Эрадакацияға қолданатын дәрмектер және олардың сипаттамасы .
Метранидазол (трихопол) және тинидазол – бактериялардың ДНК-сын зақымдау арқылы репликациясын тежейді. Бұлар үшқұрамдық және төртқұрамдық эрадикациялық емнің базисті дәрмектері болып табылады. Метронидозолды 0,25 г 4 рет немесе 0,4-0,5 г күніне 2 рет, ал тинидазолды 0,5 г күніне 2 рет тамақтанудың соңында 7-14 күн ішкізеді.Метронидозолды аз дозада немесе бір өзін қолданса НР резистенттілігі қалыптасуы мүмкін.
Кларитромицин (клацид) – макролидтік антибиотик, бактерияларыдың рибосомаларында белоктардың синтезін тежеу арқылы бактериостатикалық әсер етеді. Оны 0,25 немесе 0,5 г күніне 2 рет тамақтандырудың соңында 7-14 күн ішкізеді.
Амоксициллин – пенициллин туындысы, бактериялық мембранада гликопротеидтердің синтезін бұзу арқылы НР-ге бактерицидтік әсер етеді. Оны 0,5 г күніне 4 рет немесе 1 г күніне 2рет тамақтанудың соңында, 7-14 күн қабылдайды.
Висмуттың туындылары – кілегей қабықтыңбетінде пленка түзіп, НР-дің жабысуына (адгезиясына ) жол бермейді, сонымен бірге бактериялық мембраналарды бұзып, жергілікті бактерицидтік әсер етеді. Висмут туындыларының ең қолайлысы – коллоидтық субцитраты(де-нол).
Де—нол, вентрисол – 120 мг 4 рет немесе 108 мг 5 рет, болмаса 240 мг күніне 2 рет ашқарында, тамақтанудан 30 минут бұрын немесе 2 сағат кейін беріледі. Емнің ұзақтығы -7-14 күн.
Эрадикацияны жасау жобалары :
7-10 күндік «үшқұрамдық ем» жобаларының схемалары:
1 схема .
1) омепразол 20 мг немесе ланзопразол 30 мг 2 рет;
2)метронидазол 400 мг 2 рет;
3)Кларитромицин 250-500 мг 2 рет немесе амоксициллин 500 мг 4 рет, немесе 1г 2 рет ,немесе екеуін жұптастырып: кларитромицин 500 мг+ амоксициллин 1г күніне 2 рет.
Соңғы кездерде үшқұрамдық емнің (ремиссияға жету) және емнің нәтижесін бекітіп жалғастыру (ремиссияны бекіту ) принциптері қолданылуда:
1 схема .
Үшқұрамдық ем (контролок, клацид, клион).
Ремиссияға жету: емнің алдында 1-2 тәулік контролоктың бір өзін 40 мг 2 рет ішкізеді; оның мақсаты – тереңдікте жатқан НР-ді бері шығару; содан кейін 3-4-ші күндерден бастап 7 тәулік эрадикацияны жүргізеді:
Контролок 40 мг 2 рет; клацид 500 мг 2 рет; клион 500 мг 2 рет.
Ремиссияны бекіту: контролок 40 мг таңертең бір рет, 2-3 апта.
4)Физиотерапия. Аурудың өршуі басыла келген кезде парафиндік немесе озокериттік аппликацияларды жасайды. Ұзақ жазылмайтын жараларда ГБО әсері тиімді.