15 семинар. Жасөспірімдік кезеңде психикалық даму ерекшеліктері Тапсырма.

1. Жасөспірімдік кезеңде дүниетанымның қалыптасуы.

2. Жасөспірімдік кезеңдегі өзіндік сана және «Мен» бейненің ерекшеліктері.

3. Жасөспірімдік кезеңде зияткерлік аясының кеңеюі.

4. Жасөспірімдік кезең дағдарысының сипаттамасы.

Әдістемелік ұсыныс: Жасөспірімдік кезеңге адамның өмір жолы контекстінде назар аударыңыз, аталған кезең адам өмірінде қандай рөл орындайтынына мән беріңіз. Жастық шекараларын түсіну маңызды.

Бақылау сұрақтары:

1. Жасөспірімдік кезеңдегі орталық жаңа түзілімдер.

2. Жасөспірімдік кезеңнің әлеуметтік аясына сипаттама.

3. Жасөспірімдік кезеңдегі әлеуметтік рөлдер.

 

 

«Психология және адам дамуы» пәнінен оқытушының басшылығымен студенттердің өз беттерінше атқаратын жұмыстарының мазмұны СОӨЖ және орындалуға арналған әдістемелік нұсқау

 

Оқытушылардың студенттермен жүргізетін өздік жұмыстарының мақсаты – онтогенездің әр түрлі сатыларындағы психикалық даму мәселелері бойынша негізгі теориялар мен тұжырымдамалар туралы студенттерге жүйелі түсініктерді қалыптастыру.

Студенттердің оқытушының басшылығымен орындайтын өздік жұмыстары олардың шығармашылық қабілеттерінің шыңдалуына, психологиялық әдіс - тәсілдерді терең меңгеруге мүмкіндік туғызады.

Студенттердің оқытушымен бірлесіп орындайтын өздік жұмыстарының тақырыптары көрсетілген. Сонымен қатар орындалу формалары да берілген және әр тақырып бойынша әдістемелік нұсқау көрсетілген.