7 семинар. Әлеуметтік топтардың психологиялық ерекшеліктері
Тапсырма.
1. Топ түрлері, оларға сипаттама.
2. Ұжым, оның ерекшеліктері.
3. Кіші топтардағы динамикалық үрдістерге сипаттама.
4. Ұжымның қалыптасу кезеңдері.
5. Кіші топтағы тұлғааралық қарым-қатынас құрылымы.
Әдістемелік ұсыныс: Тақырыпқа дайындалуда психологиялық әдебиеттерді қарастыра отырып, топтың әртүрлі түрлеріне салыстырмалы талдау жасаңыз. Ұжым және оның ерекшеліктеріне назар аударыңыз. Ұжымның қалыптасу кезеңдерін айқындаңыз. Адам аралық қатынастардың түрлеріне көңіл бөліңіз.
Бақылау сұрақтары:
1. Әлеуметтік топ ұғымына анықтама беріңіз, оның негізгі сипаттамаларын талдаңыз.
2. Инженер тұлғасына микротоптың жағымды әсерлері қандай?
3. Өндірістік ұжымның психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анықтаңыз.
4. Кіші топ дамуының негізгі кезеңдерін анықтаңыз.
5. Үлкен топ, бұқаралық құбылыстың белгілерін және жеке тұлғаның үлкен топтағы мінез-құлық ерекшеліктерін сипаттаңыз.
8 семинар. Таным процестерінің психологиясы .
Тапсырма.
1. Түйсік және қабылдау таным процестері ретінде (апперцепция ұғымын қарастыру).
2. Зейін тұрақтылығын сақтау механизмдері.
3. Есте сақтау түрлері, оларға сипаттама.
4. Сезім табалдырықтары.
5. Сенсорлық бейімделу мен түйсіктердің өзара әсері.
6. Қабылдау пәні мен фоны.
Әдістемелік ұсыныс: тақырыпты меңгеру барысында түйсіктің қабылдаудан айырмашылықтарын, олардың түрлері мен қасиеттерін білу керек. Білім алушылардың сабақта зейіндерінің тұрақтылығын қалай сақтауға болатынына көңіл бөліңіз. Еңбек әрекетіндегі танымдық процестерге көңіл аударыңыз. Инженер қызметіндегі ес пен зейіннің қызмет ету механизмін ашып көрсетіңіз. Есте сақтау түрлерін қарастырыңыз, оларға сипаттама құрастыруға назар аударыңыз. Есте сақтауды дамытуға арналған жаттығуларға назар аударыңыз.
Бақылау сұрақтары:
1. Түйсік деп нені түсінеміз? Адамның танымдық қызметінде олардың маңызы қандай?
2. Түйсік пен сезімталдықтың абсолютті және салыстырмалы табалдырықтары деп нені түсінеміз?
3. Сезім органдарының бейімделу және сенсибилизациялық ерекшеліктері қандай?
4. Ақпаратты есте сақтау механизмдерін атаңыз.
5. Түйсіктің физиологиялық негізі.