«Тау-кен кәсіпорындарының құрылысы»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

тест спецификациясы

(2019 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М116

Тау-кен инженериясы

шифр білім беру бағдармалар тобы

3. Тест мазмұны мен жоспары : Тестіге «Тау-кен кәсіпорындарының құрылысы» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.

 

Тақырыптың мазмұны

Тапсырмалар саны

Қиындық деңгейі

1 Кіріспе. Тау-кен кәсіпорындарын салудың жалпы мәселелері. 2 А-2
2 Тау-кен кәсіпорындарын жобалау мен салу принциптері. 2 А-1, В-1
3 Тау-кен кәсіпорындарының құрылысы туралы жалпы мәліметтер.   3 А-1, В-1, С-1
4 Тау-кен кәсіпорындары құрылысының дайындық кезеңінің жұмыстары. 2 В-1, С-1
5 Тау-кен кәсіпорнының жербетіндегі тау-кен техникалық ғимараттарын (үймереттер мен ғимараттарын) салу технологиясы. 3 А-1, В-1 С-1
6 Тік оқпандар құрылысының технологиясы. 3 А-1, В-1 С-1
7 Оқпан албарының қазбаларын жүргізу. Оқпанмен түйісетін қазбалардың құрылысы. 1 В-1
8 Жазық қазбаларды өту әдістері (технологиясы)   2 В-1, С-1
9 Көлбеу қазбаларды өту технологиясы.   2 В-1, С-1

Тестінің бір нұсқасында тапсырмалар саны

20

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы :

Тест тапсырмаларының мазмұны курстың негізгі ғылыми және теориялық базаларын толығымен қамтиды, түсушілердің білімді меңгеруін бағалауға мүмкіндік береді.

5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.

Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

- жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);

- орташа (B) – 8 тапсырма (40%);

- қиын (C) – 6 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Түсуші тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда түсуші 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін түсушіге 0 балл беріледі. Түсуші дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.

9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

[1] Бегалинов Ә. Шахта және жерасты ғимараттары құрылысының технологиясы. Жоғары оқу орындарына арналған 2 томдық оқулық. І-том. Тік оқпандар құрылысының технологиясы. Алматы: ҚазҰТУ 2011. -376 б.

[2] Бегалинов Ә. Шахта және жерасты ғимараттары құрылысының технологиясы. Жоғары оқу орындарына арналған 2 томдық оқулық. ІI-том. Жазық және көлбеу жерасты қазбаларының құрылысының технологиясы. Алматы: ҚазҰТУ 2011. -432 б.

[3] Жәркенов М.І. Жерасты ғимараттарының механикасы және бекітпелердің конструкциялары. Оқулық, Қаз ҰТУ, Алматы, 2007. 211 б.

[4] Сердалиев Е.Т. Таужыныстарын бұрғылап-аттырып қопару. Оқулық. Алматы, «Дәуір» баспасы, 2011. - 360б.

[5] Картозия Б.А., Федунец Б.И., Шуплик М.Н. Шахтное и подземное строительство. Учебник для ВУЗ-ов. 3-е издание в 2 томах. Издательство МГГУ, 2003. 1-том. -732с.

[6] Картозия Б.А., Федунец Б.И., Шуплик М.Н. Шахтное и подземное строительство. Учебник для ВУЗ-ов. 3-е издание в 2 томах. Издательство МГГУ, 2003. 2-том. -815с.

[7] Битимбаев М.Ж., Шапошник Ю.Н., Крупник Л.А. Взрывное дело. «Print-S», 2012. -822с.

[8] Кутузов Б.Н. Разрушение горных пород взрывом Учебник. МГГУ, Москва, 1994. - 306с.

[9]. Насонов И.Д., Федюкин В.А., Шуплик М.Н. Технология строительства подземных сооружений. Ч. І и ІІ – Москва: «Недра», 1983.