальциноз
* анкилоз
* буын саңылауы кеңеюі
* шығулар
264. 8 жастағы науқаста үш аптадан бері әлсіздік, қол-аяқ бұлшық еттерінде айқын ауру сезімі, артралгия пайда болды. Дене қызуы 38-390C . Қан қысымы 160/120 мм.с.бағ. Көруі нашарлап, салмағы үш кг-ға төмендеген. Науқастың санының терісінде айтарлықтай локальды қан тамырлық өзгерістер бар, тіндердің ыдырауы байқалады. Алдын ала диагноз:
* +түйінді полиартериит
* дерматополимиозит
* жүйелі қызыл ноқта
* жүйелі склероз
* ревматикалық қызба
265. Коронарлы синдром қай ауруда жиірек болады?
* жүйелі қызыл ноқтада
* ювенилді ревматоидты артритте
* геморрагиялық васкулитте
* + түйінді полиартеритте
* түйінді эритемада
266. Шажырқай қан тамырларынан қан кету қай ауруда кездеседі?
* жедел ревматикалық қызбада
* дерматополимиозитте
* +түйінді полиартеритте
* ювенилді ревматоидты артритте
* жүйелі склеродермияда
267. Орта және ұсақ калибрлі артерия зақымдануымен жүйелі васкулитке жатады:
* ірі клеткалы артериит
* шырышты –тері лимфонодулярлы синдром
* жүйелі қызыл жегі
*+түйінді полиартериит
* спецификалық емес аортоартериит
268. Түйінді полиартериитте керекті диагностикалық зерттеу:
* компьютерлі томография
* +ангиография
* реоэнцефалография
* жүрек қуыстарын катетерлеу
* магнитті-резонансті томография
269. Түйінді полиартериит кезінде тері зақымдануының жиі түрі:
* сақина тәрізді эритема
* папулезді-пустулезді бөртпелер
* геморрагия
* +торлы ливедо
* қабыршақты теміреткі
270. Балада мынадай диагноз: «Түйінді полиартериит, шеткі қан тамырларының зақымдануы, жедел түрі, тері тромбоангиитикалық синдром, II белсенділік, II дәрежелі дисциркуляция». Емінде қай дәріні тағайындаудың қажеті жоқ?
* глюкокортикостероидтар
* стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер
* антикоагулянттар
* +сульфаниламидтер
* Иммунды супрессорлар
271. Түйінді полиартерииттегі тромбангиитикалық синдромның негізінде жатқаны:
* эритема
* тері асты түйіндер
* +некроз
* склероз
* геморрагия
272. Түйінді полиартериит қай аурулар тобына жатады?
* ферментопатияларға
* +жүйелі васкулиттерге
* онкологиялық ауруларға
* дәнекер тіні ауруларына
* геморрагиялық синдромдарға
273. «Түйінді полиартерииттің» авторы бойынша ауру атауы:
* Шенлейн-Генох
* +Куссмауль-Майер
* Кавасаки
* Вегенер
* Чарг-Стросс
274. ЦОГ-2 таңдаулы ингибиторы
* бутадион
* +мелоксикам
* диклофенак
* индометацин
* аспирин
275. Қызба, полиневрит, артериалды гипертензия және орхит - бірге дамуы тән:
* +түйінді полиартериитте
* дерматомиозитте
* жүйелі қызыл ноқтада
* жедел ревматикалық қызбада
* жұқпалы эндокардитте
276. В вирусты гепатиттің қандағы антигені мына ауруда жиі кездеседі:
* жүйелі қызыл ноқтада
* ревматоидты артритте
* +түйінді полиартериитте
* жүйелі склеродермияда
* ревматикалық қызбада
277. Түйінді полиартерииттегі тері және теріасты түйіндері - ненің белгісі?
* +васкулиттің
* гранулемалардың
* кальцинаттартардың
* папулаларлардың
* лейкемидтардың
278. Түйінді полиартериитке тән:
* геморрагия
* +артериалды гипертензия
* крапивница
* артрит
* дене қызулары
279. Түйінді полиартерииттің негізгі емес қосымша көрінісі:
* артериалды гипертензия
* бұтақталған ливедо
* саусақ фалангтары некрозы
* орхит
* +дене салмағының жоғалтуы
280. Кавасаки ауруының түйінді полиартерииттен бір айырмашылығы:
* торлы ливедо
* ЭТЖ жоғарылауы
* +мойын лимфадениттері
* протеинурия
* қызба
281. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттардың қабынуға қарсы әсері:
* +ЦОГ (циклооксигеназа) белсенділігін тежейді
* лейкотриендер синтезін тежейді
* гистамин түзуді төмендетеді
* IIb/IIIa рецепторлар белсенділігін тежейді
* трипсин құрылуын төмендетеді
282. Антикоагулянттарға жататын препарат:
* трентал
* реополиглюкин
* +варфарин
* декстран
* кавинтон
283. 6 жастағы ұлда 2 апта бойы ауыз қуысының шырышты қабатында және шап аймағында (шүметекте) ойық жараның шыққаны мазалайды. Артралгия, қызба бар. Болжам диагнозы:
* самай тамыры атеросклерозы
* ірі клеткалы артериит
* Такаясу аортоартериті
* самай артерия тромбозы
* + Бехчет синдромы
284. 15 жастағы қыз 3 күн бұрын әуелі аяғының басында, сосын тобық пен ұсақ нүкте тәрізді қызыл түсті бөртпелер шыққанын байқаған. Жеміс сусындарын ішкеннен кейін пайда болғанын айтады. Бүгін іші ауырып, тобық буындарында ауру сезімі, ісінгені байқалды. Мүмкін диагноз:
* қызамық
* +геморрагиялық васкулит
* аллергиялық дерматит және гастрит
* жас өспірімдер акнесі
* түйінді эритема
285. Науқас пульмонологта бронхиалды астма, ЛОР дәрігерде синусит, невропатологта полинейропатия, аллергологта тағамдық аллергиясы бойынша тіркеуде тұрады. Мұндай синдромдар мына диагнозға сәйкес келуі мүмкін:
* +Чардж-Стросс ауруы
* іріклеткалы артериит
* түйінді полиартериит
* микроскопиялық полиангиит
* Бехчет синдромы
286. Жүйелі васкулитті емдеуде жиі қолданылатын дәрілік заттар:
* +глюкокортикоидтар
* иАФП
* спазмолитиктер
* индолуксус қышқылының препараттары
* антибиотиктер
287. Ірі калибрлі артериялар зақымданады:
* + Такаясу ауруында
* Вегенер гранулематозында
* түйінді полиартеритте
* геморрагиялық васкулитте
* эссенциалді криоглобулинемиялық васкулитте
288. Артериялар бойында пальпацияланатын тері асты түйіндері қай ауруға тән?
* +түйінді полиартеритке
* Чардж-Стросс синдромына
* Такаясу артерииттке
* Іріклеткалы артериитке
* Бехчет ауруына
289. Түрлі калибрлі тамырлардың зақымдануымен және тері-шырышты-лимфабезді синдроммен бірге жүретін нәресте-сәбилердегі ауру:
* Хортон
* +Кавасаки
* Вегенер
* Такаясу
* Бехчет
290. Тыныс алу жолдары синдромы, өкпе, бүйректі зақымдайтын іріклеткалы гранулематозды-некрозды васкулит - бұл:
* Хортон ауруы
* Кавасаки ауруы
* +Вегенер ауруы
* Такаясу ауруы
* Бехчет ауруы
291. Терілік, буындық, абдоминалдық синдромдар және нефритпен жүретін васкулит..
* Висслер-Фанкони
* Кавасаки
* Вегенер
* Такаясу
* +Шенлейн-Генох
292. Буындарды, іш қуысы мен бүйрек капиллярлары, артериолалар зақымдануымен жүретін
микротромбоваскулит:
* Такаясу ауруы
* Кавасаки ауруы
* Вегенер гранулематозы
* Бехчет синдромы
* +Шенлейн-Генох ауруы
293. «Пульсі жоқ» ауру - бұл
* Вегенер гранулематозы
* түйінді полиартериит
* геморрагиялы васкулит
* +спецификалы емес аортоартериит
* эссенциалды криоглобулинемиялық васкулит
294. 15 жастағы қыз. Соңғы 2 ай ішінде дене қызуының 37,5-38,00С жоғарлауына, арықтауына, қолдарла ында, аяқтарында ауру сезіміне, парестезия, әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде бір қолында пільстің жоқтығы байқалады. ЭТЖ 35-40 мм/сағ. Болжамды диагноз:
* Бехчет ауруы
* Вегенер гранулематозы
* түйінді полиартериит
* геморрагиялық васкулит
* +спецификалы емес аортоартерит
295. 10-айлық ба1 аптаға жуық 38-390С қызба болды. Антибактериалды терапия әсер берген жоқ. Іріңді емес билатеральді конъюнктивит, ауыз қуысы шырышты қабаты қабынуы, диффузды эритематозды бөртпелер, мойын лимфаденопатиясы бар. Қанда: эритроциттер -3,6 млн., лейкоциттер – 8 мың, тромбоциттер 1 млн/м3, ЭТЖ 37 мм/сағ. Бұл симптомокомплекс мына ауруға тән:
* Бехчет
* Вегенер
* + Кавасаки
* Шенлейн-Генох
* Хортон
296. Жүйелі васкулиттерді стандартты емдеу:
* дезагреганттар және цитостатиктар
* глюкокортикостероидтармен терапия
* тамырішілік иммуноглобулиндер және плазмаферез
* антикоагулянттар және антибактериальды дәрілер
*+циклофосфан және глюкокортикостероидтардың жоғарғы мөлшері
297. Жүйелі васкулит емінде қолданылатын иммуносупрессор:
* лефлюномид
* азатиоприн
* преднизолон
* винкристин
*+циклофосфамид
298. Такаясу артериитінде индукция және ремиссияны ұстап тұру үшін қолданылады:
* дезагреганттар және цитостатиктер
*+глюкокортикостероидтар
* тамырішілік иммуноглобулиндер және плазмаферез
* антикоагулянттар және антибактериальды дәрілер
* циклофосфан және глюкокортикостероидтардың жоғарғы мөлшері
299.Вегенер гранулематозына тән:
* гипергаммаглобулинемия
*+антинейтрофильді цитоплазматикалық антидене
* нативті ДНК-ға антидене
* ревматоидты фактор
* IgE деңгейі жоғары
300. Түйінді полиартериитте қанда жиі болады:
* гипергаммаглобулинемия
* LE-клеткалар
* ревматоидты фактор
*+HBs-антигенемия
* IgE деңгейі жоғарылайды
301. Такаясу ауруын мынадай жағдайда аңғаруға болады:
*+«білезік» артериясында пульс болмауы
* жүректе шу естілуі
* терідегі «мраморлы» сурет
* саусақтардың некрозы
* тері «ливедосы»
302. Васкулиттің патогенезінде иммундық компоненттер пайда болатын аурулар:
*+геморрагиялық васкулит
* Вегенер гранулематозы
* микроскопиялық полиартериит
* аллергиялық (эозинофильді) гранулематозды ангиит
* түйінді полиартериит
303. Васкулиттің патогенезінде органоспецификалық антидене пайда болатын ауру
* геморрагиялық васкулит
* жүйелі қызыл ноқтадағы васкулит
* Бехчет ауруы
* криоглобулинемиялық васкулит
*+Кавасаки ауруы
304. Васкулиттің патогенезінде антинейрофильді цитоплазматикалық антидене пайда болатын аурулар:
* криоглобулинемиялық васкулит
* Кавасаки ауруы
*+микроскопиялық полиартериит
* геморрагиялық васкулит
* жүйелі қызыл ноқтадағы васкулит
305. Некротикалық гранулематозды артериит кезінде бірінші болып зақымданады:
* жүрек және аорты доғасы
*+тыныс алу жолдары және бүйрек
* жүрек және бүйрек
* ас қорыту жолдары және бүйрек
* жүйке жүйесі және жүрек
306. Чардж-Стросс синдромымен қатарласа жүретін патология:
* өкпе қабынуы
*+астма
* кардит
* гастрит
* нефрит
308. Кавасаки ауруындағы негізгі клиникалық-морфологиялық белгі, оның артына қалдыруы мүмкін салдары:
* аорта аневризмасы
*+коронарлық артерия аневризмасы
* бүйрек шумағы васкулиті
* үлкейген лимфа түйіндерінің склероздануы
* жүрек қақпашаларының жетіспеушілігі
309. Эссенциальды криоглобулинемиялық васкулитте жиі зақымдалады:
* буындар және тырнақ фалангалары
* шаш және тері қабаты
*+тері және бүйрек шумақтары
* тері және жүректің қақпақша аппараты
* тырнақ және альвеолалар
314. Ревматологиядағы интенсивті ем қатарына:
* гемоперфузия
* плазмаферез
* + пульс-терапия
* буын пункциясы
* гемодиализ
315. Такаясу ауруында реанимациялық шараны қажет етеді:
* + ми қан айналымының жедел бұзылысы
* шеткері пульстің болмауы
* мотивациясыз фебрильдік «шам»
* рецидивті пневмония
*«ауыспалы» абдоминалдық ауру сезімі
316. ЮИА еміндегі биологиялық агенттерге жататын препарат:
* метотрексат
* + инфликсимаб
* метипред
* циклофосфан
*сандимун
319. Такаясу артериитіне диагноз қоюдың «Алтын стандарты» болып табылады:
* ультрадыбыстық дуплекстік сканерлеу
* МРТ-ангиография
* контарсты затпен спиралдық КТ
* + ангиография
* позитрон-эмиссиондық томография
321. ЭхоКГхда сол карынша кеңеюінің белгілері
*+сол қарынша диастола соңы және систола соңы көлемінің жоғарылауы
* лақтыру фракциясының төмендеуі
* сол қарыншаның соғу көлемінің жоғарылауы
* жиырылу фракциясының төмендеуі
* жиырылу фракциясының жоғарылауы
322. Сол қарынша миокардының гипертрофиясы қай ауруда байқалады
* митральды қақпақшаның регургитациясыз пролапсы
* дилатациялық кардиомиопатия
* митральды қақпақшаның тарылуы
*+митральды қақпақшаның жетіспеушілігі
* үш жармалы қақпақшаның тарылуы
323. ЭхоКГ-да қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігіне тән көрініс:
* сол жақ қарынша миокардының гипертрофиясы
* қолқа жармасының ашылу амплитудасының систолада 13 см дейін төмендеуі
* қолқа қақпақшасының систолалық жыпылықтауы
*+диастолада қолқа жармасының сепарациясы
* қолқа қақпақшасының диастолалық жыпылықтауы
324. Эхокардиография көмегімен жүректің жұмысының қандай түрін зерттеуге болады?
* автоматизм
* қозғыштық
* өткізгіштік
*+жиырылу
* жүрек тондарын
325. Соғу көлемі төмендегідей анықталады:
* диастола соңы және систола соңы көлемінің айырмасы
*+ диастола соңы және систола соңы көлемінің айырмасы
* лақтыру фракциясымен
* фракциялық жиырылумен
* минуттық көлеммен
326. Жүректің минуттық колемі төмендегі көрсеткіштермен анықталады
* диастола соңы және систола соңы көлемінің айырмасы
*+соғу көлемі мен жүректің жиырылу жиілігімен
* лақтыру фракциясы мен минуттық көлеммен
* жүректің жиырылу жиілігі мен дененің көлемімен
* диастола соңы және систола соңы көлемдерінің айырмасы
327. Митральды регургитация қайсысына тән?
* митральды қақпақша пролапсы 0-1 дәрежелі
*+митральды қақпақша жеткіліксіздігі
* митральды қақпақша тарылуы
* митральды қақпақша ақауымен қатар тарылуының басымдығы
* қолқа аневризмасы
328. Сол жақ қарыншаның ұзын осінің парастернальді позициясын алу үшін датчикті төмендегідей орналастырады:
*+III – IV қабырға аралығы
* II – III қабырға аралығы
* IV – V қабырға аралығы
* V – VI қабырға аралығы
* жүрек ұшы аймағы
329. Үш жармалы қақпақша визуализациясына оңтайлы орын:
* парастернальды сол жақ қарыншаның қысқа белдеуі бойымен митральды қақпақшасы деңгейінде
* парастернальды сол жақ қарыншаның қысқа белдеуі бойымен қолқа қақпақшасы деңгейінде
*+апикальды
* парастернальды сол жақ қарыншаның қысқа белдеуі бойымен папилярлы бұлшық еттер деңгейінде
* супрастернальды
330. Митральды регургитацияның ағысын допплерлік зерттеуде бағалау үшін, бақылау көлемін келесі нүктеге орналастырады:
* оң жақ қарыншада
* оң жақ жүрекшеде
* сол жақ қарыншадан шығу сағасында
*оң жақ қарыншадан шығу сағасында
*+сол жақ жүрекше
331. Гипертрофияның жоғары дәрежесінде сол жақ қарынша бұлшық етінің қалыңдығы:
* 10-12 мм
* 12-14 мм
* 14-16 мм
*+16-20 мм
* 20 мм жоғары
332. Эхокардиографиялық зерттеуде қолқа жармасының жағдайын бағалауда ең оңтайлы позиция:
*+парастернальды позиция қолқа тамыры деңгейіндегі қысқа белдеу
* парастернальды позиция сол жақ қарыншаның қысқа белдеуі папилярлы бұлшық ет деңгейінде
* апикалды бес камералық позиция
* апикальды екі камералық позиция
* супрастернальды
333. Эхокардиографиялық зерттеу кезінде митралды қақпақшаның жағдайын бағалау мен визуализация жүргізу үшін қажет:
* парастернальды позиция қолқа тамыры деңгейіндегі қысқа белдеу
* супрастернальді қысқа белдеу
* супрастернальды ұзын белдеу
*+сол қарыншаның парастернальды ұзын белдеуі
* парастернальды позиция сол жақ қарыншаның қысқа белдеуі папиллярлы бұлшық ет деңгейінде
334. Эхокардиографиялық зерттеуде сол жақ қарыншаның жиырылуы мүмкіндігін келесі позицияларда бағалауға болады
* парастернальды позиция қысқа белдеуде митральды қақпақшаның жармаларының соңғы дейгейінде
*+парастернальды позиция қысқа белдеуі папилярлы бұлшық ет деңгейінде
* апикальды төрт камералы
* апикальды екі камералы
* апикальды бес камералы
335. Митральды қақпақшаның алдыңғы жармасының диастолалық иілуі және оның қозғалысының шектелуі сәйкес:
*+митральды тарылуға
* қолқа тарылуына
* қалыпты жағдайға
* митральды қақпақшаның пролапсына
* митральды жетіспеушілікке
336. Митральды қақпақшаның алдыңғы жармасының қозғалу қалыбы М-модульды режимде келесі түрге ие болады:
* +W - тәрізді
* V - тәрізді
* M – тәрізді
* плато тәрізді
* ұшбұрыш тәрізді
337. Өкше сүйегі төмпешігі апофизінің секвестр тәрізді сегментациялануы, құрылымы тығыздалған және дақты патология қалай аталады?
* Тимман ауруы
* Кениг ауруы
* +Хагсгунд-Шинц ауруы
* Кинбек ауруы
* Осгуд-Шлаттер ауруы
338. 15 жастағы ер баланың тізе жілігінің алдыңғы қырындағы ауру сезімі, жіліктің бұдырындағы ісіну және ауру сезімі байқалады. Рентгенде бұдырдың құрылымы анық емес, секвестр тәрізді үзінді бар, бұдыр пен метафиз арасындағы шеміршек ұлғайған. Осы симптомдар қай ауруға тән:
* Олбрайт
* Блант
* +Осгуд-Шлаттер
* Гофф
* Шинц-Хагсгунд
339. Рентген суретінде дистальді және проксимальді бақай-башпай буындарында көпбуынішілік остеолиз, буындардың шығуы жиі көрінеді. Осы көрініс қай ауруға тән?
* анкилоздаушы спондилоартрит
* ювенилді ревматоидты артрит
* ювенилді остеохондропатия
* реактивті артрит
*+псориативті артропатия
341. Спондилограммада «бамбукты таяқшалар» симптомы және сегізкөз-мықын жігінің анкилозы қай ауруға тән:
* туберкулезді артритке
*+Бехтерев ауруына
* остеохондрозға
* Рейтер ауруына
* псориативті артропатияға
342. Ювенилді идиопатиялық артриттегі рентген өзгерістерінің қайсысы I дәрежеге сәйкес?
*+буынмаңы остеопорозы
* буын қуысының тарылуы
* буын беткейінің эрозиясы
* буындардың шығуы
* анкилоздар
343. Ювенилді идиопатиялық артриттегі рентген өзгерістерінің қайсысы IІ дәрежеге сәйкес?
* буын маңы остеопорозы
*+буын қуысының тарылуы
* буын беткейінің эрозиясы
* буындардың шығуы
* анкилоздар
344. Ювенилді идиопатиялық артриттегі рентген өзгерістерінің қайсысы IІІ дәрежеге сәйкес?
* буынмаңы остеопорозы
*буын қуысының тарылуы
* + буын беткейінің эрозиясы
* буындардың шығуы
* анкилоздар
345. Ювенилді идиопатиялық артриттегі рентген өзгерістерінің қайсысы IҮ дәрежеге сәйкес?
* буын остеопорозы
* буын қуысының тарылуы
* буын беткейінің эрозиясы
* буындардың шығуы
*+анкилоздар