ТаҚырып-4. Жедел іздестіру Қызыметін жҮзеге асыруҒа Қатысушы тҰлҒалар

Жоспары:

1.ЖІҚ-ін жүзеге асырушы органдарының қызметкерлері.

2.ЖІК-і органына құпия көмек көрсетуші тұлғалар.

3.ЖІҚ-не жасырын көмектесудегі туындайтын мән-жайлар.

Негізгі ұғымдар: Кадрлық немесе штаттағы жедел іздестіру құрамы, Ашық жедел іздестіру қызыметі.

 

1.Өткен дәріс сабағында ЖІҚ-ін жүзеге асыру органы субьектілері ретінде Ішкі істер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті,Қорғаныс министрілігінің әскери барлау органдары, Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі, Президенттің күзет қызыметі, Әдлет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі және Кеден органдары екенін атап өттік.Олар заңда көрсетілген құқықтар мен міндеттерді өз құзреті шегінде , өз жұмыстарында басшылыққа алады.

Бірақ олар өздеріне жүктелген міндетті өз қызыметкерлері немесе ашық не жасырын түрде көмек көрсетуші адамдар арқылы іске асырады Осы адамдар өздерінің алдарына қойылған тапсырмаларды іске асырарда өздеріне берілген белгілі бір құқықтарды пайдалана алады және алдарына қойылған міндеттерді атқарады. Осы жағынан алып қарағанда аталған адамдарды ЖІҚ-нің тұлғалары деп тануға болады. Бірақ барлығын жалпы жеке тұлға деп емес, құпия көмек көрсетуші белгілі бір ЖІҚ-н жүргізуге қатысушы тұлға ретінде танылады. Сөйтіп ол адамдар ЖІҚ-нің күштері қатарына кіреді.

ЖІҚ-н жүзеге асыруға қатысушы түлғалар,яғни күштерді 3 атегорияға бөлуге болады:кадрлық немесе штаттағы жедел іздестіру қызыметкері, штаттан тыс жедел іздестіру қызыметкері, жасырын көмекшілер:

1.Кадрлық немесе штаттағы жедел іздестіру құрамы. Ол дегеніміз жедел іздестіру қызыметін жүзеге асыруда ұйымдастырушылық, іске асырушылық және қамтамасыз етушілік қызыметті атқаратын әскери қызыметкер.

ЖІҚ-і алға қойған белгілі бір міндетке және оны шешуіне байланысты қадрлықтың өзі ашық және жасырын болып екі түрге бөлінеді.

Ашық жедел іздестіру қызыметі құрамына басқару қызыметін атқарушы ЖІҚ-і жатады.Олар функционалдық қызыметіне сәйкес,өзі қызымет атқаратын органның атынан ашық тұрде іс әрекет атқару құрамына,өзінің функционалдық қызыметін атқаруға байланысты,өзінің ол органның қызыметкері екенін жасыратын,басқа ведомстволар,ұйымдар атынан көрінетін қызыметкерлер танылады.

2.Штаттан тыс жедел іздестіру қызметкері .Олар ҚР-ның азаматтары. Бұл азаматтар өздерінің жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес ЖІҚ-інің алдына қойған тапсырмаларын шешуге мүмкіндігі бар және өз еркімен жұмыс жасауға келісім дерген адамдар. Олар негізінен бұрын құқық қорғау органдарында жұмыс жасаған, жедел іздестіру қызыметін білетін әскери адамдар болуы мүмкін, бұл қатегорияға басқа адамдар да тартылуы мүмкін.

3.Жасырын көмекшілер. Олар өздерінің жеке бас ерекшеліктеріне қарай ЖІҚ-нің алға қойған тапсырмаларын шешуге мүмкіндігі бар, өз еркімен жасырын түрде көмек көрсетуге келісім берген адам.

2.Жедел іздестіру қызыметі туралы-Заңның 8-бабы 1-тармағы «б»бөлігінде,ЖІҚ-ін жүзеге асырушы органдарға құпия көмек көрсетуге келісім берген адамдармен тегін немесе ақылы негізде ынтымақтастық қатынас орнатуға уәкілеттік берілгені айтылған.

Ал 13 баптың 2-бөлігінде жекелеген азаматтар өз қалауы бойынша, жедел іздестіру қызыметін жүргізу органдарымен қызымет жасау құпиялылығын сақтай отырып, өз келісімімен жедел іздестіру шараларын әзірлеуге және жүргізуге,оның ішінде келісім шарт бойынша тартылуы мүмкін екені көрсетілген. Бұл адамдар аталған шаралар жүргізілген кезде өздеріне мәлім болған мағлұматтарды құпия ұстауға және аталған органдарға көрнеу жалған хабарлама бермеуге міндетті.

ЖІҚ-н жүргізуші органдар кәмілетке толған,әрекет қабілеті бар адамдармен олардың азаматтығына, ұлтына, жынысына, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, біліміне, қандай қоғамдық бірлестіктерге жататынына , саяси, діни сеніміне қарамастан ынтымақтасу туралы келісім-шарт жасай алады. Келісім шарттың түрі, оның қолдану шарты мен ведомстволық қалыптық құжаттармен белгіленеді. Жасырын көмектесуші тұлғаларсыз ЖІҚ-н жұзеге асыру мүмкін емес. Оның қажеттілігі және маңызы ертеден белгілі.