СОӨЖ 1. Ғылым ретіндегі психология пәні.

Тапсырма

1. Психиканың филогенезде дамуы.

2. Психологиядағы биологиялық және әлеуметтік мәселелерге деген негізгі ынғайлар.

3. Психиканың саналы және бейсаналы механизмдері.

4. Р.Декарт, З.Фрейд, К.Юнгтің саналылық пен бейсаналылықтың арақатынасы туралы ілімдері.

Өткізілу түрі: Ұжымдық пікір-талас.

Әдістемелік ұсыныс: жүйке жүйесінің қызметі, оның түрлері туралы білімдерді еске түсіріңіз, бас миының құрылымымен және оның психикалық белсенділік ерекшеліктерімен танысыңыз. Психика қызметінің биологиялық және әлеуметтік мәселелерін зерттеу теорияларын талдаңыз. Психика, сана, бейсана, астар сана, рефлекс, инстинкт, және басқа ұғымдардың мағынасын анықтаңыз.

 

СОӨЖ 2. Психология ғылымының даму тарихы.

Тапсырма.

1. Аристотель, Платон, Р.Декарт, В.Вундт еңбектеріндегі психика туралы ілім.

2. Қазақтың ұлы ойшылдары мен ақын-жырауларының психологиялық-педагогикалық ойлары.

3. Әл Фараби, Яссауи, Баласағұн, Қашғаридің психологиялық көзқарастары.

4. Қазіргі кезде Қазақстанда психологияның дамуы.

Өткізілу түрі: Ұжымдық пікір-талас.

Әдістемелік ұсыныс: психологиялық әдебиеттерден психология ғылымының даму тарихын қарастырыңыз. Әл -Фараби, Яссауи, Баласагұн, Қашғаридың психологиялық көзқарастарына салыстырмалы талдау жасаңыз. Қазақстандағы психологиялық ойлардың дамуын талдаңыз. Қ.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов және басқа ағартушылардың психологиялық қызметін қарастырыңыз.