ТаҚырып-12. Жедел іздестіру процесі
Жоспар:
1.Жедел іздестіру процесінің түсінігі,оның құқық қорғаудағы функциясы.
2.Жедел іздестіру процесінің сатылары.
Негізгі ұғымдар: Процесс,Кезең процесі,Процестің аяқталуы,Қортынды шығару
1.»Процесс» деген сөз ғалым С.И.Ожеговтың орыс тілі словарында қанай да бір құбылыстың жүруі,дамуы,даму арқылы басқа бір нәрсеге өзгеруі сияқты түсіндіріледі.
ЖІҚ-ті ол өзінің алдына қойылған міндетті,тапсырманы шешуге бағытталған шаралар жүйесі болып табылады.Сондықтан ол өзіне жүктелген міндеттерді шешу үшін,әр сатыда белгілі бір нәтижеге жетіп отыратын және әр саты тек өзіне ғана тән негіздер арқылы және белгілі бір өзіне ғана жатқызылған нақты мәселені шешу болып табылады.Осы көрсетілгендердің негізінде Жедел іздестіру процесі дегеніміз-белгілі бір бағытқа бағытталған,кезектескен,әр кезеңде ЖІҚ-нінің белгілі бір нәтижесіне жететін және әр кезең тек белгілі бір негіздер бойынша туындайтын және нақты ЖІҚ-нің тапсырмасын іске асыратын іс әрекет болып танылады.
ЖІҚ-і құқық қорғау және арнаулы функцияларға бөлінетіні сияқты,жедел іздестіру процесі де құқық қорғау және арнаулы функцияларға бөлінеді.
Жедел іздестіру процесінің құқық қорғау процесі дегеніміз-белгілі бір кезеңде жүйелі түрде ЖІҚ-нің құқық қорғау мақсатында,оның ішінде азаматтардың өмірін,денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін,меншікті,қоғам мен мемелекеттің қауіпсіздігін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау жөніндегі жүргізілетін шаралар болып табылады.
Ал Жедел іздестіру процесінің арнаулы функциясы дегеніміз,белгілі бір кезеңде жүйелі түрде ЖІҚ-нің қоғам мен мемелекеттің қауіпсіздігін қорғауға бағытталған арнаулы мақсаты.
Жедел іздестіру процесі де,ЖІҚ-не байланысты барлау,қарсы барлау,қылмыстық іздестіру,әкімшілік іздестіру процестері бағытына бөлінеді.
Жоғарыда көрсетілген функциялар мен бағыттарына қарамастан,жедел іздестіру процесінің құрастырушы элементі-кезеңі белгілі бір міндетті шешуге бағытталғанОл кезеңдер,сатылар болып келуі мүмкін,бірақ кез келген процесті аяқтау үшін,кем дегенде үш кезең орын алады,олар:
1.Кезең процесінің пайда болуы.
2.Кезең процесінің аяқталуы,яғни белгілі бір нәтижеге жету.
3.Қортындысын шығару.
Әр кезең мерзімі ведомствоның құқықтық нормативтік актілерімен реттеліп,кей жағдайларда бірнеше жылға созылуы мүмкін,ал төменгі мерзімге шектеу қойылмаған.