1-тақырып. Мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекеті ретіндегі ойынның мәні
Ф. 4-41
С.БӘЙІШЕВ ат. АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика факультетінің
әдістемелік кеңесінде
ҚАРАЛДЫ
хаттама № __ «___» _______ 2016 ж.
БЕКІТЕМІН
ОӘЖ жөніндегі проректор
____________ А.Ә.Кабиева
«____»___________ 2016 ж.
Ж Ұ М Ы С Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы
Пәні Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері
Факультет Педагогика
Оқу түрі күндізгі
Мамандық 5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
Курс 4 Семестр 8
Кредит саны 2
Дәріс 15 Семинар
Практикалық сабақ 10 Зертханалық сабақ 5
ОжСӨЖ/СӨЖ 10/50 (сағатпен)
Бақылау түрі емтихан Семестр 8
Жұмыс бағдарламасы 2016 жылы «Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері» пәнінен бекітілген оқу бағдарламасы негізінде жасалды.
Жұмыс бағдарламасын құрастырғандар: Жұмабек Т.С., оқытушы, Альситова А.Б., аға оқытушы
Жұмыс бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім» кафедрасының мәжілісінде талқыланды
Хаттама № ___ «___» ________ 2016 ж.
Кафедра меңгерушісі: ______________ п.ғ.к., доцент Тойбазарова Н.А.
КІРІСПЕ
«Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері» 5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша тәрбиешілерге білім беру жүйесіндегі тәрбиенің мақсаты жас ұрпақты бәсекелестіккке бейім, экономикалық ойлау қабілеті жоғары, жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу болып табылып, мектепке дейінгі кезеңнен басталады. Мектеп жасына дейінгі балалардың жетекші әрекеті ойын болғандықтан, ойын тәрбиелеу құралы болмақ. Балалардың ойынына басшылық жасауда болашақ тәрбиешілер ойынның психологиялық, педагогикалық негіздерін білуі қажет.
ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
«Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері» курсының мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің ерекшелігін, оның түрлері туралы білім беріп, ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру.
«Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері» пәнінің негізгі міндеттері:
- ойынның теориялық негіздері туралы білім меңгерту;
- ойын әрекетінің психологиялық негіздерін үйрету;
- балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын игерту;
- мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің жіктелуін үйрету;
- ойынға басшылық жасау біліктілігін қалыптастыру;
- ойын әрекетін ұйымдастыра білуге үйрету.
«Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері» пәнін оқып үйрену нәтижесінде студенттер:
БІЛУІ ТИІС:
- мектепке дейінгі балалардың жетекші әрекеті ойын екендігін;
- ойын түрлері және оны ұйымдастыру әдістемесін;
- сюжеттік-рөлдік ойынды ұйымдастыру әдістемесін;
- ережелі ойындарды ұйымдастыра білу біліктілігін;
- балалар ойынына басшылық жасай білу біліктілігін.
ІСТЕЙ БІЛУІ ТИІС:
- балалар ойынына басшылық жасауды;
- ойын түрлерін ережеге сай өткізу тәртібін;
- ойын әрекетіне психологиялық сипаттама жасауды;
- балалардың қызығушылығын арттырудағы ойынның мазмұнын, тақырыпты таңдауды;
- әртүрлі топтарда ойынды ұйымдастыру әдістемесі және шарттарын жүзеге асыруды;
- ойынға педагогикалық жетекшілік жасауды.
ІСКЕРЛІК ДАҒДЫЛАНУЫ ТИІС:
- балалар ойындары түрлерін ажырата алуға;
- ойын барысында рөлдерді сомдай алуға;
- ойын барысында төзімділік пен шыдамдылық, күту және кешіре білуге.
«Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері» пәнін игеру үшін студенттердің төмендегі пәндерден теориялық және практикалық білімдері болуы қажет:
1. Мектепке дейінгі педагогика
2. Педагогика
3. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
4. Балалар психологиясы
1. ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
1.1. САҒАТТАР БӨЛІНУІНІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
№ | Тақырыптар атауы | Барлық сағат | Аудиториялық сабақтар | ӨЖ | |||
Дәрістер (сағ) | Практ./семинар сабақтар (сағ) | Зерт-қ сабақтар (сағ) | Барлығы (сағ) | Оның ішінде ОжСӨЖ (сағ) | |||
1 | Мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекеті ретіндегі ойынның мәні | 8 | 1 | - | 1 | 4 | 1 |
2 | Балалар ойындарының ерекшеліктері | 8 | 1 | 1 | - | 4 | 1 |
3 | Балалар ойындарының классификациясы | 8 | 1 | - | 1 | 4 | 1 |
4 | Ойынның педагогикалық мәні | 8 | 1 | 1 | - | 4 | 1 |
5 | Сюжеттік-рөлдік ойын мектеп жасына дейінгі балалар ойындарының негізгі түрі ретінде | 8 | 1 | 1 | - | 4 | 1 |
6 | Мектепке дейінгі мекемеде сюжеттік-рөлдік ойындарды ұйымдастыру | 8 | 2 | - | 1 | 4 | 1 |
7 | Мектеп жасына дейінгі балалардың драмалау және режиссерлік ойындарына сипаттама | 8 | 1 | 2 | - | 4 | 1 |
8 | Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық және ережелі ойындар | 8 | 2 | 2 | - | 4 | 1 |
9 | Мектеп жасына дейінгі балалардың құрылыс ойындарына сипаттама | 8 | 2 | 2 | - | 4 | 1 |
10 | Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойындары | 8 | 1 | 1 | - | 4 | 1 |
11 | Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс ойындары | 5 | 1 | - | 1 | 5 | - |
12 | Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық ойын түрлері, мәні мен маңызы | 5 | 1 | - | 1 | 5 | - |
Барлығы: | 90 | 15 | 10 | 5 | 50 | 10 |
1.2. КУРС МАЗМҰНЫ
1-тақырып. Мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекеті ретіндегі ойынның мәні
Пәннің мақсаты мен міндеттері. Ойын − мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті. Ойын туралы философ, психолог, социолог, педагогтардың ой-пікірлері (В.Вунд, Г.В.Плехнов). Адамзат тарихында ойынның пайда болуы.
Ойынның өзіндік ерекшелігі. Ойынның әлеуметтік мәні К.Д.Ушинский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, Р.И.Жуковский. Мектеп жасына дейінгі балалардың әрекетін ұйымдастыру формасы ойын. Халық тәжірибесінде ойын тәрбиелеу құралы.
2-тақырып. Балалар ойындарының ерекшеліктері
Ойын әрекетіне жалпы психологиялық сипаттама. Балалардың психологиялық дамуындағы ойынның мәні ( А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, А.А.Люблинская, М.Мұханов, Т.Тәжібаев). Ойында баланың жеке тұлғасының қалыптасуы. Сәби шақтағы балалардың ойын әрекеті. Бейнелеу ойыны – сюжетті ойынның алғашқы кезеңі. Заттың орынбасарын ойында пайдалануы. Сәбилер және ортаңғы топ балалардың сюжеттік ойыны. Ойынның құрылымы және дамуы. Ереске топ балалары ойынының ерекшелігі. Сюжеттік-рөлдік және ережелі ойындар.
3-тақырып. Балалар ойындарының классификациясы
Ф.Фребельдің ойынды жіктеуі ( ақыл-ой ойыны, сенсорлық ойын, моторлық ойын). Неміс психологі К.Гростің педагогикалық мәніне қарай жіктеуі. Балалардың шығармашылық және дербестігін дамыту принципі мен жіктелуі (П.Ф.Лесгафт, Н.К.Крупская). П.Ф.Лесгафт ойынды имитациялық және қимыл-қозғалысқа жіктеуі. Шығармашылық және ережелі ойындар.
С.Л.Новоселова Истоки: Базисная программа развития ребенка дошкольника (1997) бағдарламасында ойынды жаңа тұрғыда жеткізу (өздігімен ойыны, оқыту ойыны, тынығу ойындары). Қазақстан Республикасында балалардың ойынын жіктеу туралы еңбектер (Е.Сағындықов, Төтенай, А.Айтпаева, М.Тұрыскелдина, Т.Иманбеков).