3 семинар. Психика мен сананың дамуы.
Тапсырма.
1. Жануарларда психика мен құлықтың даму кезеңдері мен деңгейлері (Леонтьев-Фабри бойынша)
2. Адамның миы мен психикалық процестері (У.Р.Лурия)
3. Адам санасының табиғаты.
4. Психика көрінуінің психофизиологиялық ерекшеліктері.
5. Ми қызметінің психофизиологиялық ерекшеліктері және оның психикалық процестер мен адамның күйіне әсері.
Әдістемелік ұсыныс: психологиялық әдебиеттен психика, сана, бейсана ұғымдары туралы қарастырыңыз. Адам психикасы қызметінің физиологиялық негіздеріне, психиканың адам миының қызметімен, жүйке жүйесімен байланысына назар аударыңыз. Психиканың рефлекторлық табиғатын талдаңыз.
Бақылау сұрақтары:
1. Жанды және жансыз табиғаттағы бейнелеудің деңгейі мен формасын атаңыз.
2. Не бүкіл ағзаның әрекет орталығы болып табылады?
3. Перифериялық жүйке жүйесіне не жатады?
4. Сол жақ жарты шар қандай қызмет атқарады?
5. Психика дамуын биогенетикалық тұрғыдан қарастыруды не сипаттайды?
4 семинар. Жеке адам психологиялық талдау объектісі ретінде.
Тапсырма.
1. Индивид, даралық, тұлға ұғымдары мазмұнындағы айырмашылықтар.
2. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер етуші факторлар.
3. Жеке тұлға теориялары.
4. Жеке тұлғаның биологиялық пен әлеуметтіктің арақатынасы.
Әдістемелік ұсыныс: тақырыпты меңгеру барысында Индивид, даралық, тұлға ұғымдарын нақты айыра білу керек. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер етуші факторларды қарастырып, қай фактор жетекші екендігін өздігінше анықтау керек. Сонымен қатар классикалық жеке тұлға теорияларын қарастырып, осы теорияларға қатысты өз көзқарасын қалыптастыру қажет. Жеке тұлғаны биологиялық және әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырыңыз.
Бақылау сұрақтары:
1. Жеке тұлға ұғымы деп не түсініледі?.
2. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының қозғаушы күштері мен негізгі заңдылықтары.
3. Жеке тұлға теорияларының біріне талдау жасаңыз. Сіз келісесіз бе жоқ па№ жауабыңызды негіздеңіз.
4. Жеке тұлға биологиялық және әлеуметтік тіршілік иесі ретінде.