9- тақырып: Ойлау мен қиялдың психологиялық ерекшеліктері
Жоспар:
1. Ойлаудың психологиялық құрылымы.
2. Ойлау теориялары.
3. Сөйлеудің психологиялық анықтамасы.
4. Сөйлеудің қоғамдық сипаты.
Ойлау деп - мәселені шешудегі толғану процесін айтады. Ойлау дегеніміз- процестуалдық құбылыс және ол адам басында үнемі жұмыс күйінде болып тұрады. Мида үздіксізболып отыратын ойлану және оның продуктысы ұғымдар мен сөйлемдер бір емес.
Шығармашылық ойлау деп- бұрын орындалмаған жаңа міндетті асыру үшін толғануды айтады. Есеп шығару өзінше проблема. Сол проблеманы ситуациялық жағдайдан босату үшін соған байланысты есептің шарты құрылып, оның орындау амалын іздестіріледі. Есеп шығару амалын іздестіру-берілген шарттардан талдаудан басталады. Ізденуші берілген есепті шешу үшін оның шартында қандай нәрсе айқын берілген, нендей нәрсе жасырын берілгенін ажыратады. Сол есепті бұрын ешкім шығармаған болса, онда оның шешу жолы өзінше бір жаңалық. Ал осы жаңалықты қалай табу қажет? Жаңалық деп отырғанымыз- дерексіз нәрсе емес, сол есептің шартында берілген. Дегенмен, шарттардың бәрін еске түсіру қиын болғандықтан, оның жолын табуда кедергілер кездеседі. Міндеттердің сан алуан түрлері болғанымен, психологиялық тұрғыдан алып қарағанда, есеп, парадокске(парадокс-қайран қалу мағынасын білдіреді) және жәй есептерге бөлінеді. Есеп-парадокс дейтіндердің көпшілігі аңғарғыштықты талап етеді.
Сөйлеу дегеніміз- қажеттіліктің, соның ішінде функционалдық қажеттіліктің ерекше бір түрі. Мұны пікір алысуға байланысты қажеттілік деп атайды. Пікір алысуға байланысты қажеттілік адамның өзге қажеттілік болып табылатынын тамақ,ауа т.б. сияқты, оның өмірінде ерекше роль атқарады.
Адам бұрын өзі көріп білмеген нәрселерінің бейнесін көз алдына елестетіп , олардан жаңа бейне жасайды. Немесе бұрын қабылдаған , жиналған бейнелерге сүйене отырып , өз басынды тың , жаңа елестер мен идеялар тудырады. Осындай жаңа бейнелер мен идеяларды қиял деп атаймыз. Қиял тек адамға ғана тән психикалық процесс. Жануарлар дүниесінде мұндай функция болмайды. Өйткені , қиял – адамның еңбек әрекетімен дамитын психикалық қызмет.