ТаҚырып-9. ЖіҚ-н жҮргізу баҒыттары

Жоспары:

1.ЖІҚ-і функциясының құқық қорғаудағы мазмұнының түрлері және жіктелуі.

2.ЖІҚ-нің құқық бұзушылықтың алдын-алу,ізін кесу және ашу аясы.

Негізгі ұғымдар:ЖІҚ бағыттары, барлау бағыты, қарсы барлау бағыты,ішкі барлау, сыртқы барлау, қылмыстық, әкімшілік іздестіру бағыттары

 

1.ЖІҚ-і заңына сәйкес, оның негізгі бағыттары болып барлау, қарсы барлау, соңғының өзі ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді және қылмыстық, әкімшілік іздестіру болып бөлінеді.

Бұның ішінде барлау мен қарсы барлау ғылыми көзқараспен толыққанды бекіген болыр есептелсе, қылмыстық пен әкімшілік іздестіру бірқалыпты мойындалмайды.

Кейбір ғылыми еңбектерде, оның ішінде ресейліктер жоғарыдағыларды біріктіріп әмбебаптық бейнеде көреді. Олардың пайымдауынша барлау мен қарсы барлау қызметі, жедел іздестіру мен жеке іздестіру қызметі деп оларды бір-бірінен бөліп, жоғарғы екеуін ЖІҚ-іне қоспайды, ал соңғыларды жеке іздестіру деп есептейді. Бұл жағдайда ЖІҚ-і қылмыстық, әкімшілік белгілері бар іс-әрекеттерді анықтау,алдын-алу, бетін ашу ғана болып, ал қалғандары ЖІҚ-і заңынан бөлек жағдайда оның шегінен сырт қалар еді. Сөйтіп ешқандай нормативтік құқықтық актілермен реттелмес еді. Бірақ ЖІҚ-і туралы Заң жоғарыдағы бағыттар функцияларын толық қамтып реттеген.

2.ЖІҚ-нің қарсы барлдау бағыты дегеніміз-мемелекеттің белгілі бір бағытқа бағытталған қызметі. Оны ол өзінің арнаулы ведомство қызметі арқылы, ҚР-ның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, барлау қажет ететін мемелекеттерде саяси,экономикалық,ғылыми-техникалық, әскери т.б. хабарларды жинау, алу және құпия құралдардың көмегімен барлау обьектілері болатын мемелекеттерден мәліметтер жинау және сол арқылы өз ұлттық мемелекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Ұлттық қауіпсіздік дегеніміз-ол ұлттық мүдделердің қорғалуда болуы және сыртқы қауіптен сақтау. Ол дегеніміз саяси, экономикалық, әскери, әлеуметтік т.б. мемелекеттің қажеттілік мүддесі, оны іске асыру дегеніміз мемелекеттің өзінің констуциялық құрлысын, азаматтарының конституциялық құқығын, қоғам байлығы мен мемелекеттің негізін қалаушы мүддесі болып табылады. Демек барлау қызметі туралы заң шегінде, ЖІҚ-нің арнаулы қызметі арқылы арнаулы функцияны іске асыру.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, ол туралы жеткілікті көлемде хабар керек. Сондықтан ҚР-ның басшылығы шет мемелекеттер жөнінде саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік мәселелер жөнінде сөз қозғағанда, шешімдер қабылдағанда, соны шешуге жеткілікті мәліметтерді иеленуі қажет. Сондықтан бұл саламен айналысатын арнаулы қызмет, оған қажетті арнаулы құрал жабдықтар, әдістемелік тәсілдерді иеленуі керек.

Сыртқы істер министрлігі шегінде хабар жоғарыдағы мәселелерді шешуге жеткілікті болып табылмайды. Себебі көп мемелекеттер халықаралық аспектіге қатысты мәселелерді құпия сақтауға тырысады және оны әр мемелекеттің құпия қызметі қорғайды.