Дәріс 9. Ойлау мен қиялдың психологиялық ерекшеліктері

Ойлаудың анықтамасы және оның сипаттамасы. Ойлаудың түрлері мен деңгейлері. Ойлаудың құрылымы. Ойлау теориялары. Сөйлеу ерекше психикалық үрдіс ретінде. Сөйлеудің психологиялық анықтамасы. Сөйлеудің қоғамдық сипаты. Сөйлеудің түрлері. Елес туралы түсінік және оның анықтамасы. Елестің түрлері. Елестің шығармашылық үрдісіндегі орны.

Дәріс 10. Адамның эмоциялық-еріктік сферасының ерекшеліктері

Эмоциялар. Сезімдер. Адамның сезімі мен эмоциялық күйлерінің сипаттамасы. Адамның сезімі мен эмоциясының түрлері. Тұлғаның жоғарғы сезімдері. Адамның сезімі мен эмоциясының қызметі. Ерік және еріктік үрдістерге сипаттама. Еріктік акті. Тұлғаның еріктік қасиеттері. Адамның еркі және мінез-құлықтары.

Дәріс 11. Адамның психикалық қасиеттері

Темперамент анықтамасы. Темпераменттің физиологиялық негізі. Темперамент типтері. Темперамент және психикалық әрекет. Мінез анықтамасы. Мінездің физиологиялық механизмдері. Мінездің қалыптасуындағы әлеуметтік факторлардың рөлі. Мінездің типтері. Мінез қасиеттерінің жіктелуі. Қабілет сипаттамасы. Қабілеттің түрлері. Қабілеттер және нышандар. Кабілеттің дамуындағы әлеуметтік және тума қасиеттер, Интеллект. Креативтілік.

4 Модуль. Даму психологиясының мәселелері

Дәріс 12. Даму психологиясы пәні, мәселелері және зерттеу әдістері

Даму психологиясы пәні. Л.С.Выготский зерттеулеріндегі психикалық дамудың мәдени-тарихи теориясы. Адамның психикалық дамуындағы әлеуметтік - ортаның сипаттамасы. Психикалық дамудағы оқытудың жетекші рөлі. «Дамудың жақын аймағы» түсінігі. Оның жалпы теориялық және нақтылы психологиялық мағынасы.