« Пайдалы қазба кенорындарының геологиясы »
пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2019 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
М121 шифр | Геология білім беру бағдармалар тобы |
3. Тест мазмұны : Тестіге «Пайдалы қазба кенорындарының геологиясы» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде ұсынылған.
№ | Тақырыптың мазмұны | Қиындық деңгейі | Тапсырмалар саны |
1 | Пайдалы казба және пайдалы қазба кенорындарының негізгі түсініктері. Пайдалы қазба кенорындарының таралу аумағы. | А | 1 |
2 | Пайдалы қазба кенорындарының геологиялық құрылысы. Кен дененің пішіні мен олардың жатыс жағдайы және ішкі құрылысы. Кен денесінің морфологиялық жіктелімі. Кеннің минералдық және химиялық құрамы. Кендердің бітімдері мен құрылымдары. | А | 3 |
3 | Пайдалы қазба кенорындарының генетикалық жіктелімі. Магмалық кенорындардың жаралуы жағдайлары және геологиялық құрылысы. | А | 2 |
4 | Карбонатиттік кенорындардың жаралу жағдайлары және геологиялық құрылысы. Пегматиттік кенорындардың жаралу жағдайлары және геологиялық құрылысы. | В | 1 |
5 | Скарндық кенорындардың жаралуы жағдайлары және геологиялық құрылысы. Альбититтік және грейзендік кенорындардың жаралуы жағдайлары және геологиялық құрылысы. Гидротермалдық кенорындардың жаралу жағдайлары және геологиялық құрылысы. | В | 2 |
6 | Плутоногендік гидротермалдық кенорнының жаралуы жағдайлары және геологиялық құрылысы. | В | 1 |
7 | Вулканогендік гидротермалдық кенорындардың жаралу жағдайлары және геологиялық құрылысы. | В | 1 |
8 | Вулканогендік-шөгінді кенорындардың жаралу жағдайлары және геологиялық құрылысы. Колчедан кенорынның жаралуы жағдайлары және геологиялық құрылысы. | В | 1 |
9 | Гидротермалық-шөгінді (стратиформдық) кенорындардың жаралу жағдайлары және геологиялық құрылысы. Мору қыртысындағы кенорындардың жаралу жағдайлары және геологиялық құрылысы. Мору қыртысындағы қалдық кенорындар. | В | 2 |
10 | Механикалық шөгінді кенорындардың жаралу жағдайлары және геологиялық құрылысы. Тұз химиялық шөгінді кенорындарының жаралу жағдайлары және геологиялық құрылысы. | С | 1 |
11 | Темір, марганец және алюминийдің химиялық шөгінді кенорындарының жаралу жағдайлары және геологиялық құрылысы. Биохимиялық шөгінді кенорындарының жаралу жағдайлары және геологиялық құрылысы. | С | 1 |
12 | Көмір мен жанғыш тақтатас кенорындардың жаралу жағдайлары және геологиялық құрылысы. | С | 1 |
13 | Фильтрациялық кенорындар тобының жаралу жағдайлары және геологиялық құрылысы. | С | 1 |
14 | Метаморфогендік кенорындардың жаралу жағдайлары және геологиялық құрылысы. Техногендік кенорындардың жаралу жағдайлары. | С | 1 |
15 | Мұнай және газ кенорындарының жаралу жағдайлары және геологиялық құрылысы. Қазақстанды мұнай және газды геологиялық аудандау. | С | 1 |
Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны : | 20 |
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы :
Тест тапсырмалары келесі ұғымдарды қамтиды:
- пайдалы қазба кенорындарының (ПҚК) жаралу жолдары;
- пайдалы қазба кенорындарының генетикалық типтері;
- кенорындардың геологиялық құрылысының ерекшеліктерімен олардың жаралу механизмдері мен жағдайлары;
- ПҚК жаралуының геологиялық жағдайлары мен геодинамикалық ахуалы туралы түсініктер;
- руда денелердің жайғасу жағдайларын, құрылымы мен морфологиясын, әртүрлі генетикалық типті кенорындардың минералдық және заттық құрамы мен типоморфтық белгілері;
- ПҚК жаралуы байланысты геологиялық формациялар және таужыныстар;
- ПҚК негізгі рудалық формациялар және олардың өзіндік белгілері
5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.
Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:
- жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);
- орташа (B) – 8 тапсырма (40%);
- қиын (C) – 6 тапсырма (30%).
7. Тапсырма формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
8. Тапсырманың орындалуын бағалау:
Түсуші тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда түсуші 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін түсушіге 0 балл беріледі. Түсуші дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.
9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Байбатша Ә.Б.Пайдалы қазба кенорындарының геологиясы. Алматы, 2018. – 430 с.
2. Авдонин В.В., Бойцов В.Е., Григорьев В.М. и др. Месторождения металлических полезных ископаемых. М.: Геоинформмарк, 1998. – 269 с.
3. Геология нефти и газа и нефтегазоносные провинции. /Под ред. Э.А. Бакирова и В.А. Ларина. Москва, 1998.
4. Ермолов В.А. и др. Месторождения полезных ископаемых: Учебник для вузов. М.: МГГУ, 2001.
5. Старостин В.И., Игнатов П.А. Геология полезных ископаемых. М.: Академический Проект, 2006. – 512 с.