ТаҚырып-6. Жедел іздестіру Қызметін іске асыру шаралары тҮсінігі жӘне тҮрлері.
Жоспары:
1.ЖІҚ-ін іске асыру шараларының түсінігі және маңызы.
2.ЖІҚ-ін іске асыру шараларының түрлері және маңызы.
Негізгі ұғымдар: Нысана, Міндеті, ЖІҚ-нінің тұлғасы, ЖІҚ-нің обьектісі, Жедел іздестіру шарасының жоспары дегеніміз
1. «Жедел іздестіру қызметі туралы» Заңның 11-бабы 1- бөлігінде
Жедел іздестіру шаралары туралы мынандай түсінік берілген:
Жедел іздестіру шаралары дегеніміз- бұл жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың өз құзіреті шегінде, осы заңның 2-бабында көзделген міндеттерді, яғни азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтарын, меншігін, заңды мүдделерін, қоғамды, мемелекетті, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді шешіге бағытталған іс-әрекеттері. Осы көрсетілгеннен туындайтыны жедел іздестіру шаралары екі түрлі іс әрекетті, яғни жедел іздестіру шаралары мен жедел іздестіру операциялары бірлігінен құралады. Ол дегеніміз алға қойған мақсатқа жету үшін күні бұрын дайындалған, жоспарланған және бір немесе бірнеше шараларды жедел іздестіру тұлғаларының іске асыруы, сөйтіп олар жедел іздестіру шараларының мазмұнын құрайды.
Жедел іздестіру шараларына мына талаптар қойылады: Олар жедел іздестіру қызметі қағидаларына сәйкестігі, ЖІҚ-ның негізгі мақсатына,жалпы шараларына бағыныштылығы, шараның нақтылығы, күш пен құралды қажетті шекте, табандылық көрсету арқылы икемділік таныту, өзара қарым-қатынаста болу.
Жедел іздестіру шараларының құрлысы мыналардан тұрады:Нысана мен міндет,тұлға,обьектісі,шара жоспары,жедел іздестіру іс-әрекеті,күш пен құрал және нәтиже.
Енді осыларға қысқаша анықтама берелік.
Нысана дегеніміз-жедел іздестіру шарасы негізінде ЖІҚ-нің мақсатына және белгілі бір нәтижесіне жетуге бағытталуы.
Міндеті ол белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған жедел іздестіру шараларының іс-әрекеті.
ЖІҚ-нінің тұлғасы-дегеніміз,ол жедел іздестіру қызметін іске асырушы орган.
ЖІҚ-нің обьектісі-дегеніміз ол жеке адамға,қоғамға,мемелекетке,сол сияқты ҚР-ы ұлттық қауіпсіздігіне,құқыққа қарсы іс-әрекет жүргізуші жеке тұлға немесе ұйым.
Жедел іздестіру шарасының жоспары дегеніміз-жедел іздестіру шарасын іске асыру тәртібі мен тәсілі.
Жедел іздестіру шарасының іс-әрекеті-ол шараларды іске асырудың әтрүрлі акт әрекеттері.
Жедел іздестіру шараларының күштері-шара өткізуге тартылған құпия көмекшілер аппараты,жедел-техникалық,жедел-іздеу,ақппараттық тағы басқа құрамдар.
Жедел іздестіру шарасының нәтижесі-олмақсатқа жету үшін жүргізілген іс-шаралардың қол жеткізген нәтижелері.
ТАҚЫРЫП-7. АРНАУЛЫ ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ШАРАЛАРЫ
Жоспары:
1.Арнаулы жедел- іздестіру арнаулы шараларының түсінігі
2.Жедел іздестіру арнаулы шараларын жүргізу негіздері
Негізгі ұғымдар: арнаулы жедел іздестіру шаралары, тұрғын үйге қол сұқпау, азаматтардың жеке өмірі, цензура.
1.Арнаулы жедел іздестіру шаралары дегеніміз- оны жүргізу белгілі бір жағдайларда кейбір азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясы белгілеген құқықтарына қол сұғылып, қысым жасалуын көрсетеді.
Бұл жерде азаматтардың жеке өмірі,құпиялылығы.тұрғын үйге қол сұқпау, хат-хабар, телефон арқылы сөйлесу, пошта, телеграф және өзге де хабарларға қол сұқпау құқықтарына нұқсан келтіріледі.
Шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтар Қазақстан аумағында,осы ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын пайдаланатындықтан,жедел іздестіру қызметінің арнаулы шаралары олардың да құқықтар ымен бостандықтарына әсерін тигізеді.
Осыған қарамастан ҚР Конституциясының 12 бабының 5-тармағында былай деп көрсетілген: Адамның және азаматтың өз күқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы, басқа адмдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, Конституциялық құрлыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуі тиіс екені атап көрсетілген. Ал Конституцияның 18-бабының 2-тармағында, азаматтардың Конституциялық құқықтарын шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол берілетіні айтылған.
Конституцияның 25-бабының 1-тармағы бойынша, тұрғын үйге басыа кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттерде және тәртіпте жол берілетіндігі көрсетілген.
Осы жоғарыда көрсетілгендердің негізінде Жедел іздестіру қызметін іске асыруға құқық берілген органдар, ол туралы заңның 11-бабы 3- тармағына сәйкес мынандай арнаулы жедел іздестіру шараларын жүргізеді:
1. Сотталғандардың хат-хабарын цензуралау. Оның мақсаты жазаны өтеу орнындағы сотталғандар пошта, хат-хабар, телефон байланыстарын пайдалану арқылы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаудың алдын алады, сол арқылы құқық бұзушылық түрлерімен күреседі.
Жазасын өтеушілер ол туралы ескертіледі. Ал пошта хабарлары ашық түрде оқу немесе басқа тексеру құралдарын пайдалану арқылы іске асырылады. Хат-хабарлар жөнелту үшін ашық, желімденбеген күйде қабылданады, ал келіп түскендер міндетті түрде ашылып, тексеріліп беріледі. Бұл іс-әрекеттерді арнаулы бөлінген Жедел іздестіру қызметкері жүзеге асырады. Осы іс әрекеттер арқылы Жедел іздестіру қызметіне қатысты мәліметтер алуға мүмкіндік туады.
Пошта хат-хабарында, пошта арқылы жіберілуге болмайтын мән-жайлар анықталса,кесіп алып тастау неесе өшіру арқылы жойылады,ал қажет болған жағдайда хат-хабар тәркіленеді.
Бұл жедел іздестіру шарасы сотталушы жазасын өтеп жатқан кезде және уақытша қапаста ұстау кезінде іске асырылады. Тар қапаста ұстау кезінде тексеруді тергеуші немесе анықтаушы іске асырады.
2.Пошта жөнелтімдерін бақылау. Бұның мазмұны белгілі бір уақыт аралығында жеке тұлға немесе заңды тұлғалардың хат-хабарына бақылау жүргізу болып табылады. Бақылау кірген немесе шыққан хат-хабарлар жөнінде орын алады.
Хат-хабар ұсталып, онда құқыққа қарсы іс-әрекеттер бар жоғы тексеріледі, одан кейін өз мекн жайы бойынша баратын жеріне жіберіледі. Қажет деп табылғанда хат-хабар тәркіленеді және жедел іздестіру материалына тігіледі,егер қылмыстық іске байланысты болса Қылмыстық іс жүргізу құқығына сәйкес алынып қылмыстық іске тігіледі.
3.Байланыстың пошта, телеграф арналарында сыртқы белгілері бойынша жедел іздеулер. Бұл шара хат-хабардың құқыққа қарсы іс-әрекетке пайдаланылып жүргенін анықтау мақсатында атқарылады. Хат-хабар жалпы емес, белгілі бір хат-хабар тексеріледі. Хат-хабар ашылмай сыртқы түрі пошымы бойынша тексеріліп,қай мемелекеттен немесе мекен-жайдан шыққаны және кімге арналғаны анықталады. Бұл жолменқашып, тығылып жүрген қылмыскерлер жөнінде іздеу шаралары іске асырылады. Қажет деп табылған кезде,пошта ашылуға, тәркіленуге жатады. Бұл іс-әрекет жасырын түрде іске асады.
4.Телефон және өзге сөйлесулерді тыңдау. Бұл жедел іздестіру қызметі обьектісінің іс-әрекетін бақылауға арналған шара. Мысалы: оның жоспары, алға қойған мақсаты,қылмыстық байланысы, мекен жайы т.б. Бұл іс-әрекет те жасырын түрде белгілі бір обьектіге байланысты жүргізіледі.
5.Бейне-аудио техникаларды немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздерді жасырын тыңдау, жазып алу,мәліметтер жинау. Бұл да жоғарыдағы мақсатпен іске асырылады.
6.Байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерінен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау.