11-тақырып: ЖІҚ-нің қылмыстық және әкімшілік іздестіру бағыттары
Жоспары:
1.Қылмыстық іздестіру бағытының түсінігі.
2.ЖІҚ-нің әкімшілік іздестіру бағыты.
3.Жедел іздестіру бағыты.
Негізгі ұғымдар:Қылмыстық іздестіру,әкімшілік іздестіру, криминалистикалық полиция, ЖІҚ-нің болжамдары
1.Қылмыстық жедел-іздестіру қызметінің бағыты негізінен қылмысты анықтауға, алдын-алуға, жолын кесуге, бетін ашуға және іздестіруге бағытталған.
Осыған қажетті күштерге: құпия агент күштері, жедел іздестіру техникасы, жедел-іздестіру, ақпараттық қызмет т.б. жатады.
ЖІҚ-нің қылмыстық іздестіру бағыты, құқық қорғау бағытының бір элементі болып табылады. Криминалистикалық полиция мен қаржы полициясы жұмыстарының нәтижесі болып есептеледі және ЖІҚ-нің жалпы шаралары қағидасы негізінде іске асырылады. Өздерінің алдарына қойылған тапсырмаларды шешуге байланысты олар ұйымдасқан және экономикалық қылмыспен, есірткі бизнесімен, терроризммен, бандитизммен, қарақшылықпен, экологиялық қылмыстармен,көлік қылмыстары т.б. болып, әр органның өз құзретіне сәйкес және қылмыстық Кодексткегі қылмыс түріне қарай бөлінеді.
Құқыққа қарсы іс әрекетті анықтау ЖІҚ-нің құқық қорғау функциясы бола отырып,дайындалып жатқан, болайын деп жатқан қылмыс, олардағы тұлғалар жөнінде хабарды тексеру, сараптама жасау, бағалау жөніндегі іс әрекеті. Оларды анықтаудың мақсаты: әртүрлі қылмысқа бағытталған ниетті, қылмыс жөніндегі хабардың қайнар көзін анықтау және ол хабарды алу мен тексеру болып табылады.
Олардың құралы ретінде : құпия көмекшілер, жедел-іздестіру, ғылыми-техникалық және ақпатар құралдары жатады.
Онымен қатар анықтау көздері болып,азаматтардың,ұйымдар мен мекемелердің ресми немесе ресми емес арыздары,ақпарат құралдарында хабарланған мән-жайлар танылады.
ЖІҚ-нің болжамдары. Ол дегеніміз логикаға сәйкес болып жатқан оқиғаларды түсіндіретін болжам түріндегі гипотеза, яғни фактілі деректерге негізделген болжам және олардың қисынды дұрыс түсінігі.
Сонымен жедел-іздестірушілік болжам дегеніміз-үзілмелі болжамды біліммен толық және шынайы ілімге негіздеген, көп сатылы өтпелі кезеңді құрайтын ойлау үрдісі. Оны құрған кезде логикалық ойлау тәсілі, талдау, синтез, индукция, дедукция және аналаогия үлкен роль атқарады.
Талдау тәсілі-фактілерді, құбылыстарды, оқиғаларды ойша жіктеуден, құрама бөліктерін бөлек-бөлек түсінуден тұрады.
Синтез-бұл талдауға қарама қайшы тәсіл,онда оның заты тұтастай, талдау арқылы бөлектенген бөліктердің өзара байланысын зерттеу болып табылады.
Сөйтіп талдау мен синтез логикалық ойлаудың өзара байланысқан және өзара шартталған тәсілі.
Болжам құрған кезде ойлардың логикалық тәсілі ретінде индукцияның үлкен маңызы бар, яғни ол талдау жекеден жалпыға, фактілерді жинақтауға бағытталған тәсіл. Сөйтіп ол тұжырымдар істеуге мүмкіндік береді.
Болжауда дедукциялық тәсілдің де, яғни жалпыдан жекеге талқылау да ерекше атқарады. Мысалы:мәйттің жанынан табылған ату қаруының ұңғысының ішінде күйік иістің болмауы, қарудан оқ атылмаған дегенге алып келеді.