3- тақырып Адам психикасы мен сананың пайда болуы мен дамуы

Жоспар:

1. Психиканың обьективті ақиқатты бейнелеу ретінде жалпы түсінігі.

2. Адам психикасының қоғамдық- тарихи сипаты.

3. Психиканың даму кезеңдері сатысы ретінде. Жануарлар мінез құлқы.

4. Сана психика дамуының жоғарғы

5. Сананың психологиялық құрылымы.

Негізгі түсініктер: психика, инстинкт, интеллект, сана.

Аристотельдің және басқа да ғалымдардың идеялары , ашқан жаңалықтары , ой – пікірлері жаңа сипат алды. Ұлы ойшыл Әль- Фараби психология ғылымы туралы айтқан бір пікірінде дүние материядан құралады , ол жойылып кетпейді , бір түрден екінші түрге көшіп өзгере береді , жан тәннен бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деген ғылыми пайым жасады.

Психиканың дамуы , адамның табиғи мәні, оның қоғамдық ролі, және тарихи дамудың негізгі субьектісі екендігі. К.Маркс пен Ф.Энгельс, Л. Фейербах шығармаларында материалистік тұрғыдан баяндалады, адам қоғам мен табиғат жағдайына бейімделіп, өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы барлық қажеттіліктерін өтейтін ақыл – ой иесі ретінде анықталады. Сөйтіп, 19 ғасырда адам жан жүйесін зерттейтін, ғылым сапалық жаңа мәнге ие болды, адамның табиғатпен, қоғаммен тығыз қатынаста болып, оған үнемі бейімделіп отыратындығы нақтылы іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып, оның шынайылығы айқындалды. Ғылымның мұндай жетістіктері психологияны дербес ғылыми пәнге айналдырды, оның өзіндік мақсат – міндеттері мен зерттеу әдістерін анықтады.

Психология 19 ғасыр ортасында дербес ғылыми пәнге айналуының табиғи ғылыми негізі - физика мен химия, физиология мен биология , дарвинизм мен рефлекс туралы ілім, сезім мүшелерінің психофизиологиясы мен психофизиологиялық зерттеулердің нәтижесі. Психология пәнін өзге ғылыми пәндермен салыстыра келе , бұл пәннің тәжірибелік ( эксперименттік ) ғылым екендігін айқын сезіне аламыз.

Детерминизм - ойлаудың жаңа түрі жаратылыстануда психикалық құбылыстардың сипатын өзгертті. Сол кезде қабылданған бұл тәсіл жетілген табиғи құбылыс ретінде жойылмайды. Бұл психиканың өзіне тән детерминистік түсінігі. Бейнелеудің жоғарғы нормасы.

Еңбек әрекетінің арқасында адамның санасы дамыды.Эволюциялық дамудың ең жоғарғы сатысына көтеріліп, заттық әрекетінің мәнін шынайы түсінетін болды, сөйтіп ақиқат дүниені өзгертуге қолы жетті.

Сана - адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті. Ол ең көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материялық дүниенің жетілген бейнесі. Адамның өзіндік психологиялық сипатын зерттеуде ерекше орын алатын іс-әрекет түрі - оның белсенділігі. Белсенділік іс-әрекетпен оның бағдар –мақсатымен, өмір тіршілігімен тығыз байланысты. Іс-әрекеттің белсенді болуы жайында психологияда әралуан көзқарастар мен пікірлер баршылық.

Адам психикасының дамып жетілуі - тарихи процесс. Ол адамның қоғамдық еңбегі, дыбысты тілмен сөйлеудің даму ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Бұл психика дамуында айрықша мәнді физиологиялық құбылыс және адам тіршілігі үшін де маңызды. Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен жүйке жүйесінің қызметімен байланысты.

Табиғат пен қоғамның барлық құбылыстары сияқты психика да үнемі даму үстінде болады. Бұл - табиғи заңдылық.

Барлық материяға - жансыз заттардан бастап ең жоғары дәрежеде дамыған күрделі материя – адам миына да тән қасиет, олардың бейнелеу ерекшелігі – материяның сыртқы әсерге жауап беруі.

4-тақырып: Психологиядағы тұлға мәселесі.

Жоспар:

1. Адам - табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой иесі және қоғамдық тұлға.

2. Жеке адамды зерттеудің мақсат – міндеттері және оның қоғамдық мәні.