3. Адам бойындағы даралық қасиеттер.

4. Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы.

5. Жеке адамның бағыт-бағдары және оның түрлері мен психологиялық ерекшеліктері.

Негізгі түсініктер: тұлға, индивид, қажеттілік, бағыт-бағдар, дүниетаным.

 

Адамдарды зерттейтін ғылымдар ішінде психологияның алатын орны ерекше және ол – адамтану ғылымдары жүйесінде жетекші пән. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып , оның кісілік қасиеттерін өзгертуді мақсат етіп қояды. Адам бойындағы даралық қасиеттер оның өзгелерге қарым-қатынасынан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа туған нәресте де, ересек адам да, ақыл - есі ауысқан жынды да дара адам ( индивид) болып саналады. Осындай ерекшеліктерімен қатар қалыпты дамыған , өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті , әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады. Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Осындай іс-әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомданып , қадір – қасиеттері қалыптасады.

Адам қажеттіліктерінің бәріне жуығы еңбек арқылы қанағаттандырылады . Еңбек – адам тіршілігіндегі бірінші қажеттілік . Сондықтан , қоғамдағы тәлім – тәрбиенің өзекті мәселесі - адамды еңбек ету қажеттілігіне баулу. Іс-әрекеттің екінші түрі оқу. Оқу әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи дүниесін байытады , дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады.

Ойын – адамның негізгі әрекетінің бірі. Ол бала мен жасөспірімнің денесін шынықтырып , әралуан қимыл –қозғалыстарын жетілдіреді.

Жеке адам санасы мен ақылы арқылы дараланады. Жеке адам – дүниетаным қабілеті бар , сыртқы ортаның неше түрлі әсерлерін бастан кешіріп , оларға төзімділік көрсететін , табиғатты өзгертуге ықпал ете алатын жан.

Адамды танып – білу үшін оның қоғам мүшесі ретінде қандай істерді тындыра алатындығымен танысу керек. Келешектегі мақсатына жету үшін ықыласты , ынталы болу , оған ұмтылу жеке адамның бағыт – бағдарын білдіреді. Адамның бағдары , ынта – жігері , мақсат – мүддесі гуманистік қоғам мүддесімен үндеседі. Жалпы , адамның азаматтық бағыт – бағдарының сапалары мынадай ерекшеліктерімен анықталады :

- бағыт деңгейі адамның әлеуметтік өмір талабына сәйкестенеді.

- бағыт-бағдар деңгейі қоғамдық талаптарға орай адамның биік мұратымен ұштасады.Баланың ұйқысын қандыруы, тойып тамақ ішуі , әдемі киінуі – оның бағытының өресіздігі, тарлығы. Бағыт - бағдардың кеңдігі адамның әралуан қызығуы мен ынтасына , оның әр тарапты дамуына байланысты. Мұндай қасиеттер баланы тоғышарлықтан сақтандырады. Бағыттың шашыраңқы болуы - ұнамсыз қасиет.Оқушы үшін қызығу кеңдігі , яғни оның тиянақты білім алып , белгілі бір мамандықты игеруі - саналы азамат болудың шарты - қарқындылығы. Бұл баланың сезімі мен эмоциясының айқындығын білдіреді. Бағыт – бағдар тұрақтылығының ұзақ мерзімге созылуы. Жас жігіттер мен қыздар кейде бір нәрсені біліп , үйренуге қызу кіріседі де , аяқтамай тастап кетеді. Одан кейін зерігеді , ақырында сол үшін өкінеді. Оқушының әрекетшілігі – оның бағыт – бағдарындағы шешуші кезең. Жас қыз ұстаздық мамандықты не үшін таңдады? Оған бұл мамандықтың несі ұнады ? Мұның бәрі іс -әрекетке байланысты.

Жеке адамның бағыт – бағдар түрлерін қарастырғанда өзекті мәселе ретінде қамтылатын ерекшеліктер – адамның қажеттіліктері мен мұқтаждығын қанағаттандыру деңгейі.