10- тақырып: Жедел-іздестіру қызметінің барлау және қарсы барлау бағыттары

Жоспары:

1.ЖІҚ-нің бағыттарының түсінігі және ол туралы көзқарастар.

2.ЖІҚ-нің барлау бағыты.

3.ЖІҚ-нің қарсы барлау бағыты.

Негізгі ұғымдар:Барлау бағыты, Қарсы барлау бағыты,Ұлттық қауіпсіздік,Арнаулы функция

Ұлттық қауіпсіздік дегеніміз-ол ұлттық мүдделердің қорғалуда болуы және сыртқы қауіптен сақтау. Ол дегеніміз саяси, экономикалық, әскери, әлеуметтік т.б. мемелекеттің қажеттілік мүддесі, оны іске асыру дегеніміз мемелекеттің өзінің констуциялық құрлысын, азаматтарының конституциялық құқығын, қоғам байлығы мен мемелекеттің негізін қалаушы мүддесі болып табылады. Демек барлау қызметі туралы заң шегінде, ЖІҚ-нің арнаулы қызметі арқылы арнаулы функцияны іске асыру.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, ол туралы жеткілікті көлемде хабар керек. Сондықтан ҚР-ның басшылығы шет мемелекеттер жөнінде саяси, экономикалық,ғылыми-техникалық, әлеуметтік мәселелер жөнінде сөз қозғағанда, шешімдер қабылдағанда, соны шешуге жеткілікті мәліметтерді иеленуі қажет. Сондықтан бұл саламен айналысатын арнаулы қызмет, оған қажетті арнаулы құрал жабдықтар, әдістемелік тәсілдерді иеленуі керек.

Сыртқы істер министрлігі шегінде хабар жоғарыдағы мәселелерді шешуге жеткілікті болып табылмайды. Себебі көп мемелекеттер халықаралық аспектіге қатысты мәселелерді құпия сақтауға тырысады және оны әр мемелекеттің құпия қызметі қоррғайды. Сондықтан осы мәселе жөнінде алға қойған міндетті шешу үшін міндетті түрде барлау органы қажет. ЖІҚ-і туралы заңның 2-бабында осы туралы былай көрсетілген:қоғамның,мемелекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оның экономикалық әлуеті мен қорғаныс қабілетін нығайту. Бұл барлау қызметінің алдына қойылған міндет. Мысалы:7-баптың а),в) пункттерінде барлаудың алдына қойылған міндеттері мынандай:

А)пункіті бойынша-жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін, меншікті, қоғам мен мемелекеттің қауіпсіздігін қорғау, оның экономикалық және қорғаныс әлуетін нығайту үшін өз құзіретіне сәйкес қажетті шаралар қолдану

В)қоғам мен мемелекет қауіпсіздігіне қатер төнгенін дәлелдейтін өздеріне белгілі болған жайттар мен деректерді ҚР-ның мемелекеттік өкімет пен басқару органдарына дер кезінде хабарлау.

Сонымен барлау қызметі заң тұрғысынан қарағанда ЖІҚ-нің бір бағыты болып табылады және оның заңдық негіздері мен қағидаларына сәйкес заңды деп есептеледі.

3.Қарсы барлау қызметі дегеніміз-шет мемелекеттердің және халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерінің барлау-бұлдіру әрекетін анықтау,алдын-алу және болдырмау жөніндегі мемелекеттің арнаулы қызметі.

Қарсы барлау қызметі ЖІҚ-нің екі функциясын-құқық қорғау және арнаулы функциясын бірге атқарады.

Құқық қорғау функциясында:конституциялық құрлыс пен мемелекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қылмыстың алдын алу, жолын кесу,бетін ашу және ЖІҚ-не сәйкес жүктелген басқа да міндеттерді атқару.

Арнаулы функциясында:-Республика Президенті мен басқа да күзетілуге тиіс тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

-Мемелекеттік және басқа да құпия болып табылатын заңмен қорғалатын құпиялылықты қамтамасыз ету.

-Ұйымдар мен мекемелердің коммерциялық құпиясының сақталуына ықпал ету.

-Мемелекеттік шекараны қорғау.

-ЖІҚ-н жүргізуші органдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қарсы барлау қызметін ҚР-дағы Заңға сәйкес ҰҚК-нің бөлімдері,Президенттің күзет қызметі іске асырады.

Қарсы барлау ішкі және сыртқы қарсы барлау болып бөлінеді.

Ішкі қарсы барлау қызметі ҰҚК-нің және Президент күзет қызметі арқылы ұйымдастырылады және қызметін жүзеге асырады. Негізінен олар мемелекеттің аумағында жұмыс атқарады. Тек кейбір арнаулы мән-жайда ғана мемелекет аумағынан сыртқа шығуы мүмкін.