1 Модуль. Психология пәнінің дамуы және пайда болуының теориялық-методологиялық негіздері.
Д әріс 1. Ғылым ретіндегі психология пәні.
Психология – психиканың дамуы мен қызметінің заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психиканың көріну формалары. Психология ғылымының салалары, зерттеу әдістері. Психологияның негізгі қағидалары.
Психология ғылымының салалары, әдістері. Қазіргі заманғы психология. Психологияның ғылым ретінде анықталуы. Психология жүйесінің қалыптасуы. Отандық және шетелдік психологияның дамуы.
Д әріс 2. Психология ғылымының даму тарихы.
Психологияның негізгі даму кезеңдері. Эмпирикалық психологияның туындауы. Эксперименттік психология. Бихевиоризм, Гештальт-психология. Отандық және шетел психологиясының дамуы. Қазақстанда психология ғылымының дамуы.
Дәріс 3. Психика мен сананың дамуы.
Психикаға түсінік, психиканың көрінісінің формалары. Психика құрылымы. Мидың рефлекторлық қызметі. Ми және психика. Психика эволюциялық үрдістің факторы мен өнімі ретінде. Сананың құрылымы және оның негізгі психологиялық сипаттамасы. Сана психиканың дамуының жоғары сатысы ретінде. Сана мен санасыздықтың әрекеттестігі. Психологиялық қорғаудың тәсілдері. Жанды және жансыз табиғатындағы бейнелеудің деңгейі мен формасы.
2 Модуль. Жеке тұлғаның іс-әрекеттегі және қарым-қатынастағы психологиялық ерекшеліктері
Дәріс 4. Жеке тұлға психологиялық талдау объектісі ретінде.
Индивид, даралық, жеке тұлға. Жеке тұлға құрылымы. Жеке тұлғаның компоненттері (бағыттылығы, қызығушылықтар, бейімділік, сенім, қажеттіліктер). Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы. Жеке тұлғадағы биологиялық және әлеуметтік байланыстар. Жеке тұлғаның өлшемдері: тұрақтылық, бірлік және белсенділік. Жеке тұлғаның бағыттылығы және оның құрылымы. Жеке тұлғаны зерттеудің негізгі тарихи кезеңдері. Жеке тұлғаның психологиялық мәселелерін теориялық зерттеулердегі заманауи беталыс.