ТаҚырып-5 жедел іздестіру Қызметін жҮзеге асырушы органдарыныҢ халыҚаралыҚ ҚҰҚыҚ Қоргау органдарымен Әрекеттестігі
Жоспары:
1.Қазақстанның ішінде ЖІҚ-ін іске асырушы органдарының әрекеттестігі.
2.ЖІҚ-ін іске асырушы органдарының шет мемелекет органдарымен әрекеттестігі.
Негізгі ұғымдар:Арнаулы уәкілеттік, топ құру, өзара келіскен іс-қимыл, ТМД елдері, Интерпол.
Жедел іздестіру қызметі заңына сәйкес, оны іске асырушы органның міндеті,өздерінің арнаулы уәкілеттігін пайдалана отырып,адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын,өмірі мен денсаулығын және басқа да заңды мүдделерін,сол сияқты меншікті,қоғамның қауіпсіздігін және мемелекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау.Өзіне жүктелген осы тапсырмаларды орындау үшін Жедел іздестіру қызметі,өз жұмысын аталған заңға негіздей отырып,мына жағдайларды міндетті түрде ескеруі қажет:
Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыруға уәкіәлеттілігі бар орган ,кейбір іс-қимылдарында осындай қызметті іске асырушы басқа органдар мүдделерімен жанасуы мүмкін,тіпті олардың жұмысы бір бағытқа бағытталуы да орын алады.
Сондықтан «Жедел іздестіру қызметі туралы»заңның 17-бабына сәйкес ҚР-ның жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар,өздерінің алдарында тұрған міндеттерді дербес,бір-бірімен өзара келіскен іс қимыл жасап,мемелекеттік,қоғамдық және өзге органдардың мүмкіндігін,сондай-ақ азаматтардың жәрдемін пайдалана отырып шешуі тиіс.
Сонымен қатар әр органдар өз құзыретіне қатысты іс-әрекет жүргізгенде,өздеріне мәлім болған деректер туралы бір - біріне мәлім етіп отыруды қамтамасыз етуге және өзара көмек көрсетуге міндетті.
Аталған заңның 8-бап 1-бөлім «з»пункітіне сәйкес ҚР-ы аумағында ЖІҚ-н жүзеге асыруға құқы бар органдар бір-бірімен келісе отырып,жекелеген шараларды жүргізу үшін осы органдардың күші мен қаражатын тарта алады.Сөйтіп бір-біріне көмектесе отырып,іс-әрекеттерін сәйкестендіреді,бір-бірінің мүддесін ескере отырып,хабар алмасады,бірлескен бұйрықтар шығарып қылмыстың бетін ашу үшін топ құрады,жоспарлар жасайды,іс-әрекетке талдау жүргізеді,өздерінің және қатысушылар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін,құпиялылықтың сақталуын қамтамасыз ететіндей шаралыр қолданады.
2.ҚР-сы өз егемендігін алып,жеке мемелекет ретінде өмір сүре бастаған кезден бастап, қылмыспен күресті күшейту мақсатында,басқа мемелекеттердің құқық қорғау органдарымен байланыс орнатуды жолға қойуға көп көңіл бөлуде.Себебі әр мемелекеттің шеңберінен шығып кететін қылмыстық іс-әрекеттер соңғы кезеңдерде көбейіп өріс алуда.Олармен күресу үшін басқа мемелекеттердің құқық қорғау органдарымен бірігі қажеттігін өмірдің өзі талап етті.Осыған сәйкес « Жедел іздестіру қызметі туралы» заңның 18 бабында былай көрсетілген:
Басқа мемелекеттердің жедел іздестіру қызметін жүзеге асыруға құқық берілген органдары ҚР-ның аумағында өзара іс - қимылды және жедел іздестіру шараларын осы заңда және тиісті шарттармен келісімде белгіленген тәртіп пен шекте жүргізе алатыны айтылған.
Сол сияқты ҚР-ның жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдары,басқа мемелекеттердің аумағында өзара іс-қимылды және жедел іздестіру шараларын осы Заңда,сондай-ақ тиісті шарттар мен келісімдер негізінде,сол мемелекеттердің заңдарымен белгіленген тәртіп пен шекте жүргізілетіні көрсетілген.