8-тақырып: жедел іздестіру ҚызметініҢ нӘтижесі жӘне оны Қолдану тӘртібі
Жоспары:
1.ЖІҚ-і нәтижесінің түсінігі және түрлері.
2.ЖІҚ-нің нәтижесін ,анықтау органына,тергеуші,прокурор және сотқа беру тәртібі.
3.ЖІҚ-нің нәтижесін заңнан тысқары қолдану тәртібі.
Негізгі ұғымдар: ЖІҚ-нің нәтижесі, мәліметтер, құжаттар, актілер, есептер
ЖІҚ-нің нәтижесі дегеніміз,жедел іздестіру бөлімдерінің ЖІҚ-і заңына сәйкес, дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған қылмыстар жөнінде және оларды жасаған, қатысқан, дайындаған, жасайын деп жатқан тұлғалар жөнінде,анықтау, тергеу, сот органдарынан қашып жүрген, жазасын өтеуден тығылып жүрген, хабар-ошарсыз кеткендер жөнінде, сол сияқты мемелекеттік, әскери, экономикалық және экологиялық қауіпсіздікке қауіп төндіру туралы алынған мәліметтер болып табылады.
Олар: мәліметтер, құжаттар, заттар түрінде болуы мүмкін және ЖІҚ-нің алдына қойылған тапсырмаларды шешу үшін өте маңызды болып табылуы тиіс.
Сонымен қатар кейбір мәліметтер мемелекет басшылары үшін саяси шаралар мәселелерін шешуге арналуы мүмкін.
ЖІҚ-нің нәтижесі өз мәнін төменгі түрлері арқылы білдіреді:
1.ЖІҚ-нің алдына қойылған мақсаттарын шешуге қажетті:
-мәліметтер
-құжаттар
-заттар түрінде.
2.ЖІҚ-і обьектілеріне әсер ету арқылы қол жеткен:
-ЖІҚ-нің пайдалы жағы
-мемелекетке пайдалы саяси, экономикалық т.б. түрінде.
ЖІҚ-нің нәтижелері жедел іздестіру қызметі құжаттарында: рапорт, анықтама, мәліметтер, актілер, есептер ретінде көрінеді. Бұл құжаттарға ЖІҚ-і нәтижесінде алынған заттар,құжаттар тіркелуі мүмкін.
ЖІҚ-ті техникасын қолданғанда: фонограмма, бейнеграмма, бейнелента, фотопленка, магниттік, лазерлік дискілер т.б.түрінде орын алады.
Алынған нәтиженің мазмұны мен қажеттілігіне сәйкес, оны ары қарай пайдалану үшін,ЖІҚ-нің нәтижесі қажетті тәртіппен хатталады және ЖІҚ-і ісіне тіркеледі немесе қылмыстық, әкімшілік істерге тігіледі не анықтама тағы басқа түрінде өз көрінісін табады.
2.ЖІҚ-і туралы Заң ЖІҚ-нің нәтижесін тар мағынада белгілі-бір ЖІҚ-і және тергеу үшін қажетті материал ретінде көрінеді де, заңда көрсетілген тәртіппен пайдалану тәртібі реттеледі. Мысалы: ЖІҚ-ті туралы Заңның 14-бабында олар былай көрсетілген:
1.ЖІҚ-і үрдісінде алынған материалдар тергеу жұмыстарын әзірлеу және жүзеге асыру, қылмыстардың алдын алу, оларды болдырмау және ашу жөніндегі жедел –іздестіру шараларын жүргізу үшін, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес олар тексерілгеннен кейін қылмыстық іс бойынша айғақтар ретінде пайдаланылады.
2.ЖІҚ-н жүргізу нәтижесінде алынған материалдар оларға қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген сипат бергенге дейін, не оларды қылмыстық процеске енгізуге мүмкіндік болмаған жағдайда ешқандай құқықтық зардаптарға әкеліп соқпайды және жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін шектеу үшін негіз бола алмайды.
3.ЖІҚ-ін ұйымдастыру, нақты жедел –іздестіру шаралары, хабарламаларды алу көздері мен тәсілдері туралы мемелекеттік несесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мағлұматтар заңдарда көзделген реттерден басқа жағдайда, сондай-ақ азаматтардың жеке өміріне, ар-ожданы мен қадыр-қасиетіне қатысты мағлұматтар жария етілмейді.
4.Кәсіби міндеттерін орындау нәтижесінде жедел-іздестіру қызметі туралы өзіне мәлім болғмн мағлұматтады жария еткен адамдар ҚР-ның заңдарында көзделген тәртіппен жауапқа тартылады.
ЖІҚ-нің нәтижелері алдарына қойылған мақсатты обьективті түрде пайдаланып шешу үшін, анықтау, тергеу, прокурор және сотқа беріледі.