СОӨЖ 13. Психикалық дамудың жастық кезеңдері .
Тапсырма
1. Психикалық дамуға әсер етуші факторлар.
2. Д.Б. Элькониннің балалардың психикалық дамуын жіктеуі.
3. Э.Эриксонның жас аралық кезеңдері.
4. Бала дамуының қозғаушы күштері.
Өткізу түрі: Дискуссия.
Әдістемелік ұсыныс: Д.Б. Эльконин ұсынған психикалық даму кезеңдерімен танысыңыз және Э.Эриксонның жас аралық кезеңдерімен салыстыра отырып, талдау жасаңыз. Даму психологиясындағы психикалық дамудың қозғаушы күштерін қарастырыңыз.
СОӨЖ 14. Бастауыш мектеп және жеткіншектік кезеңде психикалық дамудың ерекшеліктері.
Тапсырма
1. Бастауыш мектеп жасында даму жағдайлары.
2. Бастауыш мектеп оқушысының жетекші іс-әрекет ретінде оқу іс-әрекетінің қалыптасуы.
3. Бастауыш мектеп оқушысының қарым-қатынас ерекшеліктері.
4. Жеткіншекке жалпы психологиялық сипаттама.
5. Жеткіншектік дағдарыс. Туындауы мен ерекшеліктері.
Өткізу түрі: Ұжымдық дискуссия.
Әдістемелік ұсыныс: Бастауыш мектеп және жеткіншектік кезеңде психикалық дамудың ерекшеліктерін талдаңыз.
СОӨЖ 15. Жасөспірімдік кезеңде психикалық даму ерекшеліктері Тапсырма.
1. Жасөспірімдік кезеңде зияткерлік аясының дамуы.
2. Жасөспірімнің эмоционалдық дамуы.
3. Жасөспірімдік кезеңде тұлғалық даму ерекшеліктері.
4. Л.В. Занков жүйесі бойынша дамыта оқыту.
5. П.Я.Гальперин теориясы.
Өткізу түрі: Ұжымдық дискуссия.
Әдістемелік ұсыныс: Жасөспірімдік кезеңде психикалық дамудың ерекшеліктерін қарастырыңыз.
«Психология және адам дамуы» пәнінен студенттердің өздік жұмыстарының мазмұны (СӨЖ) және орындауларына әдістемелік нұсқау.
Мақсаты : Психология және адам дамуы пәнінен студенттердің өздік жұмыстарының негізгі мақсаты: пән бойынша теориялық білімдерін тереңдету; пәннің оқу-әдістемелік сапасын арттыру; студенттердің ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту; психология саласындағы білімдерді меңгеру; ақпаратты басқару дағдылары мен біліктерінің болуы; психологиялық- педагогикалық диагностика, талдау және синтез негізінде кешенді мониторингті жүзеге асыру; педагогикалық рефлексияға қабілетті болу; зерттеу мәдениетін жетілдіруге ұмтылу.
Міндеті: Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстары оқу курсын тереңдете оқуға, өз бетімен жұмыс орындау дағдысын қалыптастыруға, өз бетімен білім алуға машықтануға, оқу-әдістемелік жұмыстарды, қосымша әдебиеттерді, теорияны практикамен байланыстыру іскерліктерін жетілдіруге, психология ғылымының қазіргі кезеңдегі әлі де жете зерттеуді қажет ететін өзекті мәселелеріне өзіндік пікірін қосуға жетелейді. Өздік жұмыс мазмұнына психология тұрғысынан 4 модуль кіріп отыр. Олар:
- Психологияға кіріспе.
- Тұлға және іс әрекет психологиясы.
- Психикалық үдерістер, қасиеттер мен күйлердің психологиясы
- Даму психологиясының мәселелері.
Әр тақырыпқа арналған орындалу формасы мен әдістемелік нұсқау көрсетілген.
Студенттердің өздік жұмыстары олардың шығармашылық қабілеттерінің шыңдалуына , дәстүрлі педагогикалық әдіс - тәсілдерді терең меңгеруге мүмкіндік туғызады.
1 СӨЖ. Психология пәнінің дамуы және пайда болуының теориялық-методологиялық негіздері.
1. Ғылым ретіндегі психология пәні.
Тапсырма.
1. Психиканың саналы және бейсаналы механизмдері.
2. З.Фрейд, Р.Декарт, К.Юнг ілімдері.
Орындалу формасы: реферат, ВЕНН диаграммасын құру
Әдістемелік ұсыныс: Жүйке жүйесінің қызметі, бас ми құрылымы құрылымы және оның еркешеліктерін қарастырыңыз. Психика, сана, саналылық, бейсаналылық, рефлекс және тағы басқа терминдерді талдаңыз.