СОӨЖ 6. Қарым-қатынас психологиялық категория ретінде.
Тапсырма.
1. Батыс және Шығыс мәдениетінде іскерлік қарым-қатынас этикасының ерекшеліктері.
2. Іскерлік қарым-қатынастағы электрондық байланыс.
3. Қызметтік телефонды қолдану ерекшеліктері.
Өткізу түрі: Әлеуметтік-психологиялық тренинг.
Әдістемелік ұсыныс: Іскерлік этикет негіздеріне көңіл аударыңыз. Тұлғаны түсіну, қабылдау және психологиялық әсер ету мәселелерін талдаңыз.
СОӨЖ 7. Әлеуметтік топтардың психологиялық ерекшеліктері
Тапсырма.
1. Тобыр және бұқаралық құбылыстар психологиясы.
2. Тобырды басқару әдістері.
3. Үлкен әлеуметтік топтардың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.
4. Оқыс жағдайлардағы тобырдың психологиялық құлқы.
Өткізу түрі: Дискуссия, талқылау.
Әдістемелік ұсыныс: Үлкен әлеуметтік топтарда бұқаралық құбылыс сипаттамасын құрастырыңыз. Үлкен әлеуметтік топтарды басқару әдістері туралы ұсыныс құрастырыңыз.
СОӨЖ 8. Таным процестерінің психологиясы.
Тапсырма.
1. Г.Т.Фехнердің сезім табалдырықтары туралы ілімі.
2. Қабылдаудың бұзылуы түрлері. Өндірісте қабылдаудың бұзылуының алдына алу шаралары.
3. Зейінді зерттеудің психодиагостикалық әдістері (Шульте кестесі).
4. Есте сақтауды дамыту жаттығыулары.
Өткізілу түрі: Ұжымдық дискуссия, тренинг.
Әдістемелік ұсыныс: Жас ерекшеліктерінің дамуына байланысты ес пен зейіннің даму сипаттамасын жасаңыз. Зейін мен естің дамуындағы өзіңіздің ұсыныстарыңызды ортаға салыңыз.