СОӨЖ 9. Ойлау мен қиялдың психологиялық ерекшеліктері.
Тапсырма.
1. Ақыл-ой әрекетінің кезеңдік қалыптасу теориясы (П.Я.Гальперин)
2. Ойлаудың жеке ерекшеліктері.
3. Ақыл-ой дамуының кәсіптік қызметпен байланысы.
4. Ақыл-ой тестері.
Өткізілу түрі: Психологиялық тестілеу, пікір алысу.
Әдістемелік ұсыныс: бұл тақырыпқа дайындалу барысында Б.Ф.Ломовтың инженерлік шығармашылық механизмі туралы пікіріне назар аударыңыз. Әдебиеттерге андатпа дайындаңыз. Әдебиеттердегі техникалық ойлау мен ойлаудың басқа түрлерінің айырмашылықтарын көрсетіңіз.
СОӨЖ 10. Адамның эмоциялық-еріктік сферасы ерекшеліктері.
Тапсырма.
1. Адамның негізгі эмоциялары және олардың туындау себептері.
2. Эмоциялық күйді басқарудың психологиялық механизмдері.
Өткізілу түрі: Ұжымдық дискуссия.
Әдістемелік ұсыныс: Психикалық күйлердің туындауының негізгі себептеріне және оның салдарына көңіл бөліңіз, сонымен қатар психикалық күйлерді диагностикалау жолдары мен әдістеріне тоқталыңыз. Психикалық күйлердің көріну күшіне байланысты топтастырыңыз.
СОӨЖ 11. Адамның психикалық қасиеттері.
Тапсырма.
1. Сипаттау көмегімен өзіңіздің темпераментіңізді анықтаңыз. Жауабыңызды негіздеңіз.
2. Мінездің акцентуациялық типін анықтаңыз.
Өткізу түрі: Психологиялық тестілеу, пікір алысу
Әдістемелік ұсыныс: Психодиагностикалық әдістеме құралдары көмегімен өзіңізде мінездің акценттілігін және темперамент типіңізді анықтаңыз.
СОӨЖ 12. Даму психологиясы пәні, мәселелері және зерттеу әдістері .
Тапсырма
1. Даму психологиясы пәні мен міндеттері. Дамудың әлеуметтік жағдайлары.
2. Оқыту процесіндегі даму. Л.С. Выготский оқыту мен дамудың арақатынасы туралы.
3. В.В.Давыдов жүйесі бойынша дамыта оқыту.
Өткізу түрі: Ұжымдық дискуссия.
Әдістемелік ұсыныс: С. Выготскийдің оқыту мен дамудың арақатынасы туралы теориясымен, сонымен қатар В.В.Давыдовтың дамыта оқыту теорисымен танысыңыз. Ұсынылған теориялардың мәнін түсінуге көңіл бөліңіз.