ТаҚырып-1. Жедел іздестіру ҚызметініҢ тҮсінігі жӘне міндеттері.
Жоспары:
1.ЖІҚ-нің негізгі түсінігі.
2.ҚР ЖІҚ-нің міндеттері мен функциялары.
Негізгі ұғымдар: жедел іздестіру, шара, арнаулы шара, бағыттар.
1.Жедел іздестіру шарасы-ол бір немесе бірнеше тапсырмаларды шешуге бағытталған жедел іздестіру қызыметі.Ол нақты тұлға немесе жалпы түрде болуы мүмкін.
2.Жалпы сақтандыру шаралары-ол құқық бұзушылықтың алдын алу үшін себеп-салдарды анықтауға бағытталған.
3.Арнаулы шара-ол құқық қорғау органдары тарапынан ЖІҚ-ін жұргізуге бағытталған,қылмыстың алдын-алу, бетін ашу жөніндегі ашық немесе құпия дайындалған шаралар.
4.Жедел іздестіру шаралары-ол арнаулы бір немесе бірнеше тапсырмаларды шешіге бағытталаған шаралар жиынтығы.
5.Жедел іздестіру қызметінің бағыты-ол жедел іздестіру қызыметі бойынша белгілі бір органдардың,олардың бөлімдерінің белгілі бір бағыттағы тапсырмаларды шешуі.
6.ЖІҚ-нің түрлері-ол ЖІҚ-нің бір немесе бірнеше тапсырмаларын шешуге бағытталған,өз тәсіл,әдісі мен құралы,күші бар ЖІҚ-нің түрі.
7.Жедел іздестіру процесі-белгілі бір мақсатқа жету жөніндегі ЖІҚ-нің сатылары
ҚР-дағы Жедел Іздестіру Қызметі-ол ғылыми негізделген, ҚР-сы Конституциясына, (Жедел іздестіру қызыметі туралы) Заңға және басқа нормативтік құқықтық актілерге негізделген,арнаулы уәкілетті органдардың, өз құзіретіне сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, өмірі мен денсаулығын және басқа да заңды мүдделерін, сол сияқты меншікті, қоғамның қауіпсіздігін және мемелекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған және шет мемелекеттердің арнаулы барлау органдарының және халықаралық ұйымдардың барлау-бүлдіру әрекеттеріне қарсы ашық және жасырын түрде жүлгізілетін жедел іздестіру қызыметі туралы іс-шара.
Жедел іздестіру қызыметінің жалпы түсінігі оның теориясымен тікелей байланысты.
Жалпы теория дегеніміз-ол нақты түрде белгілі бір білім, білімдер жүйесі арқылы, бір жүйеге келтірілген, жинақталған және белгілі бір шындықтың сәттерін суреттейтін, түсіндіретін және оның қызымет етуін алдын-ала жалпы жинақ түрінде көрсету болып табылады.
Ал ЖІҚ-нің теориясы, азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін, меншікті, қоғам мен мемелекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құқық қорғау органдары мен арнаулы қызымет органдарының қызыметін анықтау болып табылады. Оның мазмұны :жедел іздестіру қызметі,құқықтық негіздері, субьектілері, обьектілері, ЖІҚ-не қатысушы органдар, тұлғалар, жедел іздестіру шаралары, мақсаты, міндеттері, жедел іздестіру шараларының нәтижелері, оны жүргізу негіздері , жедел іздестіру процесі т.б. арқылы ашылады.
ТАҚЫРЫП-2. ҚР ЖІҚ-нің ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ПРИН-ЦИПТЕРІ.
Жоспары:
1.ЖІҚ-нің қайнар көзі және құқықтық негіздері.
2. ЖІҚ-нің принциптері.
3. ЖІҚ-ін жүзеге асырудағы заңдылық кепілдіктері.
Негізгі ұғымдар: Әлеуметтік-құқықтық қағида, Заңдылық, ЖІҚ-нің ұйымдастырушылық қағидасы, ЖІҚ-нің тактикалық қағидасы,
1.Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемелекеттің ең жоғарғы байлығы болып адам, оның өмірі мен бостандығы танылған.Сондықтан кәзіргі Қазақстан қоғамында жоғарыдағы құндылықтарды қорғау ұшін заң жүзіндегі кепілділік жүйесі құрылып, қоғамды, мемелекетті және жеке тұлғаның қауіпсіздігін, конституциялық мәртебесін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғай алатындай ұйымдастыру шаралары жасалған. Ол шаралардың өзі бірнеше құқықтық нормативтік актілердің талаптарын қатаң сақтауды және олардың негізін қалайтын қағидалар жүйесі арқылы іске асады. Ал жедел іздестіру қызыметі талаптарын орындау кезінде жеке тұлғаның бостандығы мен құқықтарына өз әсерін тигізбей қоймайды. Кейбір жедел іздестіру қызыметінің шаралары мемелекеттік мәжбүрлеу арқылы жоғарыдағы құқықтарды шектейді. Мысалы, жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде белгілі бір тұлға жөнінде жеткілікті түрде қүдіктеніге негіз болғанда, оның жеке басын куәлендіретін куәлігін, өз құзіреті шегінде әкімшілік ұстау, мекен жайын, жұмыс орнын, пошта тапсырыстарын, телефондарын тыңдау т.б. шараларды іске асыруға тура келеді. Оның бәрі заңмен реттеліп және оның талаптары сақталуы керек, сондықтан жедел іздестіру қызыметі шараларын іске асырудың тәртібі, шектері аталып көрсетілуі қажет.
Жедел іздестіру қызыметінің құқықтық негіздері дегеніміз-ҚР-ның Конституциясына негізделген,Жедел іздестіру қызыметі туралы Заң,сондай-ақ ҚР-ның басқа да заңдары мен нормативтік құқықтық актілері,қалыптық құжаттары. Олар ЖІҚ-і тұлғаларының мақсаты,міндетін,қүш пен құралдарын,және оны жүргізу әдістерін өз құзіреті шегінде жүргізуін реттейді.
Жедел іздестіру қызметінің қағидаттары,заңдылық,жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау,қадыр қасиетін құрметтеу,азаматтардың заң алдындағы теңдігі,осыған сәйкес астыртын әрекет ету,жария және жария емес әдістерді ұштастыру,кәсіби әдеп негізінде жүзеге асыру болып табылады.
Оны шартты түрде үш топқа бөліге болады:Әлеуметтік құқықтық, ұйымдастырушылық және тактикалық.
Әлеуметтік-құқықтық қағида- ҚР-ның Конституциясына сәйкес, ЖІҚ-нің әлеуметтік-құқықтың маңызын ашып көрсетеді. Оны былай деп қарауға болады:
1.Заңдылық.ЖІҚ-ін іске асырушы орган қызыметкерлері ҚР-ның Конституциясы, Конституциялық Заңдарында көрсетілген, Халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидалары мен Ережелерін басшылыққа алуы керек.
Сол сияқты ҚР-ның халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерін,ҚР-сы Конституциялық кеңесі мен Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының нормаларын сақтауы тиіс.
Қылмыстық ізге түсу органдарының ЖІҚ шараларын іске асыру кезінде заң талаптарын бұзуға жол берілмейді. Егер заң талаптары бұзылса, онда ол заңмен белгіленген жауаптылыққа, ал заңсыз іс қимылдар, заңсыз деп танылуға олардың күшін жоюға алып келіп соғады.
2.ЖІҚ-нің ұйымдастырушылық қағидасы.ЖІҚ-ті Қазақстан аумағының әкімшілік бөліністеріне қарай аудандық,қалалық,облыстық әскери құрамдардың орналасқан аумағына қарай құрылады
ЖІҚ-ті маңызы жағынан белгілі бір обьектілерге бағытталып, яғни қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлық, барлау және қарсы барлау,шет елдер мен ұйымдарға бағытталып ұйымдастырылады.
3.ЖІҚ-нің тактикалық қағидасы-ол ЖІҚ-нің негізгі бағыттарын қамтиды, олар:
Құпиялылық, жеке бас қауіпсіздігі,ашық және құпия әдістерді қолдану, тәуекел, алға қойған мақсатқа жету, қәсіби әдеп. Бұған қосымша белгілі бір арнаулы күш пен құралдарды дайындау,пайдалану
ТАҚЫРЫП-3. ЖІҚ-нің ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫЛЫҒЫ, ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.
Жоспары:
1.ЖІҚ-ін жүзеге асырушы органдары.