13 семинар. Психикалық дамудың жастық кезеңдері
Тапсырма.
1. Психологияда даму ұғымы.
2. Дамудың жастық кезеңдеріне сипаттама (Д.Б.Эльконин бойынша студенттік жас).
3. Әртүрлі кезеңдерге бөлуді тарихи талдау.
4. Л.С.Выгодскийдің жас кезеңдерін жіктеуі.
Әдістемелік ұсыныс: Психологияда даму және қалыптасу ұғымдарына тоқталыңыз, дамудың жастық кезеңдеріне талдау жасаңыз, оның ішінде студенттік жастың психологиялық ерекшеліктеріне назар аударыңыз. Жас аралығын қандай өлшемдер негізінде бөліп қарастырылатынына тоқталыңыз, сіздің ойыңызша олар қаншалықты объективті.
Бақылау сұрақтары:
1. Жас аралық кезеңдері деген не?
2. Жас аралық кезеңдер негізіне қандай өлшемдер енгізілген?
3. Даму деген не?
4. Д.Б.Эльконин қандай жас аралықтарын зерттеді?
14 семинар. Бастауыш мектеп және жеткіншектік кезеңде психикалық дамудың ерекшеліктері.
Тапсырма.
1. Кіші мектеп жасында даму жағдайлары.
2. Оқу іс-әрекетін қалыптастыру.
3. Бастауыш мектеп оқушысы тұлғасының дамуы.
4. Жеткіншектік дағдарыс сипаттамасы.
5. Жеткіншектің есею түрлері. Өзіндік сананың туындауы.
Әдістемелік ұсыныс: тақырыпты меңгеру барысында аталған жас аралығының шегін анықтау және әр жас аралығының мәнін, сол кезеңде қандай негізгі өзгерістер болатынын түсіну керек. Әр жас кезеңінде не басты және маңызды екеніне назар аударыңыз.
Бақылау сұрақтары:
1. Сіз бастауыш мектеп оқушысының ата-анасына осы жаста не нәрсеге көңіл бөлу керектігіне кеңес берер едіңіз?
Жеткіншектің ата-анасына не айтар едіңіз? Жеткіншекпен арақатынасты қалай жақсартуға болады?