3. Салалас фактілерді олардың мәнді белгілері бойынша жинақтай білу.

4. Фактілерді, белгілерді жалпы ғылыми ережелерге сәйкес топтай білу.

5. Фактілер мен құбылыстарды талдай білу, олардан жалпы және бірегей, тосын және заңды белгілерді айыра білу.

6. Ұғым дегеніміз ғылымның қол жеткен деңгейін білдіретін ғылыми танымның баспалдақтары екенін ескеріп, ұғымдарға нақты анықтама беру.

7. Әр түрлі зерттеулердің ғылыми деректеріне сүйенгенде, ғылыми пікірталастарда делелдемелер мен растауларды дұрыс келтіру.

Әдетте жалпылама мәселелер теориялық педагогикалық зерттеулерде әлеуметтік және психологиялық сипатта болады, ал жеке (бірегей) нәрсе оның- нақты әдістеме (ілімге деген қызығушылықты тәрбиелеу, ұжымды, саналы тәртіпті қалыптастыру, мұғалім этикасы және т.с.с.) астарын маман ашады.

3.Модельдеу әдісі

Модельдеу – зерттеу обьектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір обьектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші обьект түпнұсқа болады да екінші обьект оның моделі болады.Зертеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заң бойынша түпнұсқаға көшіреді. Модель және модельдеу әдісі түпнұсқаны зерттеу қиын емес немесе мүмкін емес болғанда немесе түпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады. Модель мен түпнұсқа арасында бір ұқсастық болуы керек. Мұндай ұқсастық зерттеушінің модельді зерттеу кезінде алған ақпараттарын түпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың, анализ бен синтездің әртүрлі формалары қолданылады. Модельдің физикалық табиғаты тұпнұсқаның физикалық табиғаты сияқты болуы керек. Модельдің түпнұсқадан айырмашылығы оны зерттеу оңай, алайда оның бойында моднльге де, түпнұсқаға да тән негізгі сипаттары мен өлшемдері болуы қажет. Модель ұқсастық ретінде түпнұсқа, оны жетілдіру, қайта құру және оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылады.

Ғылымдардың ізденістеріне сүйенсек, осы бағытта әдіснамалық тұғырлардың құрылымдық моделі келесідей мазмұнды сипат алады: түрлік белгісіне қарай символикалық; айтылу формасына қарай – логикалық, зерттеу пәні бойынша – педагогикалық: табиғи құбылысына қарай - әлеуметтік; зерттеу міндеттеріне қарай – толық, қолдану тәсіліне қарай - графикалық, көрініс қасиетіне қарай - жүйелі. Әдіснамалық тұғырдың құрылымдық моделін құру кезінде екі мегаәдіснамалық тұғыр қарастырылды. Табиғи-жаратылыстанушылық және гуманитарлық. Бұл тұжырым қоғам, білім даму парадигмасының гуманитарлық және ғылыми жаратылыстанушылық мазмұнды сипатына сүйенді.

Модельдеу ұстанымына сүйене отырып С.И. Архангельскийдің жасаған модель туралы ғылыми тұжырымына сәйкес, барлық берілген әдіснамалық тұғырларды келесі иерархиялық тұрғыда қарастырдық: мега, макро, микро. Макроәдіснамалық тұғырлар: мәдениеттанушылық, синергетикалық, инноввциялық, ақпараттық болыпбөлінді. Сонымен қатар макроәдіснамалық тұғырлар, түрлі көзқарасты, әлемдік көзқарасты, парадигманы сипаттайды.

Модельдеу ауызша, логикалық, физикалық, математикалық, заттық, белгілік болады. Модельдің түрін таңдау зерттеу обьектісінің күрделігіне байланысты болады.