11 семинар. Адамның психикалық қасиеттері.

Тапсырма.

1. Темперамент және адамның іс-әрекетінің ерекшеліктері.

2. Балалық шақтағы мінездің қалыптасу ерекшеліктері.

3. Қабілеттің жыныстық ерекшеліктері, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіру.

4. С.Л.Рубинштейн бойынша қабілет құрылымы. Оның қалыптасу кезеңдері.

5. «Шығармашылық қабілет» ұғымының мәні. Гилфорд теориясы.

Әдістемелік ұсыныс: тақырыпты қарастыру барысында темпераменттің мәнін, яғни оның жоғары жүйке жүйесі типіне негізделуін қарастыру кажет. Адамның мінезі деген не және ол қалай қалыптасатынын түсіну керек. Қабілет, оны дамыту жолдарын талдаңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Темперамент типтерін психологиялық тұрғыдан зерттеуді сипаттаңыз (Э.Кречмер, Гиппократ, И.П.Павлов және т.б.)

2. Темперамент кәсіби қызметке қалай әсер етеді?

3. Жеке тұлғаның дара-психологиялық ерекшеліктерінің кәсіби қызмет аясына әсері.

4. Темперамент пен мінездің айырмашылығы.

5. Адамның темпераментін өзгертуге бола ма?

12 семинар. Даму психологиясы пәні, мәселелері және зерттеу әдістері .

Тапсырма.

1. Даму психологиясының міндеттері.

2. Даму психологиясының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Даму психологиясының әдістері.

4. Даму психологиясының негізгі категориялары: өсу, жетілу, дифференциация, үйрету, әлеуметтену.

Әдістемелік ұсыныс: тақырыпқа дайындық барысында ғылымның бұл саласы дамуды сипаттауға, оны түсіндіруге, дамуды болжауға, түзетуге бағытталғандығына назар аударыңыз. Даму психологиясы фундаментальды теориялық пән болып есептеледі, алайда ол білімдер қолданбалы аяда пайдаланылатынын қарастырыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Даму психологиясы қандай қызмет атқарады?

2. Даму психологиясында қандай негізгі әдістер қолданылады

3. Даму психологиясы пәніне сипаттама беріңіз.