15-тақырып: Жасөспірімдік жастағы психикалық даму ерекшелігі

Жоспар:

1. Жасөспірімдік кезең немесе ерте жастық шақ.

2. Кәсіби бағыттылық жасөспірім шақтың орталық психологиялық жаңа құрылымы ретінде.

3. Жасөспірімдік шақтағы психоәлеуметтік даму.

4. Сенсорлық кемшілігі бар бала психикасының дамуы

Негізгі ұғымдар: пубертаттық кезең, «дағдарыс», акселерация, жеткіншек, жасөспірім, бозбала, бойжеткен, мамандық, өзіндік сана.

Жас өспірімдік және оның жас шағының шектері. Жас шағы психологиясына жасөспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп анықталады. Алайда бірінші шегі физиологиялық, екіншісі әлеуметтік шек болып тұрған осы анықтаманың өзі құбылыстың күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді.

Жас өспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процестері басқаларының бәрінен басым болады деген оймен жас өспірімдікті алдымен организм эвалюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эвалюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін - өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Психоаналитикалық теориялар жас өспірімдік психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жас өспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан қарайды. Бірақ бұл даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әр келкі болып өтеді. Жас өспірімдіктің социологиялық теориялары оны алдымен социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектің дербес те жауапты іс - әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рольдерге, оның бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына, еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты проблемаларға назар аударады, яғни индивидтік – психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады.

Кеңестік ғылым жастық проблемасын әлеуметтік – психологиялық факторлар мен дамудың ішкі заңдылықтарын есепке алып, комплексті зерттеу керек деп біледі. Бұл әжептеуір қиын, өйткені психофизиологиялық дамудың қарқыны мен фазалары әлеуметтік толысу мерзімімен әр кезде үйлесе бермейді. Акселерацияның, дене күшінің жедел дамуы нәтижесінде қазіргі балалар тез және бойлары екі – үш ұрпақ бұрынғыға қарағанда, орта есеппен екі жыл бұрын өседі. Жыныстық толысу да екі жыл ерте басталып, ерте аяқталады. Физиологтар екінші жыныстық белгілердің шығуына қарай бұл процесті үш ағзаға препубертаттық, пубертаттық және постубертаттық фазаларға бөледі, осының өзінде жасқа қатысты психология әдетте жеткіншектік жасты (балаң жастық) алғашқы екі кезеңмен байланыстырады.

Акселерацияға байланысты жеткіншектік кезеңнің шектері төмендейді де, қазір ол енді 14 – 14,5 жаста – ақ аяқталады. Жас өспірімдік тиісінше ерте басталады. Бірақ дамудың бұл кезеңінің нақты мазұнын алдымен әлеуметтік жағдайлар анықтайды. Жастардың қоғамдағы орны, ол меңгеруге тиісті білімдердің көлемі және басқа бірқатар факторлар осы жағдайларға тәуелді.

Негізгі әдебиеттер

1. Алдамұратов Ә., Рахымбеков Қ.,Іргебаева Н., Бопаева М., Нығметова Г. Жалпы психология.Алматы. « Білім» баспасы, 2011.

2. Ақжанова А.Т. Қазіргі психология тарихының дамуы, жағдайы, беталысы. Алматы, Нұр-Пресс, 2011.

3. Альмухамбетова Б.Ж. Психология:дәрістер кешені. Талдықорған:ЖМУ баспасы, 2012.