2 Психология ғылымының даму тарихы.

Тапсырма.

1. Р.Декарттың жан мен тән айырмашылығы туралы ілімі.

2. Психоанализдің туындауы (З.Фрейд).

3. Ұжымдық бейсаналылық ілімі (К.Юнг) .

Орындалу формасы: реферат, ВЕНН диаграммасын құру

Әдістемелік ұсыныс: Танымал философтар, психологтардың еңбектерін талдаңыз. Жан мен тән туралы ежелгі грек ойшылдарының еңбектеріндегі сұрақтарды қарастырыңыз.

3. Психика мен сананың дамуы.

Тапсырма.

1. Сананың туындауы теориясы.

2. Адам психикасының жануарлар психикасынан айырмашылықтары

Орындалу формасы:конспектілеу, 20 тест тапсырмасын құрастыр.

Әдістемелік ұсыныс: Сананың туындауы теориясын қарастырыңыз, аталған сұрақ бойынша өз көзқарасыңызды сипаттаңыз.

 

2 СӨЖ. Жеке тұлғаның іс-әрекеттегі және қарым-қатынастағы психологиялық ерекшеліктері

1. Жеке адам психологиялық талдау объектісі.

Тапсырма.

1. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері(эссе).

2. Жеке адамның дамы мен қалыптасуына әсер етуші факторлар.

3. Жеке адамның психикалық даму заңдылықтары

Орындалу формасы: конспект, эссе, реферат.

Әдістемелік ұсыныс: Студент тұлғасына психологиялық сипаттама құрыңыз. Жеке адамның дамуынның дара-психологиялық және эмоциялық еріктік ерекшеліктерін ескеріңіз, таным процестерінің дамуына тоқталыңыз.

2. Іс-әрекетті психологиялық талдау.

Тапсырма.

1. Уәж (түрткі) және уәждеме, олардың ерекшеліктері.

2. Түрткі түрлері.

3. Адам қажеттіліктерінің түрлері.

Орындалу формасы: эссе

Әдістемелік ұсыныс: құлық пен іс-әрекет түрткісі (уәж) және уәждеме (мотивациясы) деп нені айтатынымызды қарастырыңыз, түрткі түрлерін анықтаңыз. Түрткінің оқу және кәсіби іс-әрекеттің тиімділігіне маңызды әсерін негіздеңіз.