3 . Қарым-қатынас психологиялық категория ретінде.

Тапсырма.

1. Қарым-қатынастағы алғашқы әсер.

2. Қарым-қатынастағы әрекет.

3. Қарым-қатынас теориясы.

Орындалу формасы: реферат

Әдістемелік ұсыныс: психологиялық әдебиетті қарастыру барысында қарым-қатынас процесінде адам туралы алғашқы әсер қалай қалыптасатынына, неге негізделетініне назар аударыңыз, алғашқы әсерде қандай қателіктер кетеді, адамның қылығы арқылы оны қалай бағалауға болады, әлеуметтік қабылдаудың қандай механизмдері бар екендігін жан-жақты қарастырыңыз.

4 . Әлеуметтік топтардың психологиялық ерекшеліктері

Тапсырма.

1. Шағын әлеуметтік топтағы қарым-қатынастың ерекшеліктері

2. Шағын топтағы динамикалық үрдістердің сипаттамасы

Орындалу формасы: сызба, кесте дайындау.

Әдістемелік ұсыныс: Шағын топтардағы жеке адамның арақатынас механизмінінің негізін көрсетіңіз. Социоматрица дайындаңыздар және студенттік топтарға социометриялық тест жүргізіңіздер. Алынған мәліметтерге анализ жасап, қорытынды жасаңыз.

 

3 СӨЖ. Психикалық үдерістер, қасиеттер мен күйлердің психологиясы

1. Таным процестерінің психологиясы.

Тапсырма.

1. Психомоторлық үрдістердің дамуы мен қызметінің ерекшеліктері

2. Зейін тұрақтылығын сақтау механизмі

3. Есте сақтаудың түрлері мен еске түсірудің формалары

4. Ақпаратты есте сақтаудың әртүрлі механизімдері.

Орындалу формасы: конспект, эссе, реферат.

Әдістемелік ұсыныс: Зейінді арттыру мақсатына байланысты психологиялық нұсқаулар құрастырыңыз.

2. Ойлау мен қиялдың психологиялық ерекшеліктері.

Тапсырма.

1. Ақыл‑ой іс‑әрекетінің кезең бойынша даму теориясы.

2. Ойлауды даму ерекшеліктері.

3. Ойлаудағы эмпирикалық интуитивті және логикалық ойлау түрлерінің дамуы.

4. Ойлау іс‑әрекетінің операциялары.

Орындалу формасы: конспект, эссе, реферат.

Әдістемелік ұсыныс: Н.Ф.Талызин және П.Я.Гальперин теорияларымен танысыңыз, және негізгі принциптерін анықтаңыз. Ақпаратты есте сақтау механизмдерін арттыруға байланысты жаттығуларға мысал келтіріңіздер.

3. Адамның эмоциялық-еріктік сферасы ерекшеліктері.

Тапсырма.

1. Эмоция теориясы.

2. Іс‑әрекеттің стресстік, экстремальдық және қысым шақтардағы психологиялық жағдай.

Орындалу формасы: конспект, эссе.

Әдістемелік ұсыныс: Адамның психикалық жағдайларына мінездеме жасаңыздар, психикалық жағдайлардың пайда болуы мен себептерін анықтаңыздар.

4. Адамның психикалық қасиеттері.

Тапсырма.

1. Қабілеттердіің туа бітуінің дәлелі.

2. Қабілетті қалыптастыру мүмкіндігінің дәлелі.

3. Дарындылықты зерттеу. Талант

Орындалу формасы: конспект, эссе.

Әдістемелік ұсыныс: қабілеттердің туғаннан пайда болатындығын және оларды қалыптастыруға болатындығын дәлелдеме құрастырыңыз.